Сапарбай Парманқұлов Кентау қаласының Құрметті азаматы атанды

Сапарбай Парманқұлов  Кентау қаласының  Құрметті азаматы атанды

Белгілі көсемсөз шебері, қарымды қаламгер, республикалық «Нұр-Медиа баспа үйі» ЖШС директоры, «Дала мен қала» газетінің бас редакторы Сапарбай Парманқұлов Кентау қаласының құрметті азаматы атанды. Қаламгерге бұл құрмет белгісін Алматыдағы арнайы кеште «Президент және Халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев пен белгілі кәсіпкер, Алматы Сауда палатасының президенті Ізбасар Бозаев салтанатты түрде табыс етті.
Сапарбай Нұрпейісұлы осынау мәрте­белі марапатқа кіндік қаны тамған қаланың рухани өміріне қосқан зор үлесі үшін, сонымен бірге республикалық кеңістіктегі мәдени-қоғамдық құбылыс­тарға қажырлы араласып, мінсіз еңбек етіп, шығармашылық сүбелі табыстарға жеткені үшін ие болды. Бұл ретте Кентау қаласының әкімі Нұржігіт Қалмұрзаев: «Бұл мәртебе қаламы қа­рымды публицист жазушының әлеуметтік өмірге, халықтың мәдениеті мен рухани байлығына қосқан ерекше еңбегі үшін мәслихаттың шешімімен беріліп отыр», – дейді.
Бала кезінен-ақ «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттерінде қаламын шыңдаған Сапағаң бүгіндері отандық жас журналистердің бір буынын тәрбиелеп, ұлттық көсемсөзде өзіндік мектеп қалып­тастырып отырған кәсіби сөз зергері екені анық.
Бірдің емес, мыңның ықылас-нұрына бөлену – қашанда халқы үшін еңбек еткен адамға ғана тән атақ-абырой. Асылы, ел сенімін арқалаудың өзі азаматтың бары мен нары, ары мен иманының тазалығына тікелей байланысты болса керек. Ендеше, біз де «Дала мен қала» газетінің көшін өрге сүйреп келе жатқан қарымды қаламдас ағамызды биік атақтарымен құттықтап, жаңа белестерден көріне беруіне тілектестік білдіреміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста