Қазақ тарихының айбынын асырған Есенберлин шығармалары

Қазақ тарихының айбынын асырған Есенберлин шығармалары

Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына орай «Көркем шығармадағы тарихи шындық» деген тақырыпта бас қосу өткізген болатын. Бұл шара жазушыны ұлықтауға арналса, екінші жағынан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып отыр.

Таяуда ғана академиясында болған Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова осы атаулы датаға қатысты шаралардың маңызына мән берген еді.
Қазақ қаламгерлері арасында ұлт тарихына қатысты алғаш болып өшпес туындылар жазып қалдырған І.Есенберлин Кеңес Одағы кезінде қазақтың тарихи санасының оянуына өлшеусіз үлес қоса білді. «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдардан тұратын «Көшпенділер» трилогиясы елдің төл тарихына қосылған айтулы үлес болды. Оның қаламынан туған халқымыздың жеті жүз жылдық тарихын кезеңін суреттейтін «Алтын Орда», «Көшпенділер» секілді романдарында ұлы дала мәдениеті, Қазақ хандығы туралы мол мағлұмат қамтылған.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, Халықаралық Түркі академиясының президенті:
- Кезінде тарихшыларымыздың тіліне тұсау түскен кезде, Бекмаханов сынды алыптарымыз айыпталып жатқан тұста тыңнан түрен салып, үлкен тақырыптарды қозғап, үлкен құбылыс ретінде тарихи сананы көтерген мұзжарғыштай семсер тілді Ілияс Есенберлиннің туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Бұл мереке бір жағынан қазақ хандығының 550 жылдығымен тұспа-тұс келуімен де маңызды. Сондықтан бүгінгі жиынды біз елге белгілі тарихшы, әдебиетші өзге де қоғам қайраткерлерімен бірге өткізуді жөн санадық. Жалпы Халықаралық Түркі академиясы қазақ хандығының 550 жылдығын жыл бойы атап өтуді жоспарлап отыр. Тек Қазақстанда ғана емес, Еуропа, АҚШ, түркі мемлекеттерінде осыған қатысты елеулі шаралар өтеді және сол шаралардың барлығында да Ілияс Есенберлиннің аты аталатын болады. Сондай-ақ, бүгінгі шара мемлекеттік хатшының қолдауымен, мақұлдауымен өтіп отырғанын да айта кетуім керек.
Ілияс Есенберлин шығармаларындағы маңызды оқиғалар тарихи шындықпен терең астасып жатыр. Құжаттық деректертерге, шежірелер мен аңыз-әпсаналарды негізге ала отырып жазушы қазақ халқының сан ғасырлық өмірін көркем суреттеді. Бүгінде оның 17 романы мен көптеген шығармалары әлемінің 30-ға жуық тіліне аударылған.

Жабал ЕРҒАЛИЕВ, жазушы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Есенберлиннің «Қаһар», «Көшпенділер» шығармалары қазақ-совет әдебиетіндегі «Абай жолынан» кейінгі ары, абыройы биік тұрған шығарма. Біз арктиканың мұзына алғашқы болып шыққан Есенберлиннің еңбегін, қайраткерлігін, ұлтжандылығын бірінші кезекте айтуымыз керек. Бір жарым жыл бұрын Парламентте Есенберлиннің 100 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту туралы бастама көтерілген болатын. Сол қаулы қабылданып, бүгін міне осындай үлкен іс-шараның өтуі мені қуантып отыр. Ілияс Есенберлиннің Атбасар қаласында туылғанын жақсы білесіздер. Атбасар кешегі тыңның қақпасы емес, Есенберлиндей ұлы тұлғаны дүниеге алып келген, қалың тарих жатқан жер. Сондықтан Ілекеңнің 100 жылдығы қарсаңында қазақ зиялылары осы өңірде үлкен мәдени, тарихи жұмыстарды ұйымдастыруымыз керек.

Сейіт ҚАСҚАБАСОВ, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы:
– Ілекеңнің мықтылығы сонда - ол көркем шығарма арқылы тарихи шындықтың бетін алғашқы болып айтып берді. Оның шығармасы сондықтан да оқыла береді және зерттеле береді. Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында Ілекеңнің шығармалары қайта жаңғырады деген сенімдемін. Әрине, кезінде жазушының «Қаһар» шығармасы қоғамда біраз дау тудырды. Оған қарсы мақалалар да жазылды. Бірақ соған қарамастан уақыт өте І.Есенберлиннің шығармаларына, туындыларына ұрпақ оң бағасын беріп жатыр.
Ұлт тарихына, тіліне тұсау салынған кезеңде Қазақ хандығы туралы айтулы еңбекте қамтылған деректер тереңнен бастау алатын халқымыздың тарихының айбынын асырғаны жасырын емес. Қазақтың тарихы жарты ғасырдан бергі уақытта Ілияс Есенберлиннің есімімен байланыстырылады. Қазақтың тарихы ХХ ғасыр басынан бастау алады деген қасаң қағиданың бұзып-жарып, ұлт санасында сілкініс тудырған қаламгер халық рухын көтерді. Сондықтан, жазушы мерейтойының Қазақ хандығының 550 жылдығымен қатар келуі оның еңбектерін молынан насихатталуына септігін тигізбек.

Жангелді ҚАРЖАН

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста