Қызылордада студенттер театры құрылды

Қызылордада студенттер театры құрылды

Жақында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жанынан студенттер театры тұсауын кесті. Өнер әлемінде өзіндік өрнегін қалдырғысы келген жастар алғашқы қойылымды көрермен назарына ұсынып үлгерді.

Жас театр ұжымы алғашқы маусымын «Қыз жылаған» спектаклімен бастады. Олар­дың бұл бастамасы өнерсүйер қауым­ның көңілінен шыққандай. Студенттер сарайын­да өткен тұсаукесер қойылымға келген жұртшылықтың саны аз болған жоқ.
Өнер әлеміндегі алғашқы қадамы болса да, жастар өздерін жақсы қырынан таныта білді. Бір сағатқа созылған спектакль көрер­менге ерекше толқыныс сезімін сыйлай білді. Аталмыш туындыны режис­сер Зуль­фия Тұрғанбайқызы сахналады.
Шара соңында сахнаға Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрының бас режиссері Хусейн Әмір-Темір көтерілді. Ол жастардың бастамасына өз тілектестігін білдірді.
Хусейн Әмір-Темір, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрының бас режиссері:
– Жас театрдың алғашқы қадамы құтты болсын демекпін. Осындай өнер ордалары облыс көлемінде көбейе түседі деген ойдамын.

Жастар театры келесі қойылымға кірісіп кетті. Енді «Келін» атты жаңа пьесаны сахна­ламақшы. Болашақта ауыл-ауылды аралап, ел-жұртпен қауышуды жоспарлап отыр.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста