Қазақстан арт-рыногы артта қалып барады

Қазақстан арт-рыногы  артта қалып барады

Қазақстандық арт-рынок. Осы бір тіркес тек сөз жүзінде бар болғанымен, іс жүзіндегі ахуалы қалай? Әрине, қай салада болса да, басқа дамыған елдерден қалыспай, иық тірескіміз келетіні рас. Экономикасы қарқынды дамыған елдердің өнері де өркендеп тұрғанын көргенде қызыға да, қызғана да қараймыз. Ал біз өзіміздің барымызды бағалай алып жүрміз бе? Мамандардың пікірінше, қазақстандық қылқалам шеберлерін дүниежүзіне таныту үшін арт-рынок ұйымдасқан түрде жұмыс істеуі керек. Бізде, бір қарағанда, суретшілеріміз де, түрлі галереяларымыз да жетерлік. Ал қазақстандық арт-рынок қандай деңгейде? Міне, біз көпшіліктің көкейіндегі осы бір сауалға жауап іздеген едік.
Ең алдымен қазақстандық арт-рынокты сөз етпес бұрын классикалық арт-рынокқа анықтама бере кетсек. Арт-рынок суретші, арт-дилер, галерея және сатып алушы деген ең маңызды құрамнан тұрады. Осы төртеуі түгел болғанда ғана арт-рынок бар деуге уәж бар. Енді осыларды түгендеп көрейік...
Суретшілік өнер ме, кәсіп пе?
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Қазақстанға жан-жақтан шет­ел­діктер ағылды. Еліміздің басты қала­ла­рында елшіліктер, халықаралық ұй­ым­­дар ашылып, дипломаттар мен кәсіп­­керлер көптеп келетін болды. Олар отан­дық сурет­шілеріміздің жұмыстарына қызы­ғу­шылық танытып, алғаш қазақ­стан­дық қылқалам шеберлерінің картина­ла­­рын сатып ала бастады. Бір-екі жыл­­­дан соң қазақстандық кәсіпкерлер де суретшілердің туындыларын сатып ал­ып, үйлеріне, жұмыс бөлмелеріне ілуді сәнге айналдырды. Міне, осы кезең, яғни өткен ғасырдың 95-жылдары суретшілер үшін жемісті жыл болды. Бір суретші айы­на кемінде он картинасын сататын болған. Ол уақыттарда бір картинаның бағасы – 500-600 доллар, мүсіндер 500-1000 доллар тұратын. Ал қазір жалпы бейнелеу өнерінде бәсеңсу байқалады. Өйткені суретшілердің көпшілігі кәсібімен пұл табу үшін картина салуға уақытты да, талапты да, талантты да үнемдейтін болды. Бұрынғыдай табиғатпен сырла­суды қойып, пейзаждың өзі дайын компь­ютерлік графикадан көшіріледі. Осын­дай арзанқолды жұмыстар жалпы сурет­шілер қауымының еңбегіне көлеңке түсі­реді. Алайда көптеген кемшіліктерге қарамастан, Қазақстанда дарынды сурет­ші жоқ деуге болмайды. Біздің сурет­шілеріміздің жұмыстарын тек өзіміздің емес, шетелдің өнертанушылары жоға­ры бағалаған. Бүгінде қазақстандық қыл­қа­лам шеберлерінің шығармалары әлем­нің 30-дан астам елінде танымал. Ал танымал суретшінің картинасының бағасы соған сәйкес қымбат болатынын түсінгеніміз абзал.
Арт-дилер деген кім?
Біздің елде арт-дилер деген түсінік қалыптаспаған. Өзімізді ылғи салыстыра беруге құмар Батыс елдерінде суретшілер өз жұмыстарын ешқашан ешкімге «сатып ал» деп ұсыныс жасамайды. Суретшінің міндеті – сурет салу. Ал картинаны сату, көрмелерді ұйымдастыру, суретшінің имид­жін қалыптастыру, жарнамалаумен арт-дилерлер айналысады. Есесіне, арт-­ди­лер сатылған картинадан түскен қар­жының 50 пайызын иемденеді. Қазақ­станда арт-дилерлерді дайындай­тын ар­найы оқу орны да, мамандар да жоқ. Сон­дықтан суретшілер өз жұмыстарын өздері жанталасып жарнамалап, өткізу­ге мәжбүр және олардың көпшілігі табыс­тарының жартысын біреуге беру туралы ойланғысы да келмейді.
Галерея сурет салоны деңгейінен аса алмай тұр
Суретшілер қауымы галереяны жалға алудан қашады. Алматыдағы сурет гале­реяларын жалға алу орта есеппен 300-500 доллар тұрады. Сонымен қатар галерея иелері картиналардың бағасына тағы 20-30 пайыз үстеме қосады. Бұл өнер туындыларын сатып алушылар үшін тиімсіз болуы мүмкін, бірақ қылқалам шеберлері, мүсіншілер үшін мұның пай­дасы бар. Себебі галереясын ұсынған тарап суретші қауымнан алған ақшасына залды толығымен жабдықтап, суретшінің картиналарын іледі, көрмеге келушілерге арнайы шақыру дайындайды және кей­біреулер дастарқан әзірлейді. Мұның бәрі суретшінің атының шығуына, танымал болуы­на септігін тигізеді. Галереяда көр­ме жасаудың аса қажеттілігін түсінген суретшілер көрме залын картинасына айыр­бас жасайды. Мысалы, бір карти­насын галереяға береді, есесіне, көрме залында бірнеше күн көрмесін өткізеді. Шын мәнінде, галереялардың негізгі қыз­меті жиі-жиі суретшілердің көрмесін ұй­ым­дастырып, суретшілердің халыққа танылуына жұмыс істеулері керек. Бірақ еліміздегі галереялардың барлығы дерлік тек салондық деңгейде ғана жұмыс жа­сап жатқандықтары қынжылтады. Яғни бұларды галерея деп атағаннан гөрі, картиналар, рамалар, мүсіндер мен түр­лі пышақтар, керамика мен киіз, зер­герлік бұйымдар мен былғары заттар ара­лас-құралас сатылатын салон десек болады. Бірақ мұны «арт-рынок» деп атауға кел­мейді.
Көшедегі «арт-рынок»
Суретшілер шығармаларын шебер­ха­на­­ларынан шығармай жатып сатып жібе­ру­ге тырысады. Ал шеберханада сурет галереяға қарағанда арзанға түсетіні бел­гілі. Сондай-ақ біздегі «арт-рынок» әзірге көшедегі сауда деңгейінен аса алмай тұр. Өйткені кез келген шетелдік турист пен қазақстандық азамат үшін қалаған картинасын галереядан қарағанда «Ар­бат­тан» ала салу оңайға соғады. Ал ең өкі­ніштісі, бірнеше ай суретші өзінің көз майын, уақытын, маңдай терін жұмсап жасаған жұмысына өзі қалаған бағаны қоя алмайды. Себебі сатып алушылардың аясы өте тар. Қазақстанда картина жинаумен айналысатындарды саусақпен санауға болады. Бірен-саран өнерді бағалаушы қалталы азаматтар болмаса, екінің бірі бір айлық табысын қиып, картина сатып алсын ба?

Түйін
Байқағанымыздай, талантты суретшілерімізбен, азды-көпті галереялары­мызбен елімізде арт-рынок қалыптасқан десек, қателесеміз. Сондықтан әзірге арт-рынокты қалыптастыру жолын нықтап анықтап алғанымыз жөн. Біз елі­мізде суретші жоқ, бізде бейнелеу өнері мүлдем қалыптаспаған дегеннен аулақпыз. Дегенмен өмірдің де, өнердің де бір орында тұрмайтынын, заман ағымына қарай зулайтынын естен шығармағанымыз абзал. Өнерімізді өркениетке жеткіземіз десек, алдымен өзімізді өзіміз бағалайық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста