Құрдастар қатты қалжыңдасады

Қазақы қалжың, әдемi әзiл – өмiрiмiздiң ажары. Ойнап айтсақ та, ойымыздағыны жеткiзетiн,  байыппен айтсақ та, батырып айтатын астарлы сөз қазақ халқының қаруы десек болғандай. Салиқалы сатираны, зiлдi-зiлсiз әзiлдi өмiрлерiне серiк етiп, халықты өнерiмен күлкiге қарық қылып жүргендер бiзде аз емес. Ал солардың өздерi өмiрде қызықты жағдайға тап болып, күлкiге қалған кезi болды ма екен?
Құдайберген СҰЛТАНБАЙ, «Құрмет» орденiнiң иегерi: 
– Шығыстық әзiл-қалжың өкiлдерi Алдар көсе, Қожанасыр, Жиренше – мiне, осылардың айтқандарына күлуге болады. Мен ылғи қазақы қалжыңдарды, дөрекi емес, сыпайы әзiлдердi жинақтап жүремiн. Солардың бiрiн айтып берейiн.
Бiрде Қожанасырға бәйбiшесi мынадай сұрақ қояды: «Қожеке, егер тоқалың  екеумiз бiрдей суға батып бара жатсақ, қайсымызды  құтқарар едiң?» Сонда Қожекең бiраз ойланып тұрып: «Әй, бәйбiше, сен жүзе алатын едiң ғой!» – деген екен. 
Жанатбек БАЙТЕКОВ, сықақшы:
– Осыдан бiр жыл бұрын Ғ.Мүсiрепов атындағы балалар және жасөспiрiмдер театрында Желтоқсан оқиғасына байланысты қойылым болды. Театрдағы дос балалар менi ылғи сахна жақтан кiргiзiп алатын. Сол күнi мен тағы да сахна жақтан кiрдiм де, перденiң ар жағында тұрдым. Бiр кезде у-шу, апыр-топыр жастарды полиция қызметкерлерi қуа жөнелдi. Сахнадан қашқан  жастар перденiң артына тығылды. Мен де солардың арасына қосылдым да кеттiм. Артқа қарай қашқаныма қарамастан, сахнада ойнап жүрген жастармен қоса полиция менi де итерiп-итерiп, «дубинкамен ұрып», қолымды қайырып, сахнаға алып шыққаны бар. Қазiр кей-кейде  театрға бара қалсам, достарым: «Рөлiңдi ойнауға келдiң бе?» – деп әзiлдеп жатады. 
Нұржан ТҰТОВ, сықақшы-пародист:
– Маған бiрде аяқастынан Ұлықпан Жолдасов қоңырау шалып: «Нұржан, осындай бiр «выход» боп тұр едi, дәл қазiр келе аласың ба?» – деп қолқа салды. Ендi сондай сыйласатын адам айтып тұрған соң, сөзiн жерге тастамайын деп, мекенжайын асығыс сұрай салдым да, таксимен ұштым. Айтқан жерiне жетiп, залға кiрiп келсем,  бес-алты асаба, екi-үш музыкант жүр. Бiрақ той түгiлi, дым да болып жатқан жоқ. Бәрiне де Ұлықпан Жолдасов хабарласып, дәл маған айтқандай сөздер айтыпты. Сөйтсек, бәрiмiздi бiр қатырайын деген ағамыздың қалжыңы екен.
Уәлибек ӘБДIРАЙЫМОВ, «Шаншар» әзiл-сықақ театрының директоры:
– Бiзде Оңтүстiкте жылда тамыз айының басынан қыркүйекте оқу басталған кезге дейiн жаппай сүндет той басталады. Күнде айтатын болғандықтан, сөздерiм де жатталып қалған-ды. Бiр күнi сондай бiр той жүргiзуге келдiм. Күнде айтатын мәтiнменен тойды бастап кеп жiбердiм. Кiлемде «Мұхамеджан» деген ат жазылып қойыпты. Содан: «Ал ендi, ағайын, ат жалын тартып, азамат болып отырған Мұхамеджан деген баламыздың сүндет тойы құтты болсын, ортаға сол баламызды шақырайық», – дей берiп ем, отырғандар ду күлдi. Сөйтсем, Мұхамеджан деген бала емес, ата екен де, той сүндет той емес, атамыздың 70 жылдығы екен. Содан ендi өз қатемдi өзiм түземек болып: «Жетi жасында сүндетке отырған көкемiздiң 63 жылдығы құтты болсын», – деп тығырықтан шығатын жол таптым, әйтеуiр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста