Жақында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жанынан студенттер театры тұсауын кесті. Өнер әлемінде өзіндік өрнегін қалдырғысы келген жастар алғашқы қойылымды көрермен назарына ұсынып үлгерді.
Жас театр ұжымы алғашқы маусымын «Қыз жылаған» спектаклімен бастады. Олардың бұл бастамасы өнерсүйер қауымның көңілінен шыққандай. Студенттер сарайында өткен тұсаукесер қойылымға келген жұртшылықтың саны аз болған жоқ.
Өнер әлеміндегі алғашқы қадамы болса да, жастар өздерін жақсы қырынан таныта білді. Бір сағатқа созылған спектакль көрерменге ерекше толқыныс сезімін сыйлай білді. Аталмыш туындыны режиссер Зульфия Тұрғанбайқызы сахналады.
Шара соңында сахнаға Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрының бас режиссері Хусейн Әмір-Темір көтерілді. Ол жастардың бастамасына өз тілектестігін білдірді.
Хусейн Әмір-Темір, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрының бас режиссері:
– Жас театрдың алғашқы қадамы құтты болсын демекпін. Осындай өнер ордалары облыс көлемінде көбейе түседі деген ойдамын.
Жастар театры келесі қойылымға кірісіп кетті. Енді «Келін» атты жаңа пьесаны сахналамақшы. Болашақта ауыл-ауылды аралап, ел-жұртпен қауышуды жоспарлап отыр.
Қызылордада студенттер театры құрылды
Последние статьи автора