"Рас". Есен Елеукен "Жайдарман" ойыншыларының сахнаға ішкиіммен шығуына қатысты түсінік берді

"Рас". Есен Елеукен "Жайдарман" ойыншыларының сахнаға ішкиіммен шығуына қатысты түсінік берді

"Жайдарманның" негізін қалаушы Есен Елеукен маусымашарда болған келеңсіз оқиға туралы видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде "Жайдарманда" болған оқиға туралы видео тараған еді. Видеода ойын қатысушылары көпшіліктің алдына түрлі-түсті ішкиіммен шыққан. 

Есен Елеукеннің сөзінше, мұндай жағдай болғаны рас.

"Бірақ жұртшылық жайдарманның ресми ойыны деп жатыр екен. Бірақ бұл ойын редактура кезінде болды. Ойын ортасынан тоқтатылып, командаға да, қалған командаларға да ескерту жасалды. Биыл Жайдарманның "Маусымашарына" 223 команда келді. Оның бәрін эфирге шығара бермейміз. Сол үшін арнайы 2-3 редактура өтеді. Сол кезде жайдарманшылар өздері дайындап әкелген әзілдерін орындайды", - дейді "Жайдарманның" негізін қалаушы. 

Оның сөзінше, редактура мұндай оқиғалар болмауы үшін керек.

"Редактурада залда жайдарманшылардың өздері отырады. Солардың бірі түсіріп салып жіберсе керек. Жайдарман - ойын ғана емес, жалпы қазіргі қазақ жастарының да деңгейін білдіретін алаң. Сол алаңда ала да, құла да кездеседі. Бірақ оның барлығы жұртшылыққа жариялана бермейді. Жаңағы командаға қатаң ескерту бергенбіз. Енді қайталанса, маусымнан шеттетілуі де мүмкін. Жайдарман күні кеше пайда болған жоба емес, тарихы бар үлкен платформа. Ұйымдастырушылар да, редактура да сахнада нені орындауға болатынын, нені болмайтынын жақсы біледі. Сондықтан бұндай ойындарға жол бермейтінін ескеру керек деген ойдамыз", - дейді Есен Елеукен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста