Шешендік сөздер

Шешендік сөздер

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.

МАЙҚЫ БИ (12—13 ғғ.) – атақты би, суырып салма ақын. Энциклопедиялық өдебиеттерде оны "Майқы би", "Байқы", "Байқу" деп те атайды.
Әкесі — Ман. Майқы жастайынан ақсақ болды. Сондықтан да болар Майқы атанғаны және оның 18-атасының да есімі Майқы болған. Шыңғыс ханның замандасы әрі кеңесшісі. Ел оны ең беделді адам, әулие деп те атаған, себебі, ол ел тағдыры мен оқиғаларды болжай білген. Шыңғысханның ұлы Батысқа жорыққа аттанған кезде әскерінің оң қанатын сеніп тапсыратын болған. Абай Майқы биді 12 бидің санатына қосқан, сонымен бірге ол 1206 жылы Шыңғыс хан моңғолдардың ханы болып сайланған кезде құттықтауға барған 12 ханның бірі көрінеді.
Аңыздар бойынша, ноғайлықтар көшіп, Орманбет би қайтыс болған соң, Майқы би қазақтарды үш жүзге бөлген екен. "Жүз" деген сөз араб тілінен аударғанда "бөлім" деген мағынаны білдіреді. Үйсіндерді "Ұлы жүз", Қабанүлы Болатқажы бастаған бөлікті "Орта жүз", Алшын бастаған бөлікті "Кіші жүз" деп атады. Ноғай хандарының бірі — Ахметті (Алаша хан) үш жүздің ханы етіп сайлады. Бұл бірлестікке барлық 40 рудың өкілдері енген және әр бөлімге айырма белгісі берілді. Сірө, "Кіші жүзді найза беріп жауға қой, Орта жүзді калам беріп дауға қой, Ұлы жүзді таяқ беріп малға қой" деген мәтел сол кезде шықса керек. Сондай-ақ, барлық 40 рудың өкілдеріне де өзіндік айырма белгілері берілген. Үйсіндерге — "жалау", арғындарға — "көз"... Олар (таңбалар) тасқа қашалып салынды. Бұл тастар тарихта "Майқы таңбасы" (Майқы белгілері) немесе "Нұра таңбасы" (Нүра белгілері) деген атпен қалды. Мүның соңғысы жердің атауына байланысты қойылған. Оның көп баласы болған. Ұзын және Қортық атты ұлдарына көңілі толмайтын. Сонда таңданған Майқы би: "Жаманнан жақсы туады дегенге сену қиын, бірақ жақсыдан да колынан іс келмейтін жамандар туатын жағдайлар кездеседі", — деген екен. Халық арасында Майқының бірқатар нақыл сөздері мен ой-толғамдары қалды.[1] "Майқы би айтыпты" дейтін мақал, нақылға айналып кеткен сондай аталы сөздің кейбіреулері мыналар:
“ Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Ханның биі ақылды болса,
Қара жерден кеме жүргізеді.
Би екеу болса, дау төртеу болады.
Дауыл болмай жауын болмас,
Даулы болған қауым болмас.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас.
Естіге айтқан тура сөз,
Шыңға тіккен тумен тең.
Есерге айтқан тура сөз,
Құмға сіңген сумен тең.
Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді.
Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.
"Кімнен кім туады?"

деген сұраққа Майқы би былай деп жауап берген екен:
“ Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұнқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан мал бақпас туады,
Тілазардан қылжақбас туады,
Таздан жарғақбас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады. ”
Майқы би жүздер арасында болып жататын қызу айтыс-тартыстар мен дау-дамайларға да қатысып жүрген. Ол әрқашан халықтың шешендік сөздері мен мақал-мәтелдеріне сүйене сөйлеген. Ол халық бірлігін бәрінен де жоғары қойған. "Бірліксіз — тірлік жоқ" деген аталы сөз де Майқы бидің аузынан шыққан. Майқы бидің пікірінше, мемлекеттік бірлестіктер халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы бойынша басқарылуы тиіс. Ұмыт болған дәстүрлердің де өзіндік мән-мағынасы бар. Оны қазақтар ғана емес, татарлар, башқұрттар, қарақалпақтар, өзбектер де өз биіміз деп есептеген. "Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би" деген нақыл бар. Майқы би ұзақ ғұмыр сүріп, 120 жасында қайтыс болған

Cырым ДАТҰЛЫ. Сырымдай батырды дүниеге келтірген қасиетті
Ақтайлақ Байғараұлы (Ақтайлақ би) 1720-1816 жылдары аралығында ғұмыр сүрген
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫ М.Әуезов «ақындардың ақыны айдын көлдей ақылы»
Жанкелдіқызы Ұлбике (1825–1849 жж.) – қазақтың әйгілі ақын қызы
“Үкілі Ыбырай” атануының себебі 
Сүгірдің бүкіл елге әйгіленген жиын 1921 жылы
Сүгір Жырау 1894 жылы Маңғыстауда Өгіз-Өреуіл деген жерде дүниеге келген.
АҚЫН САРА. Сарамен айтысқан атақты Біржанның ағайындары
Ұлбике есімі елімізге таңсық болуы да ғажап емес 
Қазақта Құлыншақ деген ақын өткен 
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) - қазақтың халық ақыны
ДОСБОЛ БИ. Досбол Қорлыбайұлы бір деректе 
Еңсегей бойлы Ер Есім!
Алдар би 
Құнанбай қажы Өскенбайұлы
Жиренше шешен (туылған-өлген жылы белгісіз)
Махамбет Өтемісүлы 1804 жылы осы күнгі Орал облысының Орда ауданында
Қожаберген жырау шығармашылығындағы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»
Сыпыра жырау – қазақ пен ноғай
Базар жырау (1841-1911). 
Сартай Көшкіншіұлы жырау.
Қожаберген батыр - жырау орта жүздiң Керей руынан тарайды.
Ескелді би (шамамен 1692 —1770 жж.) Әмбе жалайыр әулие атанған
Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағамбет)
Сүйінбайдың қырғыздың атақты айтыскер-ақыны
Балпық би (1694 —1784 жж.)
Келдібекұлы Қазыбек би - қазақтың Тәуке
Шал ақын, Тілеуке Құлекеұлы
Бұқар жырау - суырыпсалма ақын, жырау
Жәлменде Байшығашұлы (1846-1901) - би, шешен.
Шешендік сөздер жинағының сілтемесіне басыңы
Азарсың, жұртым, азарсың
БАҚЫТ ҚАЙДАН КЕЛЕСІҢ
Сыпыра жырау
Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста