«Серпер» сыйлығына лайықтылар сараланбақ

«Серпер» сыйлығына лайықтылар сараланбақ

Қазақстан Жастар одағы екі жылда бір берілетін «Серпер» жастар сыйлығына үміткерлерден өтініштер қабылдай бастады. 45 жылдан астам тарихы бар бұл сыйлық, негізінен, әдебиет, журна­листи­ка, өнер, ғылым саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосып жүрген жастарды қамтиды.
Кезінде «Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы» делінген бұл сыйлық еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін «Серпер» деген жаңаша атауға ие болып, талап-ережелері мен маңыздылығы да айрықша сипат алды.
«Серпер» жастар сыйлығы өзінің шығармашылығы туралы мәлімдеген және елі үшін қызмет етіп жүрген талантты жастарды қолдауға бағытталған сыйлық болып табылады. Сыйлық алғаш рет 1967 жылы Қазақстан Жастар одағының сол кез­дегі бірінші хатшысы Өзбекәлі ЖәнібековтІң бастамасымен тағайындалған болатын. Содан бергі уақыт ішінде Қазақстан Жастар одағы осы жақсы дәстүрді бұзбай, оны одан әрі дамытып, жалғастырып келеді. Бұл сыйлықты әр кездері Шәмші Қалдаяқов, Олжас Сүлейменов, Ескендір Хасанғалиев, Әсет Бейсеуов, Мұхтар Шаханов, Оралхан Бөкей, Роза Рымбаева, Жания Әубәкірова, Әлібек Дінішев және ел мақтанышына айналған таланттар иелен­ген болатын.
Жастар одағы басшылығының айтуын­ша, аталған сыйлықтың биылғы табыстау рәсімі Комсомолдың 95 жылды­ғына ұштастыра отырып ұйымдастырылмақ. Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығына үміткерлердің құжаттары мен шығармашылық еңбектері 2013 жылдың 10 қазанына дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:
инд: 050008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74, 316 офис, Қазақстан Жастар одағы.
Қосымша мәліметтер: 8(727)375 77 55. Факс: 8(727)375 88 18.
E-mail:kzho2050@gmail.ru

Үміткерлер байқауына төмендегідей құжаттар тапсырылуы тиіс:
• Жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі;
• Жекелеген авторды, шығармашылық ұжымды немесе мекемені ұсынып отырған тараптың шешімі;
• Үміткер туралы толық мәлімет жазылып, болған жағдайда оның әдеби-шығармашылық бүркеншік аты, білімі мен мамандығы жайлы мәлімет, алған марапат пен атақтары, ғылыми дәрежелері, кейінгі жұмыс орны нақты көрсетілген шығармашылық мінездеме;
• Фотосурет (9х12);
• Үміткер жайлы пікірлер;
• Үміткердің шығармашылық жұмыс­тарын көрсететін қосымша материалдар (кітап, сурет, мүсін, фотосурет, бейне-ау­дио­материалдар, мақалалар т.б).
Шығармашылық жұмыстардың түп­нұсқалары авторға байқау комиссиясының отырысынан кейін қайтарылады. Сыннан сүрінбей өтіп, лайықты деп танылған үміт­керлерге салтанатты жағдайда Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атағы беріліп, арнайы төсбелгі мен диплом және ақшалай сыйлық тапсырылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста