Сайғақтар туралы айғақ

Сайғақтар туралы айғақ

Таяуда Алматыдағы «Меломан» дүкендер желісінде қазақ тіліндегі қазақ мультфильмдерінің DVD жинағы шықты. Отандық анимацияның сәл де болса мұндай жетістікке жетуіне мұрындық болғандар – Seimar Social Fund, Шымкент қаласындағы «Анимастер» студиясы, «Меломан home video» ЖШС.
Төл мультфильмдеріміз жинақталған диск алғаш рет жарық көріп отыр. Бұ­ған дейін жергілікті бейнеөндіріс «Көш­пенділер», «Моңғол» секілді бірді-екілі көркем фильмдердің дүкендер­дегі аз-маз данасына қанағат етіп келген болатын. Ал аталған дискіге анимациялық фильмдердің көрермендері үшін «Алдар Көсе», «Сайғақ туралы аңыз», «Сайғақ туралы аңыз-2» деген мультфильмдер енгізілген. Бұл мультфильмдердің режиссері – Мақсұт Жарымбетов, сценарий авторы – Татьяна Жарымбетова. Мамандардың айтуынша, бұл анимациялық туындылардан нағыз қазақы реңк байқалады әрі тәрбиелік мәні күшті. Аталған мультфильмді тамашалаған бала тек түрлі-түсті әдемі суреттерге қызығып қана қоймай, одан өзіне өмірлік рухани азық алары хақ. Айталық, «Алдар Көсе» мультфильмінің мазмұны ауыз әде­биетінен тамыр алып, негізгі желісі қазақтың аты аңызға айналған ертегі, аңыз-әңгіме кейіпкерінің басынан өткен түрлі қызықты оқиғаларына құрылған. Ал 2006 жылы теледидардан көрсетілген «Сайғақ туралы аңыз» мультфильмін көпшілік жылы қабылдап, ол көптеген жүлделерге ие болған. Сондай-ақ «Сайғақ туралы аңыз-2» жобасы алдыңғы аңыздың жалғасы іспетті болды.
Бұл жоба Seimar Social Fund және ҚР Орман және аңшылық комитетінің, сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғау одағының «SOS-сайғақ» деп аталатын кең көлемді бағдарламасының аясында 2005 жылы қолға алынған еді. Аталмыш бағдарламаның мақсаты – Қазақстан территориясында құрып бара жатқан сайғақ популяциясын қал­пына кетіру және сақтау болатын. Егер 2005 жылы Қазақстандағы сайғақтың популяциясы 39 600 болса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 61 мыңға көбейген. Сон­дық­тан да сайғақ туралы түсірілген мульт­фильмнің екі бөлімі де маңызды мәселені балаларға икемделген жатық тілмен түсіндіруге тырысып, жас буынның табиғатқа, қорша­ған ортаға, отанға деген сүйіспен­шіліктерін арттыруды мақсат етеді.
Сатылған дискілер тек отандық муль­типликация өндірісін көтеру мақсатында ғана емес, қайырымдылықты да көздейтін көрінеді. Диск саудасынан түскен қар­жы Komanda SOS деп аталатын коррди­на­циялық волонтерлер жобасын іске асы­руға жұмсалмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста