Шоу-бизнестегі ата-аналар мен балалар.... (фото)
Шоу-бизнесте кейбір жұлдыздар балаларын үлкен сахнаға шығаруға тырысады, ал енді бірі керісінше халыққа көп көрсете бермейді. Екі жағдайда да олардың балалары халықтың пікірі мен салыстыруларына түсетіні анық. Осы орайда назарларыңызға ата-анасы сияқты өнер жолын таңдаған балалардың тізімін ұсынамыз.
Алғашында Нағима Есқалиева баласының өнер жолын таңдауына қарсылық білдірген. Әншінің ойынша, ер адам күрделі мамандықты таңдап, кейін қомақты қаржы табуы керек. Дегенмен, біраз уақыттан соң баласының бұл таңдауымен келісті.
Композитор Ұлықпан Жолдасов балаларын үнемі өзімен бірге гастрольдік сапарларға алып жүрген. Сондықтан қазір Болат пен Фариданың сахнада өнер көрсетуі таңғаларлық жағдай емес.
Қарлығаш Мұхамеджанова да шығармашылық жолын таңдады. Танымал опера әншісі Нұржамал Үсенбаева мен композитор Төлеген Мұхамеджановтың қызы бүгінде Қазақстанның ең таңдаулы актрисаларының бірі.
Тасқын Оқапов пен Роза Рымбаеваның тұңғышы Али Оқапов өнер жолын бірден таңдамаған. Дегенмен бүгінде еліміздің танымал әншілерінің біріне айналып үлгерді.
Бүркіт шоу-бизнеске алғаш 2000 жылы қадам басты. Оның өнерге үлкен сахнаға келуіне анасы Айша Көпжасарованың тигізген септігі мол. Бүркіттің оннан аса әнінің авторы анасы.
Венера Нигматулина мен Талғат Нигматулин сынды актерлар отбасында дүниеге келген Линда бала күнінен кино саласына жақын болды. Ол төрт жасында анасымен бірге «Зять из провинции» фильміне түсті.
Қазақстанның Халық әртісі Мұрат Ахмадиевтың қызы Ділназ Ахмадиева өнер жолын бала күнінен бастады. Ол алғаш рет төрт жасында «Волшебное яблоко» фильміне түсті. 1993 жылы үлкен сахнада өнер көрсетті. Бүгінде проюсерлік қырынан да танылып жүр.
Мұрат ең бірінші рет үш жасында цирк сахнасына шыққан. Кейіннен оған қарындасы Карима қосылды.
Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз анасын қашанда үлгі тұтқан. Еш ойланбастан анасының жолын таңдауының да себебі осы.
Ермек Серкебаевтың балалары да әкесі секілді өздерін тек шығармашылыққа арнаған. Алмас Серкебаев-композитор, Байғали Серкебаев — «А-Студио» тобының жетекшісі, Ирина Серкебаева — журналист, жазушы, Жамиля Серкебаева — скрипкашы.