Шәмші фильмі Шымкенттіктермен қауышты

Шәмші фильмі Шымкенттіктермен қауышты

Шымкентте «Шәмші» деректі-көркем фильмінің тұсауы кесілді. Журналис­терге ұйымдастырылған, арнайы баспасөз мәслиха­тын­да фильмнің атқарушы продюсері, композитор, белгілі қоғам қайраткері Қалдыбек Құрманәлі шараны өткізуге қолдау көрсет­кен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне алғысын білдірді.
Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ, Шәмшітанушы, композитор:
– Ұлы Шәмші ағамыз Шәуілдірде туылған. Ордалы Оңтүстіктің тумасы. Облыста ұлы сазгердің атында көше бар. Ескерткіш орнатылды. Облыстық филармонияға Шәмші Қалдаяқов есімі берілген. Жыл сайын облыстық, рес­публи­калық деңгейдегі әртүрлі шара­лар өтіп тұрады.

Түсірілім жұмысы 20 жылға созылған осынау фильмде Шәмші өмірінен жазып алынған құнды кадрлар бар. «Вальс пат­ша­сының» күнделікті өмірін бейне таспаға түсірген фильмнің режис­сері Тілеген Ахметтің айтуынша, 1991 жылы баста­лып, кейін түрлі себептермен түсірілуі тоқ­таған деректі лента 2011 жылы монтаж­далыпты.
Тілеген АХМЕТ, Фильмнің режиссері:
– Шәмші мүлдем зерттелмеген. Ол туралы дерек жоқ. Сондықтан деректі фильм деп атағанымызбен, онда көркемдік-қойылымдық эпи­зодтарды енгізуге тура келді. Өйткені халық композитор туралы неғұрлым көбірек мағлұмат алғысы келеді.

1991 жылы түсірілім жұмысын бастай­мыз деп жүргенде Шәкең кенеттен ауырып қалды. Сол сәттерде, Сабырхан Асанов «ертерек кино түсірмесең, кешігіп қала­сың», – деген соң Шымкентке келіп, Темір совхозына барып, басында елтірі шәпкісі, қолында темекісін тартып отырған бейне­сін түсіріп алғанмын. 
Фильм сценарийінің авторы – Қали Сәрсенбай. Фильмнің редакторы – Сәкен Сыбанбай. Басты рөлдерде – Жомарт Зей­нәбілов, Аманқос Садықов, Шәмші-Қал­даяқ Құрманәлі және Мерей Заман­бек­қызы ойнаған. Фильмнің тұсаукесер рәсімінде көп жылдар бойы ұлы сазгердің асыл мұрасын жинап, насихаттап жүрген Қалдыбек Құрманәліге облыс әкімі аппа­рат жетекшісінің орынба­сары, баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатын табыстады. Іс-шараға облыстық бірқатар ақпарат құралдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста