Қожа Ахмет Яссауидің құнды кітабы қайда?

Қожа Ахмет Яссауидің құнды кітабы қайда?

Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» еңбегінің қолжазба нұсқасы 2011 жылы  Көкшетау қаласындағы «Әдебиет және өнер» мұражайынан табылған. Бұл көкшеліктерге зор мәртебе, қуаныш сыйлаған еді. Бірақ, сол кітаптың басы жақсы басталып, арты белгісіз кеткеніне алаңдап осы мұражайдың  директоры Нұрбек Нұралинге жолығып, сөзге тарттық.

- Сіз басқарған мұражайдан 2011 жылы Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» еңбегі табылып, әдебиетші қауым арқа-жарқа болып едік. Сол еңбек қазір қайда және не күйде?

-Алдымен бұл еңбектің қалай табылғанына тоқтала кетейін. Осы «Әдебиет және өнер» мұражайы 1989 жылы құрылады. Мұражай орналасқан құрылыс басқа меншікке өтіп, мұражайдағы өнер туындылары В.Куйбышев атындағы қалалық  өлкетану мұражайына көшіріледі.  Жәдігерлерге орын жетіспеді. Әсіресе, арабша оқитын адам болмағандықтан арабша жазылған кітаптар керексіз қалды. 2009 жылы мұражайды қайтадан тірілтуге мұрындық болдым. Шағын ғимарат тауып, сонда орналасып, ес жидық.   Бұл қолжазбаны  Шығыстану институтының  директоры Әшірбек Муминов ел аралап, құнды заттар жинап жүріп, осы  мұражайдағы сирек кітаптарды ақтарып көріп, алғаш «Диуана хикмет» деген болжам жасайды. Артынан қайта соғып нақтыламақ болды. Бірақ, қайта іздемеді. 2011 жылы бұл мәселені қайта көтердік. Алматыдағы біраз біледі деген адамдарға көрсеттік. Нақты дерек болмаған соң,  қолжазбаны Астанаға әкеліп түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлына көрсеттік. Ол кісі түріктанушы Иманғазы Нұрмұхаметұлына жолықтырды.  Олар бір күн ішінде қолжазбаның бір бетке жуығын аударды.  Қолжазба расында Қожа Ахметтің «Диуани хикмет» еңбегі екені дәлелденді. Иманғазы Нұрмұхаметұлына қолқа салып, қолжазбаны қазақ тіліне аударттық. Бастыруға қаржы да таптық. Қаржыны белгілі меценат Паң Нұрмағамбеттің тікелей ұрпағы «Оң – олжа» компаниясының президенті Нәбиев Марат шығарды. Бұл бауырымызға ел атынан алғыс айтам. Қазір «Фолиант» баспасында басылып жатыр. Кешікпей жарыққа шығып қалар.
- Іске сәт. Нұрбек мырза!  Кітап жарық көрген соң,  қалай пайдаланасыздар, қандай қажеттілік туындайды?

—  Біздің мақсат кітапты аударып, бастырып дайындап, мұражайда  құнды жәдігер ретінде сақтаумен қатар, Ұлы ойшыл бабамыздың хикметін насихаттап елге таныту. Біздікі тек аударту ғана. Аударманы ғалымдар, ішкі мағыналы сөздеріне үңіліп зерттейді деген үміттеміз. Тарихшылар, дін зерттеуші, өнер зерттеуші ғалымдарға ұсынамыз. Олар кәдесіне жаратар. Ол  ғалымдар мен уақыт еншісінде…

Қолжазба қайдан, қалай келіп, қалай сақталғаны  жайлы сұрағымызға, мұражайдың қор бөлімінің меңгерушісі Қожахметова Сара Құзайпақызының жауабы:

«Мұражай алғаш ашылғанда, мұражайды алғашқы ұйымдастырушылар Мариям Кенжеахметова, Карим Ілиясова ағалар, ел аралап, өнер туындыларын, кітаптар жинаған. Бұл кітаптар араб алфабитімен жазылғандықтан, оқитын адам болмай, құран кітаптар деп, тізімдей берген. Негізі, бұл қолжазба қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының  Айыртау, Рузаевка аудандарынан әкелініпті. Себебі, арабша жазылған кітаптардың барлығы, осы ауданның ауылдарынан әкелінгені тізімде байқалады. Бұл екі аудан кезінде Көкшетау облысына қараған. Мен осы мұражайға 1990 жылдан істеймін. Ғимарат болмай біраз көштік. Кітаптарға қарауға мұрша болмады. Дінді жете білмесек те арабша жазылған кітаптарды «Құран кітап» деп, ұғып, көбіне орап, шымқап, аяққа бастырмау жағын ойлап, шамамша сақтаған болдым. Сөйтіп, жүргенде соның бірі, осылай құнды жәдігер болып шықты. Бұл, қолжазбамен қатар келген құран кітаптар қазір көрмеде тұр. Бізде біраз құнды жәдігерлер бар» дейді, меңгеруші ханым.

Түйін.

«Диуани хикмет» қолжазбасы солтүстікке қалай келуі мүмкін? Ол жайында мұражай қызметкерлерімен, өз ойымды қортындылап мына жорамалды оқырман қауымға айтуды жөн көрдім.  Қолжазба бұрынғы Көкшетау Рузаевка, қаіргі Ғ.Мүсірепов және Айыртау аудандары ауылдарынан әкелінгені тізімде айқын жазылғанын көрдім.  Олай болса қолжазба Сарғалдаққожаныкі. Не Сарғалдаққожаның қызы Айғанымдыкі  болуы бек мүмкін. Олай деуге негіз бар. Біріншіде, қолжазба табылған, бұрынғы Рузаевка, қазіргі Ғ.Мүсірепов ауданында ат төбеліндей қожалар мекендеген.  Осы аудандағы  Бірлік ауылы , қожалар ауылы  аталыпты. Тың игеру кезінде тарап кетсе керек. Бұл ауыл Бұхарда көп жыл оқыған діни ғұлама әулие Сарғалдаққожаның ауылы екені тарихта бар.    Сарғалдаққожа Қожа Ахметтің туған  ініс Садыр шайхтың ұрпағы. Шығыс Қазақстаннан әулиелігімен танылып Абылайханға еріп келіп Есіл бойын мекендеп қалып қойған. Орданың имамы Абылайдан соң Ергенекті уақтың пірі, старшыны болған. Ғалымдар қолжазба Бұхар қағазына жазылған. Көшірілген уақыты шамамен 16- 17 ғасыр депті.  Бұхарда көшірілсе, Әулие Сарғалдақожа Бұхарда оқыған. Туған жері және ата бабаларының мекені сол жақ. Ал, Айғанымға келсек Айыртау ауданының Сырмбет ауылында өмір сүрген. Ақ патша  Айғаным ханшаға осында қонысы салып берді. Бұл қоныста Айғаным өмірінің соңына дейін болды. Айғаным 6 тіл білген, оқымысты, әсірес діни сауаты өте жоғары болған. Қонысында мешіт салдыртып, молда ұстаған. Айғаным әлем таныған ғалым Шоқанның әжесі. Уәлиханның кіші ханымы. Хан отбасында кітаптың неше түрі болғаны да мәлім. Қоныс шабуылға ұшырап өртенді, қазан төнкерісінен кейін иесіз қалды. Айғаным ұрпақтары қуғынға ұшырап, мүлкі талан-таражға түсті. Осындай қиын кезде, қолжазба ұрпақтарына, не басқаның қолына түсіп, осы күнге жеткен болар. Осы жайларды болжай келе «Диуани хикмет» қолжазбасы әкеден мұра болып қалған, әкелі, балалы Сарғалдаққожамен Айғаным ханшаның кітабы  десе болғандай. Бұл әлі де нақтылауды қажет етеді. Баспадан шығып оқырман қолына тисе, басқа да жорамалдар айтылар…

Ел тәуелсіздігінің арқасында ұлттық сана-сезім, салт-санамыз оянумен қатар, көне әдебиетіміз, өнер туындыларымыз, ата-бабаларымыздың құнды заттары табылып жатыр. Осының ішінде біз сырын білмейтін заттар да көп. Мұражайдан бойжеткен қыздың шолпысын көріп қызықтап, сылдырмағын сылдырлатып көрдім. Ұшында ұзындығы 5 – 6 см ұзын, күміс жалатылған жіңішке темір салбырап тұр. Сылдыры да ерекше. Бұл, жіңішке темірдің бірі құлақ, екіншісі тіс шұқуға арнап жасалған екі түрлі  қызметке арналған екен. Біз оны сәндік бұйым деп ұғамыз. Ал, оның тазалыққа да қажет бұйым екені белгілі болды.  Міне, ата бабаларымыздың әр нәрсені орнымен, оймен жасағаны көрініп тұр. Қалай таңданбайсың… Әлі де халық арасында сақталып жүрген құнды дүниелерді жиыстырып, зерттеп, зерделеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу бізге міндет. Осы міндетімізді абыроймен орындасақ, келешек ұрпақтың ұлтын ұлықтайтын ұлан болып өсуіне себеп боламыз.

Дахан Шөкширұлы Жәмші,

журналист

ult.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста