Сарайдағылар Сарайшық тағдырын қашан шешеді?

Сарайдағылар Сарайшық тағдырын қашан шешеді?

 

Атырау облысы аумағында 300-ге жуық сәулет ескерткіші бар. Олардың негізгі бөлігін ХІХ ғасырдың бас кезінен бастап салынған ғимараттар, тұрғын үйлер және ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы сәулеттік-көркемдік деңгейі жоғары қорымдар, мазарлар, жерасты мешіттері, сағана там, қошқартас, құлпытас сияқты ғұрыптық ескерткіш түрлері құрайды. Қазіргі таңда алдын ала есепке алу тізімінде тұрған 69 ескерткіштің құжаты түгел емес. Бірқатарының нақты мекенжайы белгісіз.

Осы деректерді бізге ұсынған Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының бастығы Ғалымжан Ысқақовтың айтуынша, тарихи мұраларымыздың ішінде жай-күйі нашар ескерткіштер де бар. Мемлекеттік тізімге енген ескерткіштердің құрамында тек Қазақстанның батыс өңіріне тән, ХІХ ғасырдағы сәулет өнерінің нышаны болып табылатын көне қорымдар баршылық. Ғасырдан астам уақытта салынған бұл қорымдардағы мазарлар, сағана тамдар, мешіттер мен құлпытастар реставрация жұмыстарын қажет етеді. Сонымен қатар ескерткіштердің көп бөлігі облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан, оларға тексеріс жүргізу қиынға түсуде.

Сарайшық тек Самашевтікі емес шығар
Арғы тарихы Алтын орда дәуірінен басталатын Қазақ хандығы кезінде Қасым хан астана қылған Сарайшық шаһары бүгінде жер бетінен мүлдем жоғалуға шақ тұр. Археолог Ф.Гебель 1834 жылы, ал Н.Арзютовтың жетекшілігімен 1937 жылы Сарайшыққа жүргізілген қазба жұмыстарынан соң, Атырау (Гурьев) облысы территориясындағы алғашқы археологиялық жұмыстар Әлкей Марғұланның басшылығымен 50-жылдары бастау алды. Қазақтың сахара даласындағы көне дүниелерді зерттеп, тарих сырын ашуда зор еңбек еткен ұлтымыздың мақтанышы Ә.Марғұлан сол жылдың өзінде Жайықтың өр суы мәдени қабаттарын үздіксіз шайып жатқан Сарайшықты жедел әрі кешенді түрде зерттеу керектігі туралы өзекті мәселе көтерді. Сол жылы Ә.Марғұланның жетекшілігімен археологиялық экспедиция ұйымдастырылғанын да білеміз. Өкінішке қарай, бар болғаны бір маусымдық зерттеу жұмыстарының нәтижелері күні бүгінге дейін толық жария болған жоқ. Содан бері Сарайшықты зерттеу мен оны сақтап қалу проблемасы сиырқұйымшақтанған күйінде жатыр...

Тек 1999 жылы ғана Сарайшықтың тарихи мәні мен оның қазақ мемлекетінің алғашқы қалыптасу кезеңіндегі маңызы және ата-бабалар мұраларының бүгінгі ұрпақпен байланысының маңыздылығы ескеріліп, Сарайшықта мешіт, мұражай мен хандар кесенесі бой көтерді. Алайда Жайықтың арнасынан ауытқуына байланысты жылдан-жылға Сарайшық қаласының орны суға шайылып жатқаны осы шараның көлеңкесінде қалып қалды. Әлі де солай. Жылма-жыл өзекті етіп көтерген тақырыпқа «деп еді-ау» деген жанды көрмедік. Әрі-беріден соң, облыс бюджеті көтермейтін бұл жұмысқа жоғарыдағылар назар аудара ма деген дәмемен өткен жылы Атырау өңіріне іссапармен келген депутат өзге ұлт өкілі Людмила Хочиева арқылы құзырлы орындарға депутаттық сауал да жолданды. Өзгерген жайтты көз көрмей отыр.

Әзірге бізге анығы, Сарайшықты кешенді зерттеуді қолға алып отырған Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі, «Археология» ЖШС-нің директоры З.Самашевтың 2008 жылдың қарашасында Атырау облысының әкімі Б.Рысқалиевқа жазған хатына байланысты биыл сең қозғала бастаған сияқты. Өйткені Облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары С.Мұхамбетовтің айтуынша, археолог З.Самашевтің хатында көрсетілген екі ұсыныс бүгінде облыс әкімдігінде қаралған. Сонымен, З.Самашев Сарайшық қаласын сақтап қалудың екі жолын атап отыр. Бірі Жайықты бұрынғы арнасына бұру болса, екіншісі – өзеннің жағалауын бекіту. Осы көкейтесті мәселеге Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті өз пікірін білдіріп, қалашықты сақтаудың осы екі нұсқасын ұсынып, өз кезегінде «Гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту» бюджеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізуге дайын екенінен хабардар еткен.

Сарайшыққа қатысты мәселе қозғалса, қызу тартыс алаңында жүретін жанның бірі Сарайшық тарихи-мемориалдық кешенінің директоры Молдаш Бердімұратовтың айтуынша, өзенді бұрынғы қалпына қайта бұрса, Сарайшық елді мекенінің тұрғындары сусыз қалады. Ал қаланың су шайып жатқан бес шақырым аумағын бекіту үшін, кем дегенде, 13 миллиард теңге қаражат керек. Мұндай қаражатты облыс бюджеті көтермейді. Сондықтан республикалық дәрежеде қорғалудағы Сарайшық қаласын сақтап қалуға жоғары жақтағы лауазымды адамдар нақты шешім шығарса, бұл мәселенің түйіні тарқатылар еді...

 Қасым хан «қоршауда» тұр
Әйгілі Қасым хан 70 жасында Сарайшықта қайтыс болып, осында жерленді. Айтарлығы, бүгінде Қасым ханның сүйегі жатқан жер туралы алып-қашпа әңгіме көп. Сарайшық тарихи-мемориалдық кешенінің директоры Молдаш Бердімұратов 1999 жылы тарихи кешен ашылар сәтте Сарайшық тұрғыны Қаржауов деген азаматтың өзіне бір мәліметті баян еткенін айтып отыр. Ол әкесінің өлер алдында баласы Нығметке бір бейіт орнын көрсетіп, «мені о дүниелік болғанда осы жерге жерлеңдер. Менің оң жағымда жатқан мына бейітте Қасым хан жерленген. Күндердің күнінде ел азаматын іздейді. Сонда Қасым ханның бейіті осында деп көрсетесіңдер», – деп айтыпты-мыс. Бұл туралы Молдаш аға археолог З.Самашев пен сол кездегі Атырау облысының әкімі И.Тасмағамбетовті хабардар етеді. Сол бейіт қазіргі күні қоршаулы тұр. Бірақ қазылып, зерттелген жоқ.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста