Қымбат күлкіні арзан ойынға айналдырып жүрміз

Қымбат күлкіні арзан ойынға айналдырып жүрміз

Қазір не көп, әзіл-сықақ театрлары көп. Бірақ енді қымбат күлкіге қарық қылып жатқаны шамалы. Әзіл-сықақ театрларының кейбір қойылымдарын өз отбасымен отырып көру мүмкін емес. Ұятты бірдеңелерді төбеден түскендей етіп қойып қалуы мүмкін. Мысалы, басында әдемі басталған құда мен құдағидың диалогқа құрылған қойылымдары кейіннен екеуінің тіпті жақын «қатынастарын» меңзеп, құдағидың  өз құдасынан аяғының ауырлауы секілді қазақ халқының мәдениетіне жат қойылымдарға ұласуы өзінің анайылығымен көрерменін жирендіргені жасырын емес.
Сексенінші жылдары ең алғаш Жаңа жыл­дық мерекеге әзірленген «Тамаша» театры халықты бірден баурап алған еді. Лұқпан Есеновтің басқаруымен жұмыс істе­ген театр ұжымында ең алғаш театр майталмандары – Тұңғышбай Жаман­құ­лов, Құдайберген Сұлтанбаев, Лидия Кә­денова, Тоқсын Құлыбеков, Мейірман Нұрекеев, Уәйіс Сұлтанғазин секілді өнер тарландары халық ішінде кеңінен танымал болды.
Бұл – «Тамаша» ойын-сауық отауының халықтың мәдениеті мен рухани деңгейін дөп басып, күлкінің астарымен қоғамдағы түрлі кемшіліктер мен олқылықтарды же­ріне жеткізудегі қайталанбас кезең болып халық санасында қалып қойды. Сол уақыттағы Тұңғышбай мен Құдай­берген сомдаған «Балдыз бен жездесі» немесе «Баласы мен әкесінің» арасындағы әдемі жеткізілген әзілдерін көрермендер ерекше қабылдағаны әлі ұмытыла қойған жоқ.
Театр адамдарға бір сәттік күлкіні емес, қоғамдағы кемшіліктерді дөп басып айтып әжуа арқылы көрермендеріне тәрбие мен жан-жақты рухани ләззат беретін. «Тама­ша­­ның» бір кешіне қатысқан әнші халық ара­сында беделге ие болып, бірден таны­мал еткені де белгілі. Қысқасы, «Тама­шаның» әрбір қойылымын халық асыға күтетін.
Сөйтіп, театрға Бауыржан Ибрагимов секілді кейінгі толқын жастар келе бастады. Біраз уақыттан кейін олар өз театрларын ашуды қолға алды. Осылайша, «Бауыр­жан-шоу» жарыққа шықты. Ол театрдың бастапқы қадамдарына халық риза болып, жақ­сы қабылдаған еді. Осы бастама Бауыржан Ибрагимовтің тек әртіс қана емес, өзінің ұйымдастырушылық қабілеті­нің де бар екенін байқатты. Артынша театр­лар саны көбейе бастады. «Күлкі керуені», «Терісқақпай», «Көпен келе жа­тыр», «Мафия мен Тақия», «Екі езу», «Шан­шар», «Айна», «Аққу-Гәкку» секілді әзіл-сықақ театрлары халық алдында өнер көрсете бастады.
Әрине, театрлардың көп болғаны жа­ман емес, ол бұл өнер ұжымдарының бір-бірімен бәсекелесе отырып жұмыс істеуіне жол ашады. Саннан барып сапа шығатыны тағы белгілі. Дегенмен дәл қазіргі жағ­дайда театрлардың деңгейі төмендеп кетті. Біріншіден, қойылымдардың уақыты созылып, артық сөздер мен диалогтар пайдаланып, қажетті уақыттан асып кетеді. Ал ол көрермендерді жалықтырып алудың бірден-бір себебі болып табылады. Екін­шіден, әртістердің өзін-өзі ұстаудағы мә­дениеті, сахна мәдениеті жоғалып бара жатыр. Құр босқа айғай, мағынасыз, мән­сіз сөз бен артық іс-қимыл көбейіп кетті. Іздену, жаңаша тәсілмен көрерменді бау­рап алу жоқтың қасы. Әр қойылым сайын соны бір жаңалық ұсыну емес, ескі қойы­лымды қайталап қою әдетке айналды. Әншінің өзі репертуарына жаңа ән кіргіз­бесе, тыңдармандарын жалықтырып ала­ды емес пе? Сол секілді біздің әзіл-сықақ театрларда ізденіс мүлде байқал­майды. Көрермен бүгінде сауатты, сын­шыл екені белгілі, ол өзіне қажетті нәрсені ғана талап етеді. Арзан күлкіге құралған, астарында тереңдігі жоқ дүниені ол қабылдамайды. Көрерменді қазіргі уақыт­та арзан әзілмен алдай алмайсың.
Бір нәрсе анық, күлкі театрлары халық­қа керек. Ауадай керек. Қазіргі әзіл-сықақ театрларының бәрі де өз беттерінше қара­жат тауып, өз күндерін өздері көруде. Ал өнер мен мәдениетті бизнеске айналдыру ұшпаққа апар­майтынын білеміз. Ендеше неге мем­лекеттің қолдауына сүйенетін әзіл-сы­қақ театрын құрмасқа. Сондай-ақ сахна­лық қойылымдарға мәтін жазатын сықақшылар әр сөзіне жауаппен қараса екен деген де тілегіміз бар...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста