Сарайшықтан Астанаға экспедиция шықты

Атыраудағы «Ақжелкен» шығармашылық орталығы тағы бір игі іске мұрындық болып отыр. Шығармашылық орталық жанынан тарих қойнауындағы ұлттық мұраларымызды қайта жаңғыртып, дамытуды мақсат еткен «Сарайшықтан-Астанаға» атты этно-мәдени экспедиция жұмысын бастады.
Экспедиция Исатай – Құрманғазы, Ма­хамбет – Индер, Жылыой – Мақат – Қызыл­қоға және Атырау қаласы мен іргелес жат­қан ауылдар бойынша төрт бағытта жүреді. Табылған құндылықтар облыс орталығына әкелініп, арнайы комиссиялық сарап­тамадан өткен туындылардан көрме жасақ­талып, этно-мәдени мұралар «Жорғабіз» атты этно-мәдени жинаққа топтас­ты­ры­латын болады. «Ақжелкен» шығар­машылық үйінің директоры Нұрберген Дәулетов кітаптың тұсаукесерін Астана қаласында өткізуді жоспарлап отыр­ғандарын айтады. Қазірдің өзінде облыс­тық, қалалық және аудандық әкімдіктерге хат жолданып, жергілікті өнер иелері туралы мағлұматтар жинақталу үстінде.
Нұрберген ДӘУЛЕТОВ, «Ақ желкен» шығармашылық орталығының директоры:
– «Жерұйық» мәдениет орталығы» үкі­меттік емес ұйымы халықтық өнерді жаңа заман талабына сай деңгейге жеткізу үшін шеберлер мен туындыгерлерді бір орта­лыққа біріктіріп, өскелең ұрпаққа өнерлерін үлгі етерлік жағдай туындатуды мақсат етіп отыр. Сондай-ақ қазаққа сай туындыларды (киіз, текемет, алаша, ши, қамшы, ер-тоқым, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар, ұста­ханалық жәдігерлер, керамикалық бұйым­дар, тоқыма жұмыстары, ұлттық киім үлгі­лері мен үй жиһаздары мен жа­­­­бын-төсеніштер), тек қана өнер жәдігері емес, болмыс-бітіміне реңк беріп, қажеттілігін де өтейтін ажырамас өмір салтына айналдыруды мақсат етіп отырмыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста