Осыдан біраз уақыт бұрын өзінен 12 жас кіші азаматқа ұл туып бергенін жайып салған Құрманай Бақтиярқызы сүйгенін көпшілікке көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.
Ақын қыз ер аадммен шариғат бойынша некелескенін, күйеуінің тоқалы екенін де жасырмаған еді.
Көпшіліктің сұрауы бойынша, Құрманай Бақтиярқызы баласының әкесін елге көрсетті.
"Сұңқарымның әкесін сұрағандар үшін", - деп жазба қалдырған хит әндердің авторы орта жастағы азаматтың суретін салып қойды.
Айта кетейік, желі қолданушыларының пікірі бұл мәселеге келгенде екіге бөлінді. Олардың бірі Құрманай Бақтиярқызының батылдығына таңғалса, екіншілері бөтен отбасы бар азаматқа сонша құрмет көрсеткен ақын қызды сынға алды.