Қазақстан ғылымы бір ортаға шоғырланды

Қазақстан ғылымы бір ортаға шоғырланды

Бүгін – Қазақстан ғылымының күні. Бұл айтулы күннің қазақ ғылымының дамуына зор үлес қосқан аса көрнекті қазақ геологі, қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің өзінде үлкен мән бар. Қаныш Имантайұлы алғаш Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалап, өзі осы ғылым ордасының тұңғыш президенті атанған еді. Кезінде академик Қ.Сәтбаевтың тер төгуімен 1948-1953 жылдары салынған Ғылым академиясының ғимараты Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай күрделі жөндеуден өтіп, бүгінде «Ғылым ордасы» атты көпфункциялы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға айналды. Таяуда осы «Ғылым ордасына» шоғырланған бірнеше мұражайдың қызметкерлері журналистерге арнайы саяхат ұйымдастырып, ғылым орталығында атқарылып жатқан іс-шаралармен кеңінен таныстырды.
Еліміздегі ғылымды дамытудың маңыз­дылығын жиі-жиі қадап айтатын Елбасының бастамасымен соңғы жылдары Қазақстан ғылымы біршама жетістікке жетті. Әсіресе ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында қабылданған «Ғылым туралы» Заң ғылым­ның дамуына жаңа серпін берді деуге бо­лады. Соңғы уақыттарда ғылым саласында атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде республикамыздағы ғылыми жұртшылық ғылым мен білімді дамыту мақсатында бір ортаға шоғырландырылды.
Роза Кәрібжанова, «Ғылым ордасы» РМК бас директоры:
– Біздің орталықтың басты мақсат­тарының бірі – Қазақстан ғылымының тарихы мен бүгінге дейінгі жетістіктерін ғылым-білім және мәдени-ағартушылық қызмет арқылы көпшілікке насихаттау. «Ғылым ордасы» РМК ғимаратының жалпы аумағы – 40 мың шаршы метр. Осы аумаққа Қазақстан Республика­сы­ның Ұлттық академиясы, 11 ғылыми-зерт­­теу институты, қорында 6 миллионға жуық кітабы бар Орталық ғылыми кітап­хана, академик Қ.Сәтбаевтың мемор­иал­дық мұражайы, үлкен зал, концерт залы, кино залы, кіші зал, қысқы бақ жә­не сурет галереясы орналасқан. «Ғылым ордасы» сынды көпфункциялы орталық ғылым және білім, мәдениет салаларын­да қызмет ететін құрылымдар­дың мүд­делерін жүзеге асыруға қол ұшын бере­ді. Мұнда көптеген диалог алаңы ұй­­ы­­м­­дастырылып, конферен­ция­лар, сим­позиумдар, ғылыми форумдар, дөң­гелек үстелдер, семинарлар, шығар­машылық кештер, көрмелер өтіп тұра­ды.
«Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында бізді қатты қуантқан жағдай: мұнда кітапханатану, мұражай ісі, ғылыми тарихнама салаларын­да келелі істер атқарылып, ғылыми-техни­калық бағдарламалар мен жобалар әзірле­нуде екен. Сондай-ақ бір орталыққа бір­не­ше ғылыми мұражай кешені шоғыр­ла­ныпты. Ондағы негізгі мұражайлар – Қазақстан ғылымының тарихы мұражайы, Табиғат мұражайы, Археология мұражайы, Сирек кездесетін кітаптар мұражайы. Қа­зақстанда алғаш құрылған Ғылыми мұра­жайлар кешені ғалымдардың, мұражай қызметкерлерінің, дизайнерлер мен сурет­шілердің, инженерлердің басын біріктіру арқылы іргелі істерді атқаруға негізделген. Аталған мұражайлардың экспозицияла­рының құрамына ғылыми жұртшылық үшін де, түрлі әлеуметтік бұқара үшін де қызығу­шылық тудыратын зерттеулер, ғалымдардың интеллектуалдық еңбектері енген. Мұра­жай­лар кешеніне кіретін әр мұражайда белді-белді ғалымдар, ғылыми қызметкер­лер қызмет етеді. БАҚ өкілдерін осы мұра­жайларға саяхат жасатып, ондағы әрбір экспонат туралы кеңінен мағлұмат берген ғылыми қызметкерлер болашақта жазылуы, насихатталуы тиіс біршама қызықты дерек­термен бөлісті.
Біздің елімізде Археология мұражайы 1973 жылы белгілі тұлға Д.Қонаевтың ұсы­нысымен алғаш ашылып, онда Ә.Марғұлан, А.Нүсіпбеков, К.Ақышев, М.Қадырбаев сын­ды ғұлама ғалымдардың еңбектері орын алып, ғылыми-зерттеу базасына ай­нал­ған болатын. Қазақстандық археология­ның ең маңызды жәдігерлерінің бірі – Есік қорғанынан табылған «Алтын адам».
Өткен ғасырда құрылған көне мұражай­лардың тағы бірі – Табиғат мұражайы. Мұн­дай палентологиялық мұражай академик Қ.Сәтбаевтың көрегендігімен 1958 жылы құрыла бастап, ресми түрде 1961 жылы ашылды. Геология ғылымы үшін Қазақстан территориясынан табылған жануарлардың сүйектері өте маңызды. Бүгінде мұражай бірнеше жылдық үзілістен кейін қайта жаңғырып, жаңаша бағытта қызмет етуде. Қайта өңделіп, қалпына келтіріліп жатқан Табиғат мұражайында бүкіл әлемді таңғал­дырған экспонаттар қойылған. Сондай-ақ бұл мұражайдың басты ерекшелігі: мұнда тек Қазақстан территориясынан табылған жануарлардың сүйектері орын тепкен.
Ендігі екі мұражай – Қазақстан ғылымы тарихының мұражайы мен Сирек кездесетін кітаптар мұражайы былтыр ғана ашылған ғылыми инновация болып табылады. Оның бірі қазақ ғылымының сан қилы тарихынан сыр шертсе, енді бірі көне қолжазбалар арқылы тарихты сөйлетеді.
Өмір Тұяқбаев, арабист-шығыстану­шы, сирек кездесетін кітаптар мұражайы­ның ғылыми қызметкері:
– Мұражайдың басты мақсаты – Қазақстандағы, шетелдердегі сирек кез­десетін кітаптарды жинақтау, толықтыру, талдау. Жалпы, қазақ жазба мұралары түрлі тарихи тағдырларды бастан кеш­кен. Ең әуелі Қазақстан территориясын­дағы жазба мұраларды орыс зерттеу­ші­лері мақсатты түрде жинап алып кеткен. Тарихта Бөкей ордасының ханы Жәңгір орыс зерттеушілеріне 171 кітап берді деген дерек бар. Төңкеріс жылдары дін ұстанған молда, ишандар, жалпы қолы­на кітап ұстаған қауым көп қуғын көрген. Шетелге қашқан молдалар, ишандар кітаптарын жерге көміп кеткен екен, кейбірі кәмпескелеуге түскен. Сондықтан Қазақстанда жазба жәдігерлер өте үлкен тауқыметті бастан кешірді. Елбасының бастамасымен «Мәдени мұра» бағдар­ла­масы іске асқан жылдары экспеди­циялардың нәтижесінде 31 мыңнан астам жазба мұра жинақталған екен. Сирек кездесетін кітаптар мұражайы кітап­тарды жинап, тозығы жеткен кітап­тар­ды реставрация жасап, жүйелі түрде каталогын құрастырады. Бүгінде мұра­жайда 500-ге жуық кітаптар мен қол­жаз­балар жинақталды. Қазіргі кезде кітап қорын толықтыру мақсатында Татарстандағы Лобачев атындағы кітап­ханаға, Өзбекстандағы Әбу Райхан Би­ру­ни атындағы Шығыстану институтына және Ресейдің көптеген қаласындағы, басқа да алыс-жақын шетелдердегі институттар мен кітапхана қорларына, мұрағаттарға хат жазып, қазақ қолжаз­ба­ларын алуға, ең болмаса көшірмелерін алдыртуға ынталанып жатырмыз.

«Ғылым ордасындағы» мұражайларға жасаған саяхат, ондағы қызмет­кер­лермен болған әңгіме бізді біраз ойға қалдырды. Президентіміз айтқан­дай, «Ғылым­ға қызмет ету – бұл ең алдымен елге қызмет ету, өз зерттеуле­ріңді халық пен қоғамға арнау». Біздің елімізде ғылымды өрге сүй­реп келе жатқан ғалымдарымыз бар. Тек соларды ынталандыру, еңбектерін насихат­тау, бір жаңалық ашса, соны тиісінше бағалау кемшін түсіп жатады. Осы тұрғыда болашақта отандық ғылымымыздың қарыштай түсуіне бәріміз мүдделі болсақ дегіміз келеді. Ғалымдар­дың арасында бәсекелестік болса, оларды насихаттайтын басылым­дар саны көбейсе, ғылымдағы үлкен жетістіктердің де ауылы алыс емес...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста