«Қазақстанның» бірінші орынға шығуы ненің белгісі?

«Қазақстан» ұлттық арнасы Тәуелсіз­дігіміздің 20 жылдығы қарсаңында, 1 қыркүйектен бастап толығымен мем­лекеттік тілде хабар таратуға көшкен­де ақжолтай жаңалықты қазақтілді басылымдар жарыса жазып, халықтан сүйінші сұрап еді. Сол кезде біз де «енді 100 пайыз қазақша сөйлей бастаған «Қазақстан» ұлттық арнасы ұжымының алдында үлкен жауапкершілік тұрғаны анық. Тілдік пайызды толығымен орын­дадық, енді сапалық, көркемдік және мазмұндық көрсеткіштерді де арттырып, мемлекеттік тілдегі хабар­лардың рейтин­гісін көтеруге жұмыла кірісу қажет» деген талап-тілегімізді жеткізген едік.
Жуырда ұлттық арна тағы бір жағымды жа­ңа­лықтың себепкері болды. Арнаның баспасөз қызметі тарат­қан мәліметтерге сенсек, ТНС Гэллап Медиа Азия (TNS Gallup Media Asia) зерттеу компаниясының мәлі­меттері бойынша 2013 жылдың 1 қаңтар мен 10 ақ­пан аралығында  «Қазақстан» телеарнасы 100 мың­нан төмен тұрғындары бар елді мекендер, яғни ша­ғын қалалар, аудандар мен ауыл тұрғындары ара­сында 23,3% орташа тәуліктік үлес көрсеткішімен бі­рін­ші орынға шыққан. Осылайша 6+ бағамы бо­йын­ша, (6 жастан жоғары қазақ және орыстілді кө­рер­мендер арасында) ұлттық арна қазақтілді ауди­то­рияда ғана емес, барлық телевизиялық аудитория бо­йынша да отандық өзге телеарналардың алдына шығып, жетекші позицияны нық ұстап тұр.   Бұрын сараптамалық зерттеулер 100 мыңнан жоғары тұр­ғындары бар қалаларда ғана жүргізіліп келсе, өткен жыл­дың 1 сәуірінен бастап 100 мыңнан төмен тұр­ғын­дары бар елді мекендер  зерттеу аясына енгізіл­ген. Бұл рейтингілік көрсеткіштердің объективтілігін аңғаруға мүмкіндік береді.
Зерттеушілердің пайымынша, «Қазақстан» ұлт­тық арнасының үлес салмағы мен рейтингінің өсуіне төл өнімдері сапасының артуы мен қазақтілді бағдар­ламалардың бәсекеге қабілеттілігі әсер еткен.
Әдетте салмақты рейтингтік бағамдауларда отан­дық арналардың, оның ішінде қазақ тіліндегі бағ­дар­­ламалардың үлес салмағы тым аз болып келетін. Мем­­лекеттік телеарналар мұндай беделді рейтингілік зерт­теулер тізімінде тіпті алғашқы ондықтың да қата­ры­нан көрінген емес. Күні-түні тек қазақ тілінде ха­бар тарататын «Қазақстан»  телеарнасының жоғары көр­сет­­кіш­ке ие болуы бағдарламалар сапасының ар­тып, қа­зақтілді аудитория арасында едәуір сұра­ныс­қа ие бола бастағанының белгісі деп түсінгеніміз дұ­рыс.
Арқа төсіндегі Астана төрінен айшықты орын тап­қан ұлттық арна бүгінде заманауи үрдіспен даму са­т­ы­сына аяқ басып келеді. Кезең-кезеңімен жаңа жо­ба­лар мен тың бастамаларды жүзеге асыра бастаған ар­на басшылығы мен шығармашылық ұжымы қа­зақ­тілді бағдарламаларды жандандыра түсу жолын­да жұмыла еңбек етіп отырғаны анық.
Осыдан екі жыл бұрын Елбасы өзінің Жолдауында: «Ал­дымызда мынадай міндет тұр: 2017 жылы мем­лекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың саны кем де­генде – 80%, ал 2020 жылға қарай кем дегенде 95%-ға жетуі тиіс. Енді 10 жылдан кейін мектеп бі­тіруші тү­лек­тер 100% мемлекеттік тілді білетін бола­ды. Біз бұл үшін бәрін жасап жатырмыз», – деп атап көр­сеткен еді.
«Қазақстан» ұлттық арнасы электронды бұқаралық ақпарат құралдарының ара­сынан бірінші болып Елбасының осы Жол­дауда айтылған міндеттерін орындауға кірісті. Мемлекет басшысының тікелей қол­дауымен «Қазақстан» ұлттық арнасы 100% қазақ тілінде хабар тарататын бір­ден-бір үлкен арнаға айналды. Алғаш­қы­да ел тұрғындарының 95%-ы қазақ тілінде сөйлеп кетуіне күмән келтіргендер ұлттық арнаның рейтинг жинап, үлкен сұранысқа ие болатынына сенімсіздікпен қараған еді. Бірақ, жоғарыдағы нақты деректер көр­сет­кендей, «Қазақстан» ұлттық арнасы көрер­мен сұранысын қанағаттандырып қана қой­­май, халықтың көкейіндегісін таба білді.
Ұлттық арна ақпараттық-сараптама­лық, әлеуметтік, танымдық хабарлары, қы­зық­ты мегажобалары мен тартымды те­ле­хикаялары арқылы көрермен көңілінен шығып келеді. Әрине, отандық телевизия сала­сында әлі де болса атқарар шаруалар шаш етектен. Дегенмен осындай қарқын­ды бәсеңдетіп алмаса, аз уақыттың ішінде та­лай әлемдік телеарнамен бәсекеге түсе ала­тыны анық.
Сұлтан Оразалинов, жазушы, Қазақ телевизиясының ардагері:
– Бүгінгі күні елімізде хабар таратып жүрген барлық телеарналар қазіргі «Қа­­зақ­стан» телеарнасының бауыры­нан өр­біген. Өзінің жарты ғасырдан астам тари­хын­да бұл телеарна түрлі өзгерістерді бастан өткерді. Әйтсе де қандай қиын ке­зең­дерде де ол өзінің Қазақ телевизия­сы­ның көшбасшы қа­лыбын сақтай білді. «Қа­зақстан» арна­сының толығымен қазақ тілін­де хабар таратуы – ұлттық сана-сезімі­міз­дің оянуының белгісі. Ал ұлтымыздың өз тілін­де сөйлейтін ұлттық арнаның рей­тин­гіл­ік көрсеткішінің жоғарылауы – ар­на­ның кәсібилік деңгейінің өскендігі мен жалпы халыққа қажет дүниелерді мо­лынан ұсына бастауында. Бұрын отан­дық теле­өнім­­деріміз көрермен тарапынан да, са­рап­шылар тарапынан да бағалана бер­мейтін. Десек те, ке­йінгі кезеңдерде Қазақ те­левизиясы өз­ге­лермен ашық бәсекелес жағда­йын­да жұмыс істей алатындығын дәлелдеп келеді. Оның үстіне, біздің еліміз бойынша жүргізілетін рейтингілік зерттеу­лер­дің басым бөлігі орыстілді аудиторияға сүйе­ніп жасалатын. Мұн­дай біржақты тал­дау­лар шынайы көр­сет­кішке қол жеткізе бер­мейтін. Соның сал­дарынан қазақ тілін­дегі бағдар­ла­маларымыз тасада қалып қо­йып жа­татын. Алайда беделді талдау орта­лық­тары ондай олқылықтарға жол бер­­­­­­мей­­ді. Өйткені көрерменді, жалпы, ха­лық­­ты алдау мүмкін емес. Осы тұрғы­дан алған­да, «Қазақстан» ұлттық арна­с­ы­ның өзге арналардың арасында көш бастап тұ­руы қуанарлық жайт.

Серік Абас-Шах, «Қазақстан» ҰТА продюсері:
– Кез келген медиақұрылым бірінші кезекте рейтингілік көрсеткішке жұмыс істейтіні белгілі. Себебі жақсы көрсет­кіш­ке ұмтылу барысында сапа мен маз­мұнға баса назар аударылады. Бұл ретте, әрине, көрермен сұранысы да ма­ңыз­ды рөл атқарады. Соңғы кездер­дегі ұлттық арнаның жетістіктері – не­гізінен бағдарламалар кестесін дұрыс жос­парлап, менеджменттік әдіс-тәсіл­дер­ді тиімді қолданудың нәтижесі. Ал бағдарламалар кестесін тиімді уақытқа орайластырып, түзіп отыру үшін жақсы өнім керек. Аудиториямыздың көбеюі­не біз бірнеше нақты қадамдар арқылы қол жеткізудеміз. Бірінші кезекте қы­зықты сериалдардың көрерменге қо­лай­лы уақытта ұсынылуы. Мұның өзі ар­н­а­мызға назар салатындар қатарын молайтты. Мысалы, аптасына төрт рет эфирден берілетін бір ғана «Айтуға оңай» ток-шоуы экран алдына қаншама көрермен жинайды?! Бұл бағдарлама бір тақырыптан келесі тақырыпқа дейін көпшілікті қызықтыра түсуде. Халыққа жа­қын жобалар мен өзге де телеөнім­дердің көбеюі аудиториямыздың да көбеюіне алып келуде. Бәсекелестік мық­ты дамыған бүгінгі кезеңде телеар­нада сауатты менеджмент мен жұмысты оңтайлы үйлестіру өте маңызды. Бұл рет­те арна басшысы Нұржан Жалауқы­зы бастаған жаңашыл ұжымның ең­бе­гінің зор екенін атап өткеніміз абзал.

Жоғарыда көрсетілген ТНС Гэллап Медиа Азия зерттеу компаниясының мә­лі­меттері 100% мемлекеттік тілде хабар тара­татын «Қазақстан» телеарнасының өзге ұлттар арасында да үлкен сұранысқа ие екенін дәлелдейді. Бұл – «Мемлекеттік тіл, барша қазақстандықтарды біріктіруші фак­тор болуы тиіс» деген Елбасының сөзі шындыққа айнала бастағанының нақты көрінісі.
Жарты ғасырдан астам бейнелі тарихы бар «Қазақстан» ұлттық арнасының таралу ауқымы қазіргі кезде шамамен – еліміздің 98,63 пайыз, ал Қазақ радиосы – 88,74 пайыз, «Шалқар» радиосы 61,31 пайыз тұр­ғынын қамти алады. Бұған қоса, осы арналарды ғаламтор арқылы онлайн жүйе­сі арқылы миллиондаған адамдар көріп, тыңдай алады. Жалпылай алғанда, мұндай кең ауқымды аудитория еліміздегі басқа теле-радиоарналардың бірінде жоқ десек, артық айтқандығымыз емес. Мұны­мен қатар отандық ақпарат саласында мемлекеттің пәрменімен үлкен жобалар еңсеріліп, «Балапан», «Мәдениет», «Бі­лім» телеарналарының ашылуы қазақ тілінің бұдан да ары кең өріс алып өркен жаюына, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Енді аз күнде қазақ спортын арқау ететін жаңа бір арна эфирге шықпақ. Осылайша біз өзіміздің ақпараттық кеңістігімізде кезін­де жіберіп алған еселерімізді уақыт өт­кен сайын есе­леп қайтару үстіндеміз. Қа­лай болған күннің өзінде де, бұл қадамдары­мыз ұлтымыздың болашағы үшін жасалып жатқан игі істер.
Ақпараттар тасқыны дес бермейтін бүгін­гідей жаһанданған әлемде өз үніңді тиісті жерге естіртіп, өз бейнеңді айқындап, дүр­мекке толы дүниеде өзіңді мойындату аса оңай шаруа емес. Әр саладағы күшті бәсеке тек өз ісінің мықты мамандарына жол береді. Әсіресе ақпарат саласында жемісті нәтиже­лер мен жоғары көрсеткіштерге ие болу тынымсыз еңбек пен жан-жақты ізденістерді қажет ететі­ні даусыз. Мұндайда қазіргі заман талабы мен на­рықтың заңды­лықтарына бейімделіп іс ат­қа­ратындардың жұлдызы жоғары. «Қазақ­стан» телеарна­сы­ның отан­дық арналардың ара­сынан оза шы­ғып,биіктен көрінуі – бұл ал­дымен қазақ кө­рер­менінің жеңісі. Өйткені арна сол кө­рер­меннің сұранысын қанағат­тан­дырып, сол көрерменге жұмыс істейді.

Р.S.
Көрермен дұрыс болса, арна да сапалы жұмыс істемек. Ендеше, «көк жә­шіктің алдында» отырып алып, ананы-мынаны сынап-мінеп отыра бер­генше, талғамды дүниелердің көп болуына қарапайым көрермен де ат­са­лысуы тиіс. Қалай десек те, рейтингтегі жақсы көрсеткіштерге тоқ­мейіл­сіп, босаңсуға болмайды. «Мұндай қорытындылар қайта арна ұжы­мын ширата түссе» деген және бір тілегіміз бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста