Қазақтың дәстүрлі ән өнері қолжаулық емес

Кеше Астанада Әміре Қашаубаев атындағы VII рес­публикалық дәстүрлі әншілер конкурсы мәреге жетті. Ұлттық ән өнеріміздегі ең шоқтығы биік дода – осы. Мұнда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар ғана бағын сынайды. Үш күнге ұласқан ән жәрмеңкесі ұлттық өнерге деген құрметіміздің қандай­лық екенін анық көрсеткендей. Осы үш күн бойына Президенттік мәде­ниет орталығының соншалықты кең емес залына көрермен жартылай да толмай-ақ қойды. Сахнада шырқа­лып жатқан қазақтың ең ғажайып әндерінің өзін тыңдап отырғандар – байқауға қатысушылардың шашбауын көтерген туған-туыс, дос-жа­ран және қазылар алқасы.

Бұл жайдың бәрін конкурс аяқталған соң баспасөз мәслихатын өткізген қазылар алқасы мен ұйымдастырушылар да айтты. «Бұрын мұндай конкурстарды қазақ теле­ар­налары толық жазып алып, бүкіл қарай­ған қазаққа бастан-аяқ көрсететін. Қазір басталды деп бір жылт еткізеді, бітті деп бір жылт еткізеді», – деді қазылар алқа­сы­ның төрағасы, Халық әртісі Қайрат Бай­босынов. Оның бұл өкпесін әйгілі әнші Ға­рифолла Құрманғалиев дәстүрін жалғас­ты­рушылардың бірі, 1988 жылы өткен ІІ Ә.Қашаубаев атындағы конкурстың жүл­де­гері Сәуле Жанпейісова жалғастырды: «Өнер – көрерменімен көрікті. Көрермен өте аз болды. Астанадағы мәдениетті гүл­ден­діреміз деп кеткен зиялы қауым қайда? Ұлттық өнерімізге олардың жаны ашы­маса, кімге өкпе айта аламыз? Депутат­тардың бірі неге келіп кетпейді».
«Қазақ әуендері» АҚ президенті Ғалым Ахмедияровтың айтуынша, кон­курс­қа 9 миллион теңге қаражат бөлініпті. «Бұл көп ақша емес. Дағдарысқа байланысты ерік­сіз қысқартылды. Соған қарамастан өте жоғары деңгейде өтті деп білем», – дейді ол. Бөлінген қаражаттың аздығын белгілі сазгер Жоламан Тұрсынбаев та айтты.
«Жас қанат» секілді байқаулардың қа­лай алаулатып-жалаулатып өтетіні, теле­ар­налардан жылдар бойы көрсетіліп жа­татыны, байқаудың әрбір күнінің теле­күн­делік болып ұсынылатыны белгілі. Ал дәс­түрлі ән байқауынан оның лебін де көр­мейсіз. Әйтеуір «қарап жатқан жоқпыз» деп есеп беру үшін ғана өткізілетін секілді. Әміре Қашаубаев атындағы кезекті кон­курс осылай ауыр ой тастап кетті. Қазақтың дәстүрлі ән өнері қашан осы қолжаулық күйден құтылар екен?
Конкурстың жүлдегерлері:
Гран-при – Ахат Кенжебаев (Алматы қаласы);
І жүлде – Ерлан Рысқали (Алматы қаласы);
ІІ жүлде – Жасұлан Базарбеков (Алматы қаласы);
ІІІ жүлде – Азамат Түсіпбек (Астана);
Жәнібек Кәрменов атындағы арнайы сыйлық – Гүлмира Хамзина;
Мәдениетті дамыту қорының сыйлығы – Амангелді Қожанов;
Президенттік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбековтің «Үміт» сыйлығы – Нұрболат Әбілхан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста