Қолда бар құнды қолжазбаларды түгендей алмай отырмыз

Қазақстанда сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар­ды жинау мәселесі өте күрделі жағдайда. Оларды бір орта­лық­тан бақылап, түгендеп отыратын жүйе әлі күнге дейін жолға қойыл­май келеді. Осындай ықтиярсыздық салдарынан құнды жәдігерлеріміз тек шетелде ғана емес, өз ішімізде де ұстаған­ның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр. Ал бір бөлігі зерттеу жұмыстары қолға алынбағандықтан, ескіріп, жоқ болу­ға айналды.

Бір ғана ҚР Ұлттық кітапханасында 25 мыңнан астам сирек кездесетін кітап пен қолжазба бар. Ал жалпы ел бойынша олар­дың саны тіптен көп. Мамандардың айтуынша, санаққа ілінбей қалғандары да жетіп-артылады екен. Оларды ел қо­л­ы­­­нан жинап, зерттеу мамандары­мыз­дың басты міндеттерінің бірі болып табы­лады. Бүгінде біз қолда бар жәді­­г­ер­­ле­рімізді де игере алмай отырмыз. Біріншіден, сирек кездесе­тін кітаптар мен қолжазбаларды өңдеп, сұрыптап, сақтау мәселесімен ай­на­лысатын мамандар тапшы. Себебі Қа­зақстанда аталған мамандыққа оқытатын арнайы оқу орны не факультет жоқ. Сон­дықтан бұл іспен бізде тек тарих, кітапхана, басқа да факультеттерді бітірген мамандар айна­лы­суда. Екіншіден, сирек кездесетін кітаптар­дың республикалық электронды каталогы жасалмаған. Ғалымдарымыз да, кітапхана­шыларымыз да елдегі кітапхана­ларда қан­дай құнды жәдігерлеріміздің сақтаулы тұрғанын толық білмейді. «Мұн­дай элект­ронды каталогты енгізбей, тари­хымызды түгендеу мүмкін емес», – дейді мамандар. Көптен бері шешілмей келе жатқан үшінші бір мәселе – әлі күнге де­йін сирек кездесе­тін кітап, қолжазбаларды анықтау жұмыс­тары қолға алынбады. Со­ның салдарынан кейде құнды жәдігер­ле­ріміз сирек әдебиет­тердің қатарына енбей қалып жатады. Төр­тіншіден, құнды жәді­герлерімізді зерттейтін арнайы құрал-жаб­дықтар жетіспейді. Осыдан екі-үш жыл бұрын ғана ҚР Ұлттық кі­тап­­ханасы осын­дай құралдарды сатып алды. Ал еліміз бойынша оларды санауға саусақ саны да жетпейді. Мамандардың сөзіне қараған­да, қазіргі таңда Қазақстан­дағы сирек кездесетін қолжазбалар мен әдебиеттерді сұрыптап, құнттау ісімен ше­тел мамандары айналысуда. Ол үшін біз ел бюджетінен қыруар қаржы жұмсап жатыр­мыз. Егер бұл іспен өзіміз айналыс­сақ, жәдігер­лері­мізді де дереу арада түгендеп аламыз, ақша­мызды да шетке шашпайтын едік.
Орынбасар Исахов, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры:
–    Мен мұндай кітаптар мен қол­жаз­­баларды сұрыптау үшін қанша қаржы кететінін дәл айта алмаймын. Бір ғана айтатыным, бұл –қыруар еңбекті қажет ететін іс. Сол себептен де біз шетел маман­дарын шақыруға мәжбүрміз. Мәселен, VII немесе VIII ғасырға жата­тын бір әдебиетті қалпына келтіру үшін оның қандай заттан жа­сал­ғанын, қан­дай бояу пайдалан­ға­нын, қандай жағдайда сақталғанын түгел зерттеу керек. Қазір осы бағытта тәжірибе жи­нау үшін мамандарымыз­ды шетелдерге жіберіп жатырмыз. Алдағы уақытта бұл іспен түгелдей өзіміз айналысамыз деп ойлаймын.

Расында да, қазақ тарихына дәл қа­зақ­­тың өзіндей ешкімнің жаны ашымайды. Сондықтан бұл салада, ең алдымен, кадр дайындау ісін жолға қою керек. Осы жайлы белгілі тарихшы Қамбар Атабаев: «Қазақ­станда деректану ғылымын қолға алу ке­рек. Бұл ғылымды дамытпай, біз қолжазба жинау мәселесімен дұрыс ай­налыса ал­май­мыз», – дейді. Оның сөзіне қарағанда, қазақ халқының тарихына, өткен-кеткеніне қатысты шежіре деректер жеткілікті, бірақ оны тану жұмыстары көңіл көншітпейді. Елбасымыз тарихымыз­ға қатысты шежіре, дерек жинауға тап­сыр­ма бергенімен, іс жүзінде онымен ай­­на­лысатын мамандар жоқ болып шық­ты.
Қамбар Атабаев, тарих ғылымының докторы:
– Қолжазбалар қазақ халқының тарихын бейнелейтін құнды деректер болып табылады. Дегенмен мұндай қолжазбалар әлем елдеріне шашырап кеткен. Ал қолда барын өзіміз игере алмай отырмыз. Біз деректермен жұ­мыс істеуді білмей, қолдағы қолжаз­ба­ларды айналымға енгізе алмаймыз. Сондай-ақ шежіре, дерек жинаумен, зерттеумен айналысатын бірде-бір ме­кеме жоқ. Мәселен, славяндарда көп жылдар бойы жылнама жазу тарихты жазудың формасы болып келді. ХVIII ғасырда жылнама жазу тоқтағанда, ол таза дерек көзіне айналды. Содан бас­тап жылнаматану ғылымы қалыптасты. Орыс ғалымдары 200 жылдан астам уақыт бойы жылнама жазу ісімен айна­лысқан. Ал біз әлі күнге дейін да­йын шежіремізді түгендей алмай отыр­мыз. Осыдан-ақ жағдайдың қанша­лық­ты мүшкіл екенін білуге болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста