«Қожаның» інілері қайда?

«Қожаның» інілері қайда?

 «Менің атым Қожа» повестін Бердібек Соқпақбаев 1957 жылы жазды. Балалар әдебиетінің озық туындысы саналатын повесть орыс, украин, француз, латыш тілдеріне аударылған.

1963 жылы осы повестің желісінде Қазақфильм киностудиясы арнайы фильм түсірді. Содан бастап, Соқпақбаевтың Қожасы қазақ балаларының сүйікті кейіпкеріне айналды. Қаншама ұрпақ Қожаға еліктеп өсті. Қаншама ұрпақ Қожаның бойынан өзіне тән мінез-қылықты тапты. Жас ұрпақ түгілі, алдыңғы буын аға-апалардың өзі Қожа туралы айтқанда, еріксіз өзінің балалық шағын ойға оралтады. Ол секілді істеген тентектіктері еске түседі. Бүгінгі заманда балалар еліктейтін жаңа кейіпкер бар ма? Ол неге жоқ? Соқпақбаевтың ізбасарлары қайда? Қаламгерлерден білгіміз келетіні де осы.

Дархан Бейсенбек, жазушы:

–Кез-келген қоғамда жас өскіннің еліктейтін кейіпкері болады. Сол кейіпкерді тауып, жарқыратып көрсету - жазушы қарымына байланысты дүние. Кеңестік кезеңде балалардың Қожаға еліктеп өсуі – заңдылық. Өйткені автор Қожаның образына еркіндікті, тәуелсіздікті, "елмен жердің егесі - қожасы менмін" деген бұғауға бағынбайтын асыл рухты жасыра білген. Сондықтан да бала біткен Қожа болғысы келді. Қоғамның тар шеңберіне бағынғысы келмеді. Стандартты қалыпты бұзғысы келді. Ал, қазір, қоғам басқа. Ұғым-түсінік өзгерді. Бүгінгі баланың кейіпкері, идеалы - рухы өр, ойы азат Алаш тұлғасы болуы тиіс еді, менің ойымша. Бірақ қаламгерлер ондай кейіпкерлі тұлғаландыра алған жоқ. Сол себепті бүгінгі баланың идеалы әншілер, шетелдік анимация кейіпкерлері болып отыр.

 

Қанат Әбілқайыр, жазушы:

 

–Бүгінгі күні балапандарымыз бен жасөспірімдеріміз еліктейтін "кейіпкерлер" өте көп. Көптігі соншама, қолыңыздағы он саусағыңыз санауға жетпейді. Бірақ, олардың бірі де әдеби қалыпқа түскен, балақайларды ұшпаққа шығаратын, рухын көтеріп, ұлттық сипатта тәрбиелейтін кейіпкерлер емес. Балаларымыз қағазға түспеген, жазылмаған шығармалардағы образдарға, жұмбақтамай айтсақ, сахнадағы селтеңбайларды "Құдай" көріп еліктеп жүр. Бердібектің ізбасарлары - кедей. Нарықтық заманда тесік қалталы ол ізбасарларды тұлға көру, олардың сомдаған кейіпкерін идеал санау – ақымақтық (балалардың көзқарасымен қарасақ). Себебі, бұған дейін біздің әдебиет ағартушылық бағытта дамыды. Өзіміздің басымыздағы қым-қиғаш тағдырды, айналамызда болып жатқан азғындықты жасырып, бүркемелеп, ойымыздан періште текті кейіпкер жасауға талпынып кеттік. Бұл – ертегі, бұл – өтірік... Енді Сіз өзіңіз ойлаңыз! Барлық құндылық ақшамен өлшенетін заманда ертегі мен өтірікпен сомдалған кейіпкер кімге керек? Сахнадағы "жазылмаған кейіпкердің" артықшылығы – байлық. Күллі телеарна ертеден кешке дейін оның не жеп, не қорытқанын насихаттап жатыр? Мемлекет қолдап, журналистер қоштап әнші-бишікешті аспанға шығарып алдық. Бала сол аспанға қарайды... "Жұлдызды санайды" Шуақты өмірді көреді. Оған енді басқа кейіпкердің түкке қажеті жоқ. Бірақ, осылай екен деп, Бердібектің ізбасарлары қаламдарын қалтаға сүңгіте салуға болмайды. Бүгінгі балалар еліктейтін кейіпкер образын көптеп жасап, оны киноға айналдырудың жолдарын қарастыру керек. Сөйтіп қана әдеби образдарға деген қызығушылықты арттыра алатын сияқтымыз.

 

Бағашар Тұрсынбайұлы, сыншы:

 

–Бүгінгінің Қожасы – Маша. Әлгі «Маша и медведь» мультфильміндегі. «Балапан» арнасындағы Томпақты балалар көргеніменен оған еліктей алмайды. Өзге бір планетаның өкіліне қалай еліктеу керек екенін де білмейді. Оған қарағанда аюына еркелеп, айналасын бүлдіріп жүретін Маша әр үйдің кішкентайы сүйіп көретін кейіпкеріне айналды. «Менің атым Қожаның» бір жеңісі – киноға айналуы еді. Кейінгі кезде балалар әдебиетінен бір шығармаға лайықтап кино, не сериал түсірілмеді. Молдахмет Қаназдың «Чика – Дабылдың баласы» повесі киноға лайық сияқты көрінеді. Бірақ сюжет қазір ескіріп қалды. Соғыс заманы алыста қалды. Бірақ қазір көп ұлтты Қазақстанның тату-тәтті тірлігін көп насихаттаймыз ғой. Осы тұрғыдан келіп, көп ұлтты елдің балалары да тату екендігін көрсететін фильм жасауға да болатын шығар деп ойлаймын. Балалар қазір шетелдің құбыжық кейіпкерлерін көп көреді. Бұл мәселе қаншама рет айтылды. Батырлар жырына қаншама ақша бөлініп, мультфильм түсірілсе де, графикасы тартымды болмағаннан кейін көрермендерін онша таба алмай келеді. Соған қарағанда, қазақ баласы еліктейтін кейіпкер табу үшін мультипликатциялық өнімдер де жоғары деңгейде жасалуы керек шығар. Оларға лайықтап шығарма жазу да сол кезде қолға алынатын сияқты. Сұраныс болғанда ғана шығарма жазылады қазір. Өйткені бәрі қаражатқа тіреліп тұр. Бүгінгі күннің балалар еліктейтін кейіпкері ғана емес, жалпы осы заманның кейіпкері де әлі жазылмады. Сол кейіпкер жазылған кезде, балалар әдебиетінде де бір жаңа Қожа пайда болар.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста