Қазақ қаза үстінде де қалжыңын қоймайды...

Қазақ қаза үстінде де қалжыңын қоймайды...

Әрине қайғының жеңілі жоқ. Қанша жасында аттанса да өмірден адам өтуі қиын нәрсе. Бірақ «атам-айлатсаң да, ботам-айлатпа» деген қазақ үлкен кісілер қайтқанда сабыр қылады. Шүкір деседі.

***

Айбаршынның төртке енді келген кезі еді. Ауылда бір апамыз қайтыс болып, соған барғанбыз. Қалдыратын ешкім болмағасын оны да алып алғанбыз. Айбаршынның ондайды (қазалы үйді) алғаш көрген кезі. «Зада апа енді жоқ, ол кісі қайтыс болды»,-деп түсіндірдік. Ол сезінді. Содан есіктің алдында жылап тұрған балалары мен немерелеріне жаны ашып қарап тұрды. «Апасының өліп қалғанына жылап тұр» деп ойлады.
Көше жақтан біреулер «мекем, мекем» деп дауыс шығарса, бұлар да ұлардай шулап жылайды. Бірі шешем-оу, десе екіншісі апам-ау деп боздайды. Жылай, жылай шаршаса керек. Екінші күні алғашқы күндегідей емес, аз-аздан жылады. Көше жақтан жылап кіргендер келіп көріскенде жоқтап жылайды да олар өте бере жылағандарын тоқтата қояды. Ары қарай әңгімелерін жалғап тұра береді. Соларға аузы ашылып қарап тұрған Айбаршын бір кезде шыдамай кетті да қолымен көрсетіп: - Мыналардың бәрі өтірік жылап тұр, - деді. Аналар ұялған тек тұрмас дегендей, мырс етіп күліп жіберді.

***

Жезіхан деген апамыз сексеннің бел ортасынан асқан, тоқсанға таянған шағында қайтыс болған. Жалғыз ұлынан тараған немерелері тұтас жылап тұр. Алды елуге таянған, арты отызға жуықтаған жеті-сегіз немересі «апам-оу, апам-оу» деп жоқтауда. Шөберелерінің де алды қатарда тұр. Әрқайсысы өзінше жылап тұр. Әркімнің өз мақамы бар. Енді жас өлім болмағасын, қатты бір қайғырып тұрғандары шамалы. Ең кіші, кенже немересі Сержан ғана шын қайғырып, қатты қамығып жылап тұр. Басқалары ес тоқтатқан ғой, көше жақтан жұрттар «өу, өу» десе, бұлар да «өу-өу» деп, жандарынан өте бере тоқтай қалады. Сержан ғана, біреу жұбатпайынша тоқтамайтын. Және мақамы да мұңлы. Аналар құсап мағынасыз «өу, мөу» демей, кәдімгідей сөз қосып жылайды. Кезекті біреулер кіріп келе жатқанда «кішкентайымнан бағып-қаққан апам-ау» дегісі келсе керек, сол қасиетін айтамын деп, еркінен тыс халық әнінің мақамына салып: «кішкентайдан бірге өскеееен» деп әндетіп қоя берді. Өзі аңғармады. Ал, жанындағылар шыдамай мырс-мырс ете қалды. Олардың не үшін күліп тұрғанын аңғармаған Секем: әкелеріңнің басына күлесіңдер ма?» деп одан ары жылады.

***

Қанат Әбілқайырдың күні кеше дүниеден өткен әжесі қайтарынан үш күн бұрын түс көріпті. Таңда тұрып балаларына: «әй осы мен көп ұзамаймын-ау, түнде түсімде ағаш төсекте шалымның қасында жатыр екем...», - депті. Ертесі күні түс кезінде немере келінін шақырып алып, «менің ана түкіретін ыдысымды әкелші, біртүрлі құсқым келіп, лоқсып отырмын», - деген ғой. Сөйтсе келіні: «Түнде түсімде атамның қойнына жатып шықтым деп жүр едіңіз, осы сіз көтеріп қалған жоқсыз ба?..» деп әзілдепті. Әзілі жарасып, апасымен ойнаған не деген тапқыр келін ә.

***

Марқұм Қажытай ағамыз өмірді қанша қимаса да қайтып бара жатқанында аса сабырлы болыпты. Жұмабек інісін шақырып алып: Мені жуындырғанда басымды Лұқпан ұстасын, аяғымды өзің ұста, ортасын жеңгелерің өзі шешсін...» деп күлдіріп кетіпті. Осыны жерлеп келгеннен кейінгі аста айтқанда сондағы адамның бәрі қайғыны ұмытып, бір күліп алып еді. Сатриктің қазасынан да адам күліп қайтады екен-ау деп едік.

***

Мейірімі шексіз Алла «ботамдатпасын». Сексеннен асқан, тоқсанға толған адамдар ғана қайтсашы.

Бейбіт САРЫБАЙ
Facebook-тегі парақшасынан

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста