Сәкен Сейфуллиннің бейнекадры табылды

Сәкен Сейфуллиннің бейнекадры табылды

Мәскеу мұрағатынан Сәкен Сейфуллиннің алғашқы бейнекадры табылды. Оны режиссер Жәнібек Жетіруов Тұрмағамбет Ізтілеуов туралы деректі фильмге қажетті материалдарды жинап жүріп кездейсоқ тауып алған.
Кинорежиссердің айтуынша, биыл туғанына 130 жыл толғалы отырған халық ақыны, әйгілі аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуов туралы деректі фильм түсірілген. Оны әзірлеу барысында Мәскеу киномұрағаттарынан алынған материалдар қолданылды. Соның ішінен Сәкен Сейфуллиннің әлдебір жиналыстағы бейне­кадры табылды. Онда Сәкеннің екі жолдасымен жина­лыс кезінде қол шапалақтап, өзара сөйлесіп тұр­ған сәт­тері бар. Әзірше Сәкен Сейфуллиннің жанын­дағы адамдардың кім екені анықталмай отыр. Бұл бейне­кадрларды филология ғылымының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, сәкентанушы Тұрсынбек Кәкішев те көріп, Сәкен Сейфуллинді бірден таныған. Бұған дейін ақынның артында қалған мұрасының арасында фотолары болмаса, бірде-бір бейнекадры табылмай келген.
Тұрсынбек КӘКІШЕВ, сәкентанушы-ғалым:
– Иә, мен күні кеше ғана режиссер Жәнібек Же­тіруовтың тауып алған бейнематериалын көріп шықтым. Онда Сәкен Сейфуллиннің бір жиында сөйлеп тұрған кадры бар. Оның қасында екі адам тұр. Бірақ біз олардың кім екенін әлі білмей отырмыз. Қазір зерттеп, сұрастырып жатырмыз. Қандай жиын екені де белгісіз. Себебі дауыс жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста