Роза Рымбаева, әнші: "Жұлдыз FM" радиосынан "Аспанға қараймынды" тыңдағым келмейді

Роза Рымбаева, әнші: "Жұлдыз FM" радиосынан "Аспанға қараймынды" тыңдағым келмейді

Таяуда "Жұлдыз FM" жастар радиостанциясы республикалық эфирде хабар тарата бастағанын хабарлаған болатынбыз. Жиілігінде жастарға арналған қазақ әндері орындалатын жастар радиосына негізгі әуен, ұран ретінде белгілі композитор Кеңес Дүйсекеевтің «Сәлем саған, туған ел» әні таңдалып алынған еді. Қырық жылдай бұрын Роза Рымбаеваның дауысына арнайы жазылған ән туралы әншінің өзі "Жұлдыз FM" радиосына келіп әңгімелеп берді, журналистердің сұрағына жауап берді.

– Роза Қуанышқызы, Қазақстанның медиакеңістігінде қазақ әндерін насихаттауды мақсат ететін жаңа радиоға белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев өзінің "Сәлем саған, туған ел!" әнін қолдануға келісім берген болатын. Әннің алғашқы орындаушысы өзіңіз. Біздің таңдауымыз туралы не айтар едіңіз?
– "Жұлдыз FM" радиосы менің орындауымдағы бұл әнді негізгі әуен ретінде таңдап алғанына алғашында таң қалдым, бір жағынан, әрине, қуанып та қалдым. Бірақ өкінішке орай, Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған Кеңес Дүйсекеевтің «Сәлем саған, туған ел» әні мұрағатта сақталған ескі ән болғандықтан жаңа заманға бейімделіп қайта өңделіп жазылмаған. Осыдан жарты ғасырдай бұрын қазіргідей компьютерлік өңдеу, синтезатор деген атымен болған жоқ қой. Сондықтан ән жаңаша өңдеп жазған дұрыс шығар деп ойлаймын.
– «Сәлем саған, туған ел» әнінің жазылу тарихы туралы айта кетсеңіз...
– Сәлем саған, туған ел» әнін мен алғаш рет 1976 жылы орындадым. Ал 1979 жылы осы әнмен Түркияда өткен халықаралық байқауға қатысып, лауреат атандым. Әнге Қызылолда өңірінің ырғағы тән. Музыка тілімен айтқанда бұл - аралас өлшемді ән. Бұған дейін қазақ эстрадасында мұндай аралас өлшем қолданылмаған болатын. Дыбысталуы жаңаша болғандықтан әнді тыңдарман бірден өте жақсы қабылдады, танымал әнге айналды. Әннің мәтіні де өте мағыналы, терме стиліне де келеді. Бұл ән Түркиядағы байқау үшін әдейі таңдалды, өйткені ән түріктердің халық әндерінде қатты ұқсайды. Бұл әнді оркестрде орындау түрік музыканттарына да қызық болды, «Сәлем саған, туған ел» әнін оркестрге бейімдеп өңдеуге менің жолдасым Тасқын Оқапов үлкен еңбек етті. Негізінен бұл әнді мен «Гүлдер» ансамблінің құрамында жүргенде орындадым.
– Соңғы уақытта «Сәлем саған, туған ел» әнін «КешЮ» тобы, Маржан Арапбаева сынды жас әншілер орындап жүр. Тыңдап көрдіңіз бе?
Жастардың орындауында бұл әнді үзіп-жұлып тыңдағаным бар. Бірақ толық тыңдамаппын. Меніңше жас әншілер бұл әннің көшірмесін ғана жасап алған. Маған арнайы жазылған әнді орындамас бұрын жас әншілердің менен рұқсат сұрағаны жөн болар еді. Бірақ қазіргі жастарда ондай мәдениет жоқ.
– Радиоға қайта оралсақ, "Жұлдыз FM" радиосынан қандай әндерді тыңдағыңыз келеді?
– Мен тек әдемі әндер тыңдағым келеді. Меніңше, жастардың қалауы осы екен деп жеңіл-желпі әндерді тықпалай бермей, жоғары деңгейлі әндерді, халық әндерін, сапалы өңделген әндерді эфирден беріп тұрған жөн деп есептеймін. Өйткені жастардың көңілін көтеру үшін даңғаза музыканы қоя бермей, оларды музыкаға тәрбиелеу керек. Мен шынымды айтсам, қазіргі жастарды бір-бірінен ажырата бермеймін. Барлығы бір деңгейде секілді. Ал халықаралық үлкен байқауларға апарарда жоғары деңгейлі әнші таппай дал боламыз.
– Тек қазақ аудиториясына арналған радионың болашағы бар деп ойлайсыз ба?
– Қазақ тілді радионың болашағы бар. Болашағының жарқын болуы эфирден қандай әндер берілетініне байланысты. Әдетте радиодан қазақша әндер жұрт шырт ұйқыда жатқан шақта беріледі ғой. Ал енді міне күні-түні тек қазақ әндерін қоятын радио пайда болды. Мен «Жұлдыз FM» радиосынан «Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын» әнін тыңдағым келмейді. Радиода тек сапалы, кәсіби әндер қойылуы үшін ең алдымен музыка сыншылары, музыкалық редакторлар, көркемдік кеңестің мүшелері ең алдымен музыкант болуы керек, эстрада музыкасын түсінетін мамандардың жұмыс істеуі шарт. Сонда ғана үлкен талғаммен жақсы әндер жинақталады.
– Сіздіңше, өзіңіз айтқан мұрағаттағы әндерді заманға лайықтап жаңаша жазғызу қажет пе?
– Міндетті түрде отыз-қырық жыл бұрынғы әндерді қайта жаңалап, өңдеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Біз бүгінгі күннің әнін орындауымыз керек. Бұрын композиторлар да басқаша жазатын, аранжировшиктердің деңгейі де басқа болды. Сондықтан мұрағаттағы әндерді ретро әндер деп қабылдаған дұрыс.
– Сіз өз репертуарыңызға ерекше талғаммен қарайтын әншісіз. Бүгінгі сазгерлердің деңгейі туралы не айтар едіңіз?
– Иә, мен күнде жаңа ән жаза бермеймін, әнге үлкен сынмен қараймын. Жылына бір ән жазсам, оның өзі жүздеген әннің ішінен таңдалып алынады. Меніңше қазіргі сазгерлер көркемөнерпаздардың арасынан шығып жатыр. Білімі жоғары, кәсіби деңгейлі сазгерлер саусақпен санарлық.
– Өзіңіздің шығармашылығыңыздағы жаңалықтармен бөлісе отырсаңыз...
– Қарашаның 18 күні «Сезім» атты жаңа клипімнің тұсаукесері өтті. Ал гастрольдік сапар туралы айтар болсам, жақында ғана Мәскеуден келдім. Оның алдында Волгоград, Астрахань, Өскемен қалаларындағы симфониялық оркестрлермен концерттер бердім. Келесі айда Орынбор қаласына гастрольдік сапар жоспарланып отыр.
– Шығармашылығызға сәттілік тілейміз. «Жұлдыз FM» радиосына ақ тілегіңіз...
– Қазіргі жастар біз сияқты Кеңес одағын, коммунистік парияны көрген жоқ. 1991 жылы туған Әлилердің қатарын айтсақ, олар егеменді елде туып, мен қазақпын, Қазақстанның азаматымын деп өсіп келеді. Жастарымыздың болашағы жарқын болса екен деймін. «Жұлдыз FM» жұлдызы жастарымызды әдемі әндерімен тәрбиелесін. Осы орайда жаңа радионың ұжымына шығармашылық табыс тілеймін.

"Жұлдыз FM" радиосын мына сілтеме арқылы тыңдай аласыздар.
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста