Сахна төрінде масқара болған жұлдыздар (фото, видео)

Сахна төрінде масқара болған жұлдыздар (фото, видео)

Өнер әлемінде жүрген әншілер қауымының жолы тақтайдай түзу деп айтуға келмейді. Жұртшылықтың қолы жетпей жатқан жұлдыздың өзі оңбай қателесіп, елдің алдында ұятқа қалып жатады. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ десек те, халық алдында бетінің оты шыққан өнер иелері баршылық. Жанар Доғалова Кешью тобының құрамында өнер көрсетіп жүрген кезінде сахнадағы қозғалмалы камера қағып кетіп, сәл болмағанда әнші қызды сахнадан құлатып та жібере жаздаған еді. Алайда Жанар саспастан әрі қарай әнін айта берді, тіпті камераға қарап жұдырығын да түйіп қойды. 


“Бірде студенттер сарайындағы концертте Ағайша апамыздың “Көкпар” деген әнін орындадым. Жанды дауыста айтуым керек болған. Музыка ойнап, сахнаға шыққан кезде сөздің басынан бастап бүкіл мәтінін ұмытып қалдым. Сосын әрі қарай өтірік сөздермен құрастырып шығуға тура келді”, – дейді танымал әнші Нұрлан Албан.

Көрермендерін оңбай алдап соққан топтардың бірі “Mysterions”. Бір қалаға концертке аттануы тиіс болғанда, топ мүшесі Арман Қоңырбаев ұшаққа үлгермей қалып, қалған екеуі кете барады. Одан соң ол қалаға барып, топтың екі әншісі Арманға ұқсайтын жігіт іздеп, оны тауып та алады. Алайда, Дильен ол концерттің қай қалада өткенін айтпады. Сірә, көрермендерден ұялған болуы керек. Әйтсе де, мұның өрескел өтірік екені даусыз.

Ақын әрі асаба ретінде елге танылған Құрманай Бақтиярқызы тойда ән айтып тұрғанда, биге еліткен жас жігіт оны көтеріп алады. Алайда, жіңішке жігіт толықшалау келген Құрманайды көтере алмай, еденге құлап түседі. Дегенмен, Құрманай оған еш қысылмадым, құладым деп жылауға болмайды, дейді.

Ел алдында үлкен сахнада ән айтып тұрып, құлаған әншінің бірегейі Серікбол Сайлаубек. Ән бастала салысымен, бір орында тұра алмай билей жөнелетін Серікбол, кілемнің үстіне шығып кетіп шалқасынан құлап түседі. Өзінің жайсыз жағдайға ұрынғанын көрермендерін көрмей қалып, шаң бұрқ еткен сәтте бір-ақ сезінген.

Аңдамай қалып, абыройдан арыла жаздағандардың бірі “Азия” тобы екен. Концертте өздерінің әнін орындап болып, сахнаға дуэт орындау үшін Жеңіс Сейдоллаұлын шақырады. Алайда, ән біте салысымен Нұрсұлтан басын иіп, сахнадан шығып кете барады. Осы кезде сахнаға шығып келе жатқан Жеңіс Сейдоллаұлы топтың ең жасы кіші әншісін қолтықтап орта жолдан қайта алып келіпті.

Ал белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева өнер көрсеткен үлкен концерттердің бірінде оның фонограммасы өшіп қалған. Біреулер мұны қасақана жасалған деп бағаласа, енді біреулер техникалық қателік деп болжам жасайды. Бірақ, әнші бүгінде сол оқиғаға қатысты мүлде пікір білдіргісі келмейді екен.

“Жігіттер” квартеті де сахнада сәтсіздікті басынан кешірген. Әйтсе де, тым өрескел қателікке бой алдырған кезі болмапты. Бірде жарық өшіп қалып, төрт жігіт бір сағат бойы тірі дауыста домбыра, гитарамен ән айтып шыққан. Ал бірде олар “Жеңешем” әнін хабарлайды. Көңілді әнге халықты билеп, қол соғып отыруға да шақырып қойған. Алайда, техникалық қателік салдарынан салмақты әрі мұңды діни ән қойылып кеткен. Амал жоқ, тырп етпей төртеуі шырқап шығады.

 STAN.KZ

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста