Шәмшімен бірге әскерде болған ақсақал

Жақында Шәмшінің дүниеден озғанына 20 жыл толуына орай,  Ақтөбеде ән падишасын еске алу кеші өткен еді. Оған 1951 жылы Сахалинде Шәмші Қалдая­қов­пен бірге әскер қатарында болған Қайролла Қасенов деген ақсақал құрметті қонақ ретінде қатысты. Алматыдан арнайы келген сазгердің туыс­тары мен жиналған жұртшылық Шәмшімен арадағы  достықтың сырла­рын ақсақалдың өз аузынан  естіп, қанықты.
Ақтөбелік Қайролла ақсақал  қазақтың тума талантымен үш жыл уақыт бірге жүріп, жақын дос-жолдас болғанын үлкен мақтаныш сезіммен айтады. Домбыра тартып, әу деп ән салатын оның бойындағы музыкалық қабілетін байқаған Шәмші ағамыз кезінде оған Алматыдағы консерваторияға бірге оқуға барайық деген ұсыныс та айтқан екен. Бірақ елде елеңдеп күтіп отырған жан жары мен тұла бойы тұңғышын, қарт әке-шешесін ойлап, Қайролла ақсақал өнер жолына түсе алмапты. Содан сазгер досымен қайта қауышудың сәті түспеген. Бірақ оның сырлы да сазды әндері шырқалған сайын жастық шақтағы бірге өткен күндерді еске алып отырады екен.

  Сахалин. 1952 жыл, курсант Қасенов Қайролла (2 катар, оң жақтан 2-ші) курсант Қалдаяқов Шәмші (2 қатар, оң жақтан 4-ші)

Қайролла ҚАСЕНОВ, Шәмшімен әскер қатарында бірге болған жолдасы:
– Сахалинде Қазақстаннан алынған алты бала бірге жүрдік. Алты ай оқу-жаттығудан кейін әскери бөлімдегі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатыстым. Шәмшімен таныстығым сол жерде басталды. Ырғыз ауданының Сырлыбай деген жігіті ағаштан түйін түйетін өте шебер болатын. Бір күні көшеге қыдыруға рұқсат алғанда жергілікті бір шеберді тауып алады. Содан ағаш сұрап алып, сол кісінің құрал-жабдықтарымен ішін ойдырып, кәдімгі домбыра жасап алып келді. Қазіргі керемет домбыра­дай болмағанымен, бізге ермек болуға жарайтын еді. Старшинамыз домбырада ойнап отырғанымызды жақтырмай, тартып алып кетеді. Барып ұрлап алып келеміз. Бір күні «сендерге домбыраны көрсетейін» деп сындыр­ды да тастады. Қолымыз­дағы ең құнды затымызды көз алдымыз­да тас-талқан еткені жанымызға қатты батты. Оны полк командирі Брайловскийге айтып шағымданып едік, ол старшинаны жұмыстан шығарып жіберді. Сол кезде әскерде Шәмшімен түскен бірнеше суреттерім бар еді, бәрі әркімнің қолында кетті. Тек Шәмші екеуміздің көркемөнерпаздар үйірмесіндегі хорда бірге тұрған суретіміз сақталып қалыпты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста