Сексуалды фотосессиясын желіде жариялаған Әсел Асқар сынға қалды (видео)
Әнші Бүркіттің атышулы қарындасы кезекті рет көпшіліктің қатаң сынына ұшырады. Бұл жолы Әсел Асқар күйеуімен сексуалды фотосессия жасаймын деп ел ашуын тудырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ашық образдағы фототүсірілім кезіндегі видеомен актрисаның өзі Instagram парақшасында бөліскен.
Бейнежазбада Әсел Асқардың күйеуінің қасында іш киіммен тұрып, суретке түсіп жатқанын көруге болады.
Оған қоса, фотосессия барысында Бүркіттің қарындасы аяғын жалтыратып тұратын қысқа киімдерді де киген. Мұндай ашық образын ел назарына ұсынған келіншек желіде сынға ұшырады.
Оқырмандар ерлі-зайыптылардың қылығын ерсі санап, оларға өзінің кері пікірлерін жаудырған.
"Күйеуі оған осылай суретке түсуге қалай рұқсат береді?" , "Парақшасы порносайтқа ұқсап бара жатыр" , "Ақыры болды толығымен шішініп тастауларың керек еді", "Күйеінде намыс жоқ" , "Мен образ екенін түсінемін. Алайда, сізді балаңыз, ата-анаңыз, ағаларыңыз қарап отыр ғой", "Құдай сақтасын", "Бұрын парақшаңыз жақсы еді. Енді жиіркенішті" , - деп жазуда көпшілік.