2017 жылы үшінші рет тұрмысқа шыққан әнші Ақбота Керімбекованың некесі ұзаққа созылмай, сәтсіз аяқталған еді. Өнер иесі шаңырағының неліктен шайқалғанын алғаш рет ашып айтты. Керімбекованың сөзінше, бұрынғы күйеуінің оған қол көтеретін кездері болған.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ShowNewsKZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы некесі туралы айтқан Ақбота Керімбекова үшінші рет тұрмысқа шығу туралы шешімім ақымақтық болды дейді. Әншінің сөзінше, күйеуі оның тапқан табысына күн көрген.
«Енді осы үшінші рет тұрмысқа шығуым ақымақтық болды. Мен сезімге берілгіш адаммын. Бәлкім сол кезде сезімнің етегінде кеткен шығармын. Алланың бір сынағы ғой. Көзіңді соқыр, құлағыңды керең қылып қояды. Ғашық болсаң, жан-жағыңдағыларды, ешкімді тыңдамай қаласың.
Әйел болсам да қолымнан келгенше жағдайын жасап, асырадым. Бүкіл қуанышы, бар жақсылығы бар, ештеңені аямадым», - дейді әнші.
Бұл ғана емес, айтуынша, бұрынғы күйеуінің Ақботаға қол көтеретін кездері де болған. Тіпті, салдарынан әншінің миы шайқалып, емханадан бір-ақ шығыпты.
«Иә, қол көтергені рас. Осы уақытқа дейін таяқ жемей жүріп, жасың қырыққа келгенде таяқ жеген жаман екен, негізі. Емханадан бір-ақ шықтым ғой. Басымнан ауыр соққы алдым. Ішетіні де бар еді.
Менің өмірімде кезіккендер атыма қызыққан шығар, бәлкім дүниеме қызыққан да болар. Кім біледі оны енді. Десе де мен ешқашан өкінбеймін. Қазақстанда үш рет тұрмысқа шыққан тек мен емес», - дейді Керімбекова.