Қыпшақтануға қосылған құнды еңбек

Қыпшақтануға қосылған құнды еңбек

Алтын Орда дәуірінде қыпшақ даласындағы түркі халықтарының мәдениеті, әдебиеті қанатын кеңге жайып, жоғары дәрежеде дамыды. Аталған кезеңде әл-Хорезмидің «Мұхаббат намесі», Сайф Сараидың «Гүлістан бит-түркиі», Құтбтың «Хұсрау-Шырыны», Дүрбектің «Жүсіп-Зылихасы» және басқа да әдеби ескерткіштер дүниеге келді. Бұл жәдігерлермен бір қатардан орын алатын қыпшақ тілінің сөздігі – «Кодекс куманикус» атты кітаптың да манызы мен мәні өте зор деп айтуға болады. Бұл кітап заман талабына сай жазылған туынды деп бағаланған. Алтын Орда дәуірі кезеңінде ұлы даладағы түркі тайпалары әскери күші мен қуаты жағынан әлемде теңдесі жоқ күшке ие болып, олардың ықпалы алыс-жақын елдерге өте жоғары болған және қыпшақ тілі халықаралық тіл дәрежесіне көтерілген. Мұның айқын дәлелі – куман-латын-парсы-латын, герман-латын тілдерінің сөздігі түзілген «Кодекс куманикус», яғни «Қыпшақтар кітабы». Ол ескерткіш 1303 жылы жазылған.
«Кодекс куманикус» жазба ескерткіші­нің жазылу тарихы, оның тілдік ерекше­ліктері жайында көптеген ғалымдар зерт­теп те, жазып та келеді. Олардың қатарынан 1828 жылы «Қыпшақтар кітабы» жайында алғаш ма­қала жазған Г.Клапротты, А.Гар­кавецті, Я.Дашкевичті, Ә.Құрыш­жановты, Н.Ке­лім­бетовті, М.Жолдас­бе­ковті, А.Кы­рау­­бае­ваны және басқа да ғалымдарды атап өту керек. Жақында осы ғалымдардың қа­тарына «Кодекс куманикус» – бабалар бол­мысының баяны» атты ғылыми кітабы­мен журналист-қаламгер Зәкім Жайлыбай қосылды.
«Алтын шыққан жерді белден қаз» дегендей, автор 1964 жылы Қазақ мем­лекеттік университетін бітірерде жазған «Кодекс куманикус» ескерткішіндегі септік жалғаулары және оларды қазіргі түркі тілдерімен салыстыру» (қазақ, қарақалпақ, ноғай, құмық) атты диплом жұмысын орта жолда тастамай, оны жаңа ой-пікірлерімен толықтырып, іргелі зерттеу жүргізіпті. Зерттеуші З.Жайлыбай ғылыми еңбегін «Кодекс куманикус» – бабалар болмы­сының баяны» деп өте орынды атаған. Себебі осы әдеби жәдігер арқылы кейінгі ұрпақ өздерінің бабаларының әлемді тітіреткен ұлы держава құрып, қыпшақ тілінің қазіргі ағылшын тілі сияқты халық­аралық қатынас тілі дәрежесіне жеткенін мақтаныш етеді. Автордың зерттеу ны­санына алған осынау жазба ескерткішті зерделеу барысында өзіндік соны пікір­лерін Тәуелсіз елдің азаматына сай тал­ғаммен ұштастыра отырып, ұлттық дүниетаным тұрғысында қазіргі қазақ тіл білімі саласында алар орны жоғары, маңызды да келелі мәселелерді қам­тығандығы байқалады.

Жалпы, кітаптың құрылымы «Дананың дана тағылымы» атты кіріспе сөзбен, ғы­лыми жұмысқа берілген белгілі ғалымдар Ә.Құрышжанов пен Т.Қоңыратбаевтың және жазушы Қ.Түменбайдың пікірлері мен автордың ұстаздарымен жазысқан хаттарымен басталыпты.
Негізгі бөлімінің бірінші тарауы «Кодекс куманикус» – тілдік құндылық» деп атал­ған. Мұнда З.Жайлыбай жазба ескерткіштің құрылымын, тарихын, тілдік ерекшеліктерін сөз ете отырып, М.Кастрен, В.Бартольд, В.Радлов, П.Мелиоранский, С.Малов, Г.Рам­стедт, Н.Баскаков т.б түркітанушы ғалымдардың зерттеулерін саралайды. Ал «Қыпшақ тілі туралы жи­нақ» атты бөлімде автор «половец», «куман», «қыпшақ» сөз­дерінің генезисін ашуға тырысып, өзін­дік пікірлерін ұсынады.
Мамай АХЕТ, филология ғылымының кандидаты:
– З.Жайлыбайдың бұл еңбегі халқы­мыздың жүріп өткен мың жылдық тарихына сәуле түсіріп, өзімізге өзгенің емес, өзі­міздің көзімізбен қарауға үндейді. Бүгін­гідей талғамды тұмандандыратын әсіре­қызылдың ішінен жаңалығы мол салиқалы еңбектің көпшілік оқырманға жол тартуы қуантады. Көне кумандармен қауыш­қандай, танысыңды жолықтыр­ғандай, өз-өзіңнен күбірлеп, уақытыңды текке өлтірмейтініңе іштей разы боласың.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста