Сәкен Майғазиев соңыма түсіп алды - Қайнар Алагөзов
Төреғали Төреәлі, Ерке Есмахан секілді эстарада жұлдыздары орындаған бірнеше хит әндердің сөзін жазған, ақтөбелік айтыскер ақын Қайнар Алагөзов бір кездері әнші Сәкен Майғазиевтің соңына түсіп, қысым көрсеткенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Ол барлығын "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында жайып салды.
Ол Қытайдағы этникалық қазақтарға қысым көрсетіліп жатқан тұста ел алдында жүрген азаматтарды қолдауға шақыратын өлең жазған. Өлеңінің соңын: "Бір қазағын торғайдай қорғай алмаса, осылардың қазаққа не керегі бар?" деп аяқтаған. Сосын бірнеше танымал азаматтардың суретін салып, белгілеп жазған. Бұған ренжігендердің азаматтардың арасында әнші Сәкен Майғазиев бар екен.
Ол менің артыма түсіп алды. Бір жерлерге барып сұхбат берген. Өмірде бетімізге күле қарағанмен, артымыздан интернет арқылы тас атады. Жеті нота білмейтін адамдарға әншілер ермек болған. Сәкен Майғазиев барлығын өзіне қабылдап қалған.Дұрыс түсінбеген, — дейді Қайнар Алагөзов.
Ақынның айтуынша, желіге жалғыз Сәкен Майғазиевтің ғана емес, Жүрсін Ерман, Мұхамеджан Тазабек, Тұрсынбек Қабатов секілді біраз азаматтың суретін салған. Бірақ ішінде қатты ренжігені сол Сәкен Майғазиев болыпты.
Instagram-дағы парақшама "Қайнар Алагөзов мырза, шұғыл маған хабарласыңыз" деп жазыпты. Бірақ осы жерден айта беріңіз деп қысқа қайырдым, — дейді ол.