Қостанайға ерекше көбелектер келді

Қостанайға ерекше көбелектер келді

Облыстық көркемсурет галереясы күздің салқын күндерінде көбелектердің көрмесін өткізуде. Мұндай ерекше көрме біздің облы­сымыз­да алғашқы рет болып отыр. Оның ерекшелігі – көбе­­лектердің экзотикалық болуында. Біріккен жобаны «Халықаралық көбелектер үйі» таныстырса, қостанайлық суретшілер де қалыс қалмай «Ғажайып көбелектер» атты жалпы атаумен сурет көрмесін ұйымдастырды. Сөйтіп, бір сәтке көркемсурет галереясының іші түрлі көбелектерге толып кетті.

Экспозицияда 100-ден астам панно-экс­понаттары қойылған. Олардың әрқай­сы­сы – сирек кездесетін жәндіктер. Тіптен олардың ішінен әлемдегі ең сұлу көбелекті де көруге болады. Ол – сонау Мадагаскар аралынан табылған Урания. Ал ең үлкен көбелек – Атлас және күндізгі, түнгі кө­бе­лектер де баршылық. Тропикалық ор­ман­дар мен полярлы тундралар мекен­деу­шілері, гиганттар мен карликтер, белгілі жә­не жақында ғана танылған көбелектердің де түрлері бар. Осы әдемілігі көз тойды­ра­тын көбелектердің ішінде улылары да бар екен. Тіпті саяхатшы, сирек кездесетін және ең қымбат, символдық көбелектерді де кө­рермендер тамашалап, олармен жақын таны­са алды.
Ашылған көрме қостанайлықтарды өзіндік идеясының жаңашылдығымен бау­рап алды деуге болады. Себебі мұндайды күн­де көре бермейсіз. Шынайы экспонат­тар (бірегей көбелектердің үлгілері) таң­ғал­дырып, көбелектердің де соншалықты түрлері бар екендігіне көз жеткізгендей.
Ал «Ғажайып көбелектер» атты көрмені жергілікті суретшілердің жұмыстары то­лық­тырды. Бұл екі көрме бір-бірімен са­бақ­тасып, тақырыпты тіптен аша түскендей. Сурет­шілер өз туындыларында көбелектер әлемі мен гүл натюрморттарын тақырып етіп алған. Кескіндеме, графика және батик техникасында орындалған.
Көрменің бір өзгешелігі – келушілер өз­деріне ұнаған туындыларды сатып ала ала­ды. Халықаралық көбелек үйінің  ай­мақ­тағы өкілі Елена Труханованың айтуын­ша, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері көр­мені тегін тамашалай алады. Ал зей­неткерлер үшін кіру бағасы екі есеге дейін ар­зандатылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста