Қолөнеріміз бәсекеге қабілетті екен

Қолөнеріміз бәсекеге қабілетті екен

Жуырда Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында қолөнер шеберлерінің «Шебер-2010» екінші ұлттық байқауы мәреге жетіп, жеңімпаздары марапатталды. Бұл байқау «Шеврон» компаниясы мен Орталық Азиядағы Еуразия қорының бастамасымен және ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен екінші жыл ұйымдастырылып отыр.

Байқауды ұйымдастырушылардың діттегені – елімізде қолөнер өндірісін дамытып, дарынды, болашағынан үміт күттіретін шеберлерді ынталандыру әрі ұлттық қолөнер өнімдерін кеңінен насихаттау. Осы мақсатты бетке ұстаған олар конкурсқа қатысушыларды да «Дарынды бастау», «Озат іскер», «Жоғарғы сапа», «Жаңашылдық», «Төлтума» сынды жекелеген номинациялар бойынша іріктегенді жөн көріпті.

Сонымен, биылғы бәйгеге төлтума қолөнерін үкілеп қосқан 105 шебердің 57-сі екінші айналымға өтсе, соның 20-сы финалдық кезеңде қазылардың талқысына салыныпты. Нәтижесінде алматылық кестеші Ботагөз Зейнелхан – «Дарынды бастау», Алматы облысынан зергер Серікқали Көкенов – «Асыл ұстаз», киіз басатын цех ашқан Күлән Жанқұтты – «Қолөнер кәсібін ұйымдастырушы», ұлттық киім тігуші Әуес Сағынаева – «Жаңашылдық», зергер Сержан Баширов – «Төлтума», Гүлнар Өмірбек «Жоғары сапа» аталымдарында озық деп танылды.

Сол күні Президенттік мәдениет орталығында аталған байқауға қатысушылардың қолөнер туындыларының көрмесі де ашылды.

Сырт көз пікірі
 Джеф ЭРЛИХ, Орталық Азиядағы Еуразия қорының президенті:
– Мен бұрын Қазақстандағы қолөнер бәсекеге қабілетсіз, дамыту мүмкін емес деп ойлайтынмын. Өйткені бұл салаға жағымды және жағымсыз екі ықпалдың әсері болды. Жағымсызы – Қазақстандағы ұлттық қолөнерді іс жүзінде жойылуға әкелген Кеңес үкіметінің ықпалы, екіншісі – Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның қарқынды дамуы. Олай дейтінім, Қазақстанмен көршілес Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуына байланысты жұрттың көпшілігі қолөнерді күнкөріс кәсібіне айналдырып келді. Ал Қазақстанда жағдай басқаша болғандықтан, қолөнер кең өріс алған жоқ. Сондықтан бәсекеге қабілетсіз болар деп санадым. Алайда олай еместігіне кейінгі жылдары көзім жетті. Қазақстандағы қолөнер өте сапалы әрі бәсекеге қабілетті дамып келеді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста