Қазақ хандығы туралы фильмнен бұрын мультфильмі жарық көрді (фото)

Анимациялық фильмді әзірлеген "САҚ" киностудиясының директоры Нұриддин Пәттевтің айтуынша, жобаның негізгі жұмыстарына алты ай уақыт кеткен, яғни былтыр желтоқсан айында аяқталған. Жұмысқа барлығы 35 маман тартылыпты. Сценарий авторлары: Бақытжан Құлжабай, Батырхан Дәуренбеков және Сағаділдә Үсіпәлиев. Оларға белгілі тарихшы Жамбыл Артықпаев пен драматург Дулат Исабеков кеңесші болған.

Туындыда елдің тарихы, Барақ ханның билік құрған дәуірі мен оның ажал құшуы баяндалады. Сондай-ақ, Керей мен Жәнібектің балалық шағы, елдегі ауыр жағдайға қарсы тұруы да көрініс тапқан. Шығармашылық топтың айтуынша, аталған оқиғалар көпшілікке жаңа жүйе бойынша ұсынылған деп жазады Otyrar.kz.

Қазақстан кинотеатрларында аталған анимациялық фильм 19 мамырдан бастап көрсетіледі. Елімізден бөлек туынды Ресей, Германия, АҚШ және Біріккен Араб Әмірліктерінде де жергілікті халық назарына ұсынылмақ. Аталған елдердің киномамандары Канн фестивалінде "Қазақ елін" тамашалап, жоғары бағаларын берген екен. Қазіргі таңда мультфильмді орыс, ағылшын және неміс тілдеріне аудару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал, Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен түсіріліп жатқан "Қазақ елі" көпсериалы фильмінің қашан көрсетілетіні әлі нақты емес. Түсірілім жұмыстарының басталғанына жылдан асса да жоба авторлары ақшаның жоқтығын айтып, уақытты созып алды. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналатынын айтқан және жоспар бойынша ол 2015 жылдың соңына дейін экранға шығуы тиіс еді.

sn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста