"Сендерде ұят деген бар ма?": Димаштың әкесі журналистерге ашуланды
Атын әлем білетін, таланттын талайлар мойындаған Димаш Құдайберген туралы соңғы кезде түрлі ақпараттар тарап жүр, - деп жазды ERNUR.KZ.
Олардың басым бөлігі бұрмаланған ақпараттар екенін айтқан әншінің әкесі журналистерге өкпесін айтты. Ол өзінің желідегі парақшасына "Қос үйді қоса қондырмайтын" "журналистер", әңгіменің өңін айналдырып "Самарқанды су алдыруды" қашан қоясыңдар??? Ұят деген бар ма сендерде?" деп жазды.
Бұл жазбаны көрген оқырмандар оны кеңінен талқылап, түрлі ойларын айтқан. Әрине, басым бөлігі әншінің сөзін қолдап, "Димаштайды халық қолдап отыр, бүкіл әлем қолдап отыр, шығармашылығы шыңдала берсін" деген ақ ниеттерін жаудырған. Кейбірі қазіргі журналистика туралы да айтып, "Оларға ұят емес, рейтинг ардан да биік болып тұр ғой" деген пікір айтады. Ал бір БАҚ маманы өздерінің сұқбат бермей кеткендігін, жауап ала алмағандықтан желідегі ақпараттарды жазғанын айтқан.