Сталинді сескендірген басылымдар кітапқа айналды

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фотолар)

Биыл – тарихи даталарға толы жыл. Соның ішінде әсіресе қазақ баспасөз тарихының алғашқы қарлығаштары «Қазақ» газетіне 100 жыл болса, 1922-1923 жылдар аралығында Ташкент қаласында небәрі сегіз саны жарық көрген «Шолпан» журналына 95 жыл толады екен. Айтулы оқиғаларға іс жүзінде үн қатып, нақты игі қадамдарға барған Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы ХХ ғасыр басында, 1920-1926 жылдар аралығында жарық көрген «Ақ жол» сынды тегеурінді газет пен «Шолпан» журналының жинағын шығарды. Кеше Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада аталған жинақтардың тұсаукесері болды.

Ханбибі ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ, Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры:
– «Ақ жол» газеті өз бастауын 1920 жылдан алады. 1926 жылға дейін 613 саны жарық көрген бұл басылым тегеу­рінінің мықты болғандығының айғағы – қаһарынан қан тамған Сталин ол газетті ақыры жауып тынған. Алды­мен 1925 жылы Ташкент қаласынан Шым­кент­ке көшіреді де, сосын біртін­деп сиырқұйымшақтандырып, ақыр аяғын жоқ қылады. Осы «Ақ жолдың» соңғы сандарын біз қазір қайдан іздерімізді білмей жүрміз. Мүмкін, кейіннен Тараз­дан «Ақ жол» деген газет шықты ғой, сол осының жалғасы шығар дейді бір ойымыз. Олай дейтін бір себебіміз – ол кезде Шымкент, Қызыл­ор­­да, Жамбыл үшеуі бір өлке болды. Газеттің соңғы сандарын таба алмаға­нымыз қиындау, бірақ соның өзінде біздің қолымызда басылымның 70 пайызы бар. Бізге дейін «Қазақ», «Дала уәлаяты» газеті, «Айқап» секілді қазақтың алғашқы басылым­дарын Үшкүлтай Субханбер­дина апа­мыз мұрағаттардан іздеп, тірнектеп жинап, құрастырып шығарды. Ол кезде мұрағат жазбалары толықтай қолжетім­ді болған жоқ, себебі бұл жабық тақы­рып еді ғой, сондықтан әлгі жинақта материалдар да толық болған жоқ. Ал енді қазір ашық тақырыпқа айналған­дықтан, бізге де сын жоғары болатынын түсініп, өте үлкен жауапкер­шілікпен қарап, бірде-бір санын қал­дыр­май, толық сауатты кітап етіп шығару үшін барымызды салдық. Ма­те­риалдар Өз­бекс­тан мұрағаты, Алматыдағы мұра­ғаттардан, Мәскеу мен Орынбор, Санкт-Петербург барлы­ғынан іздедік.

Әйгілі Алаш арысы Сұлтанбек Қожанов шығарған «Ақ жол» газеті де, Иса Тоқты­баев бас редакторы болған «Шолпан» журналы да араб қарпімен жасалған Ахаңның әліпбиі негізінде жарық көргенін ескерсек, оларды кириллицаға аударудың да оңайға соқпағанын аңғару қиын емес. Осы қыруар еңбекті қиын да болса шын ықыласымен жасаған жас ғалымдар болса керек. Қытайдың жоғары оқу орындарынан білім алған сол ғалымдардың бірін сөзге тарттық.
Ғалымбек ЕЛУБАЙҰЛЫ, Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының ғылыми қызметкері:
– Ең бір қиындық туғызғаны газет нөмірлерінің жан-жақта сақталғандығы болды. Алматыда өте аз болды, Таш­кент­тен алдық, соның ішінде біз Мәс­кеу­де сақталғандарына риза болдық, нөмірлері ретімен әрі түгелдей дерлік. Сондай-ақ табылғандарының өзі ескі­ріп кеткен, қолға ұстасаң үгіліп кететін­дей қара үлбірде болды. Араб жазуы дегеннің өзінде газет Ташкентте шық­қандығынан да тілі оқуға ауыр, өзбек тілінің ықпалы басым, қазіргі тілден алшақтық көп. Ал көтерген мәселелеріне келсек, қазақ даласына енді келген большевиктер билігінің халықты қыр­ғынға ұшыратып, аштыққа ұрындыр­ғанын тура айтпаса да, астарлап жеткі­зеді. Мұны кейіннен газеттің жабылып қалуына тікелей себеп болған мәселе­лердің бірі деуге болады. Ең бір өткір деген мақалалардың авторы деп мен Міржақып атамызды атар едім. Ма­дияр, Мир-Якуб, М-яр секілді бүркен­шік есімдермен мақалалары газет бетінде өте жиі ұшырасады. Сондықтан бұл кітап міржақыптанушылар үшін де өте құнды дүние болары сөзсіз. Сондай-ақ Ілияс Жансүгіров те жазған, әрине, газеттің бас редакторы Сұлтанбек Қожанов та өткір мәселелер көтерген. Мағжанның өлеңдері кездеседі. Бүр­кен­шік атпен жазған көп мақалалардың авторларын анықтау қиын боп тұр.

«Ақ жолдан» түскен қаражаттың бір бөлігі алаштықтарды қаржыландырса, қалғаны аштыққа ұшыраған халықты құтқаруға жұмсалса керек. Ол жайлы газеттің өзінде арнайы мақала да бар. Қазақтың саны сол тұста 6 миллион болға­нын да осы газет айтқан. Демек, демогра­фия мәселесі басылымның басты тақыры­бы болды деуге үлкен негіз бар.
Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, тарихшы:
– Мен құпия құжаттарды қарау үшін ҰҚК мұрағатында 20 шақты жыл отыр­ғанда 100 демесем де, 90 пайыздай құпия құжатпен таныстым. Сонда байқағаным мынау: біздің қазақ дала­сы сондай кең болса да, қазақ зиялы­лары көсіліп шаба алмаған, яғни кең жатқан қазақ даласы зиялыларымызға тар болды. Мұны неге айтып отырмын? Қазан төңкерісіне дейін шыққан «Қазақ», «Айқап» басылымдарын оқып отырып, сол тұстағы зиялыларымыздың қарқынының жоғары болғанын байқа­дық, құлашы қазақ даласына лайық кең болғанын көреміз. Өкінішке қарай, төңкерістен кейін Ресей империясының құрамына кірдік те, адам төзгісіз қор­лықтарға ұшырадық. Әр халықтың жерінің кеңдігі оның бағы да, сол сияқ­ты соры да болуы мүмкін. Өкінішке қарай, біздің ол сорымызға бастады. Кеңес өкіметі бізді сол үшін қырды, «қырды» деу де жеңіл секілді тіпті.

Тағы бір айтарлық мәселе бар. Бүкіл Еуропада ағартушылық мәселесі ғасыр­ларға созылды. Және сонымен қатар олардың ағартушыларының ешбірі жазаға ұшыраған жоқ, халық та, билік те алақанда ұстады. Олар өз ажалымен қай­тыс болды. Ресейдің өзі де сөйтті. Ал қазақ халқындағы ағарту­шылар тағдыры – трагедия. Ойлаңыз­даршы, ағартушылық біртұтас бір ұлттың тари­хын­да небәрі 10-15 жылға ғана созыл­ды. Соңы тіпті сұмдық: ағартушы­лық идеясы да, оны таратушылар да түгел­дей аяусыз репрессияға ұшыра­ды.

Түйін
Айта кетерлігі, «Ақ жолдың» 600-ден аса нөмірі бүгінде жинақ етіп құрастыруға дайын болғаны­мен, оған арнайы мемлекет тарапынан қаржы бөлінбеген. Сондықтан әзірге мүмкіндік екі томдық пен «Шолпанның» толық жинағын құрастыруға жеткен. Енді әлгі кітаптардың сатылымынан түскен қаражат еңбектің қалған томдарын шығаруға жұмсалмақ. Ендеше, қазағым деген жан болса, бұл іске өз үлесін қосса игі еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста