Қазақ күйі «Гиннеске» енді

Қазақ күйі «Гиннеске» енді

Қаражорға биін әлемдік Гиннестің рекордтар кітабына кіргізген Қытайдағы қандастарымыз жақында ғана «Кеңес» деп аталатын қазақтың халық күйін аталған кітапқа тағы тіркеді. Ұлтымыздың төл өнерін өркениет өріне сүйреп, жер жүзіне бабалар мұрасын насихаттап жатқан алыстағы ағайынның алқалы ісін Алаш баласына алақайлай айту бізге парыз, әрине.

Бұл жолғы Рекордты Іле қазақ автономиялы облысына қарайтын, қазақтар көп шоғырланған Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы қандастарымыз жасап отыр. Өткен мамыр айының 30-ы күні жексенбіде 10 мың 495 күйші бір мезетте әйгілі «Кеңес» күйін күмбірлете тартқан. Он мың адамның бір жолда күй тартуы бір сәтте бола салған оқиға емесі түсінікті. Қытайдағы қандастарымыз бұл айтулы науқанға екі жылдай уақыт дайындық жасапты. Ұйымдастырушылар тарапынан «Кеңес» күйін орындау шешімі мақұлданған соң, домбыра тартатын адам іздеу керек болған. Бұл мәселе де оң шешіліпті. Алдымен, мықты домбырашыларды тауып, сосын қалғандарын «Кеңес» күйін шертуге баулыған. Алдымен, өз орталарында жеке-жеке топ болып, күй шертіп машықтанған 10 мың күйші кейінгі бір ай бойы үлкен алаңда бірге дайындалыпты. Ақыры күйді бірге орындайтын сәт те келген. Күй шарасын Гиннестің рекордтар кітабына тіркеуге келген адамдар да мұндай таңғажайыпқа тамсана таңдай қағыпты. Он мың адамдық  домбырашылар тобына Қытайдағы әйгілі күйші Ғизат Сейтқазин мен оның ұлы дирижерлік еткенін де айта кетейік. Соңында шараға арнайы шақырылған Дүниежүзілік Гиннесстің рекордтар кітабының Шанхайдағы басқармасының уәкілі Ние Жиың Шуан «он мың адамдық домбырамен күй шертуден Гиннестің рекордтар кітабына кіргендігі туралы» куәлікті аудан әкімі Масан Зағыпарұлының қолына табыс еткен. Күй тартқан он мың адам 28 ұлттан құралды. Бірақ негізгі бөлігі – қазақтар. Себебі бүгінде 90 мыңнан астам халық тұратын Толы ауданының 75 пайызға жуығы – қазақ ұлтының өкілдері.

Қаперге
Ұйымдастырушылар шертілген «Кеңес» күйін халық күйі деп көрсеткен. Біздің тарапымыздан қосарымыз, Қытай қазақтары арасында би болған әрі талантты күйші Бейсенбі Дөненбайұлының «Кеңес» деп аталатын күйі бар. Сондай-ақ осы елдегі кезіндегі әйгілі күйшілердің бірі Әшім Дүңшеұлының да «Кеңес» деп аталатын күйі бар.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста