Қазақстан қашқындардың бас сауғалайтын мекені ме? (фото)

Біздің елімізде тыр жалаңаш жүресің бе, әлде шешініп тастап клип түсіресің бе, жоқ әлде миллиондардың көзінше әркіммен сүйісесің бе, әйтеуір «қой дейтін қожа, әй дейтін ажа жоқ». Сондықтан болар, өз елінде ерсі қылық көрсетіп көзге түсіп қалған әншілер, әдепсіздігі үшін абыройымен қоса лицензиясынан айырылып қалғандар Қазақстанға қашып келіп жатыр екен. Өзіміз онсыз да саны мен көкірегін жалтыратқан жалаңаштардан арыла алмай отырғанда ендігі жетпегені өзге елдің қашқындары еді?...

Жақында ғана «ұятсыз» видеороликке түсіп қалғаны үшін Өзбекстанда лицензиясынан айрылған әнші Эсмеральда Рахматова (творчестволық лақап номы Тамила) Қазақстанға келіпті. Бұл туралы Qalampir сайтының дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.
Өзбектің сатиралық порталы әнші қыздың кетер алдында өзінің Instagram-дағы аккаунтын алып тастағанын хабардар етеді. Сейсенбі, 2 ақпан күні «Узбекнаво» мемлекеттік эстрадалық бірлестігі ашық-шашық қалыпта видеороликке түсіп, басы жанжалда қалғаны үшін Тамиланың лицензиядан айрылғанын мәлімдеген еді.


Жалпы, өзбек ағайындар мың жерден өнер адамы болса да, ұлтының абыройына нұқсан келтірген әншілерді аямайды. Олар саханалық киімдеріне байланысты сын-ескертпелерге құлақ аспаған, көпшілік алдында әдепсіз қылық көрсеткен әншілерді сахнаға шығу құқығынан бірден айырады. Естеріңзде болса, атағы әлемге әйгілі Юлдуз Усманованың өзін өзбектер өзге елдің алдында ұлтымыздың беделін түсірді деп бірнеше жыл Өзбекстанға кіру құқығынан айырған еді. Сол секілді әнші Азиза да ерсі қылығы үшін өз еліне жолай алмай Ресейді паналап жүр.
Қай елдің болмасын шоу-бизнес өкілдерінің ішінде өзгелерден ерекшеленгісі келіп тұратын, «атың шықпаса, жер өртенің» керін келтіретін адамдар табылады. Егер осындайларды еркіне жіберетін болса, оларға еліктеушілердің көбейетіні сөзсіз. Қазір біздің әншілеріміздің көбі шетелдің, Ресейдің әншілеріне еліктеп жүргені айдан анық. Атақты болудың жөні осы екен деп ойларына келгенін істеп жүрген әншілеріміз халықтың сыни пікірлерінен тіпті ләззат алатын күйге жетті. Ал «бүйректен сирақ шығарғысы» келетін өзге елдің әншілері: «Қазақстанда емін-еркін тайраңдауымызға болады екен» деп бүгінде біздің елімізге келіп жатқаны еліміздегі тұсусыздықтың белгісі емей немене?


Өткен жылдың соңында Қайрат Нұртас еліміздің бас қалаларында дүркіретіп концерт берді. Сонда оның концертіне сонау Ресейден Тимати мен Нюша, «Рефлекс», Сергей Лазерев секілді біраз әншілер келген болатын. Осы әншілердің ішінде біздің Қайратпен бірге сахнаға шыққан Нюшаны қазақша ән шырқағаны үшін әспеттедік. Сонда арамызда біреулер: «Нюша Қазақстанға келгенде біздің менталитетімізді ескеріп, санын жалтыратпай, дұрысырақ киінсе қайтеді» дегендей де пікірлер білдірді. Тағы біреулер: «Нюшаны қоя тұрып, өзіміздің сахнадағы жалаңаш қыздарымыздың етегін жауып алайықшы алдымен» деп еді.


Расында да, сырттан келген әншілер тұрмақ, қазір біз өзіміздің отандық әншілеріміздің сыртқы келбетіне бір ауыз сыни пікір айтудан қалдық. Өйткені шоу-бизнестің заңдылығының бірі жалаңаш жүру екен деген түсінік қалыптасып, қыздарымыздың жалаңаш кейпіне көзіміз үйреніп кеткен секілді. Енді ашық-шашық киіну былай тұрсын, әншісымақтар көпе көрнеу әлеуметтік желілерге бір-бірімен сүйісіп, бір-біріне артылып тұрған суреттерін жариялаудан жарысқа түсіп жатқандай. Күні кеше дүйім жұрт Дильназ Ахмадиева мен Әсел Сәдуақасованың ерін түйістіріп сүйісіп отырған суретін көрді. Бір-бірін туған күнімен осылай құттықтаған әншілер осы суретті жұрттың назарына әдейі ұсынып отырған жоқ па? Әлеуметтік желіде сан мыңдаған оқырманды жиып алып, бейәдеп суреттерін жариялау арқылы өздерін жарнамалауды еш әбестік деп есептемейді олар.


Әнші-бишілерді орынсыз тайраңдатып қойған жалпақшешейлігіміздің кесірінен ұрпағымыздың азып бара жатқанын қашан түсінер екенбіз?

Айнұр СЕНБАЕВА

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста