"Сегіз жылдай бөпе көрмедік": Қыдырәлі Болманов Қарақат екеуінің басына түскен сынақ жайлы айтты

"Сегіз жылдай бөпе көрмедік": Қыдырәлі Болманов Қарақат екеуінің басына түскен сынақ жайлы айтты

Бүгінде алты бала тәрбиелеп отырған Қыдырәлі мен Қарақат перзенттеріне оңайшылықпен жетпегендерін айтады. Тұңғыштары Бекболат өмірге келгеннен кейін, жұлдызды жұп сегіз жыл бойы сәби сүйе алмаған. Сол аралықта Әбілдина бірнеше рет түсік тастаған көрінеді. Болмановтың айтуынша, Қарақатты көрсетпеген емханасы жоқ. Осы ретте Қыдырәлі мырза жұбайы екінші ұлына жүкті кезде қандай амалдар жасағанын әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тұңғыш ұлымыздан кейін сегіз жылдай бөпе көрмедік. Ұлы сөзде ұяттық жоқ, түсіп қалғандары да болды. Сегізінші жыл болғанда Қарақатымның Иманалиға аяғы ауырлады. Бірақ тағы да “угроза”, тамақ түгілі, су ішсе де құсатын, қиын токсикоз болды. Көрсетпеген дәрігерім қалмады. Соңғысы профессор, сол кісінің клиникасына жатқыздым. Күні бойы система салады. Ем жасап жатыр ма, түк тамақ іше алмаған соң қоректендіре ме, білмеймін. Бір ай болды, еш өзгеріс жоқ! Қарақатымды бір, іштегі баланы екі ойлап, әбден мазам қашты. Не істерімді білмей, тағы да бала түсіп қала ма деп уайымдап, әбден қиналдым", –  деп көпшілікке жан сырын ақтарды Болманов. 


Сәбит Әбдіхалықовқа үшінші әйелі тағы бір ұл туып берді
"Таза жүрдім, көп сөйлемедім": Тамара Асар сәби сүю үшін не істегенін айтты

Продюсер қандай сынға түссе де жол табатынын, алайда осы жолы тығырыққа тірелгенін айтты.

"Тек Аллаға жалбарынып, көмек сұраймын. Сөйтіп жүргенде бір кісі телефон шалып: "Мен имам едім айналайын, 6-сәуір (с.а.с.) пайғамбарымыздың туған күні құрметіне мәуліт өткізбекші едік, Республика сарайында 6 сәуірге сіздің концертіңіз тұр екен (Қарақаттың туған күніне, концертімізге бір жарым ай уақыт бар еді), соны басқа күнге ауыстыра аласыз ба?" – деді. "Әрине", –  дедім жұлып алғандай. Алланың Елшісі, асыл Пайғамбарымыз (с.а.с.) туралы айтылғанда кім "жоқ" дейді? Имам батасын жаудырып жатыр. 

Енді қараңыз, тура ертеңіне Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшісі Қайрат Лама-Шариф (ол кезде ол кісіні танымаймын) аға хабарласты. "Сауд Арабиясының тарихында ешқашан концерт болмаған. Ол жақта кино, театр атымен жоқ. Бірақ биыл бірінші рет сол елдің ханшайымы әр мемлекеттен бір өнер адамын шақырып, қайырымдылық концертін өткізбекші, сол концертке қазақ елінен таңдау сіздерге түсті, келе аласыздар ма?" – деп өтінді. Сол кезде бір үміт оты жылт ете қалғандай болды. Мен бірден: "Біз қасиетті Меккеге бара аламыз ба?" – деппін. Алла салып тұр ғой аузыма. Әрине деді Қайрат ағамыз. "Дубайға түнде келіп, таңда Ряд қаласына келесіздер, бәрін ұйымдастып қоямын, сосын Джидда қаласына ұшасыздар, әрі қарай 70 км жерде қасиетті Меккеде боласыздар" десін. “Келістік", – деп бөлісті Қыдырәлі. 

Айта кетейік, Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның төрт ұл, екі қызы бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста