Қазақ киносы: "Топасия" мен "Тапасия" хикаясы немесе қазақтың саясатына қазір қандай кино қажет?

Қазақ киносы: "Топасия" мен "Тапасия" хикаясы немесе қазақтың саясатына қазір қандай кино қажет?

Кино – идеология. Кино – саясат. Кино – қоғамды тәрбиелейтін басты құндылықтардың бірі. Содан болар, жуырда Елбасымыздың өзі кино өнерін дамыту бойынша нақты тапсырмалар беріп, қазақтың тарихын айшықтап көрсететін көркем дүниелерді туғызу керектігі жайлы айтты. Қазақты жоңғарлармен соғыстырып қоятын шеңберден шығып, Ұлы тұлғаларымыз жайлы көркем туындыларды өмірге әкелу керектігін тілге тиек етті. Қазаққа, қазақтың ұлттық рухына, қазақтың саясатына қазір қандай кино қажет? «Алаш айнасы» осы сұраққа жауап іздеп көрген еді.
«Топасиядан» «Тапасияға» дейін...
Әлемдік кинофестивальдерде қанжығамыз майланып қайтып жүргенімен, қазақ кино өндірісінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістігіміз жоқ. Себебі кинофестивальдер, негізінен, қазақты масқаралаған, намысын таптаған картиналарды марапаттауға бейім. Мәселен, «Қайрат чемпион, №1 пәк жігіт», «Келін», «Тюльпан», «Әке қорлығы», «Қарой» секілді туындылар қазақты Топасқа, қазақ елін «Топасияға» айналдыра бастады. Голливудтық стиль – мода, ресейлiк өнiмдерді көшіру – әдет. Соңғы оншақты жыл бедерінде ұрып-соғу мен азаптауды, қинау мен адамдардың бір-біріне деген озбырлығын, зорлық-зомбылық пен кедей-бейшаралықты, яғни түрлi мистикалық сарындағы фильмдердi түсiруге деген құмарлық артып барады. Біз осылай Голливудты бағындырмақпыз. Біз Голливудты мойындату үшін алдымен қазақты бағындыру қажеттілігін ұмыт қалдырдық.


Ал басқаны қойып, көрші қырғыздың өзі бізден көш ілгері кетті. Түсіріліп жатқан «Құрманжан датқаның» дақпыртын айтпай-ақ қоялық, бір ғана «Белгісіз маршурт» фильмімен бүкіл қырғыздың арман-тілегін халқына түсіндіріп берді.
Шынтуайтына келсек, еуропалық елдер, АҚШ һәм кез-келген Азия мемлекеті қазақ киносына мұқтаж емес, олар бізді құшақ жая қарсы алмайды. Бiз өз көрерменiмiзге арналған, ұлттық менталитетке сай өнiм тудыруға тиіспіз. Сонда «Топасия» дертінен айрылып, Ұлы Қазақ еліне айналамыз.
Министрлікке ұсыныс
Кеше Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедияұлы ұлан-ғайыр қазақ жерін сақтап қалған ата-бабалар, хандар һәм әлемді мойындатқан тұлғалар жайлы көркем фильм түсіру керектігін сөз етіп, алда осы бағытта жұмыстар жасалынатынын айтты. Осыған орай «Алаш айнасы» қазаққа қандай киноға қажет екенін саралап көрген еді.
1. Хандар шежіресі сериясымен (7 фильм)
Керей мен Жәнібек (Қазақ хандығының құрылуы жайлы көркем туынды), Есім хан, Қасым хан, Тәуке хан, Әбілқайыр, Хан Абылай,Хан Кене...
2. Билер шежіресі сериясымен (3 фильм)
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке...
3. Алашорда сериясымен (7 фильм)
Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамбетов...
4. Өнер майталмандары сериясымен (7 фильм)
Әміре Қашаубаев, Шара Жиенқұлова, Балуан Шолақ, Нұрсұлу Тапалова, Шәкен Айманов, Жүсіпбек Елебеков, Темірбек Жүргенов...
5. Тарихи кезеңдер сериясымен (3 серия)
1916 жылғы Ұлт азаттық қозғалыс, Ашаршылық, Желтоқсан көтерілісі...
6. Ғылыми тұлғалар сериясымен (7 фильм)
Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Қадырғали Жалайыр, Мәшһүр Жүсіп Көпей, Сәдуақас Ғылмани, Шәкәрім...
7. Пірлер сериясымен (3 фильм)
Пір Бекет, Қожа Ахмет Ясауи, Райымбек...
8. Спортшылар сериясымен (8 фильм)
Әбілсейіт Айханов, Әлжан Жармұхамбетов, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Серік Қонақбаев, Құралбек Ордабаев, Шәміл Серіков, Шоқыр Бөлтекұлы...
8. Батырлар сериясымен (5 фильм)
Талғат Бегелдинов, Хиуаз Доспанова, Рақымжан Қошқарбаев, Мәлік Ғабдуллин, Ыбырайым Сүлейменов...
Қазақ халқы осы жоғарғыда аты аталған (аталмағандар да жетерлік) арда азаматтары жайлы фильмге сусап отыр. Осы орайда ресейліктердің тәжірибесіне сүйенгеніміз жөн секілді. Себебі олар қазір барлық тұлғаларының өмірлерін көркем фильмге айналдыруда. Бұл – бір. Екіншіден, Ресейлік Бату Хасиков бастаған азаматтар «Ресейге қарсы» фильмдерді көрсетуді шектеудің жолдарын қарастырып жатыр. Бізге де осындай батыл қадам қажет.
«Алаш айнасының» түйіні
Қазір қазақ қаласын, қаламасын үндінің телесериалын көруге мәжбүр. Содан болар, Ананди мен Тапасия сынды кейіпкерлер ең жақын туысымызға айналып үлгерді. Өткенде орыстілді танысымның үйінде қонақта болдым. Отбасы мүшелерінің бәрі орысша сөйлеп, Тапасияны (Астана телеарнасындағы «Қыз ғұмыры» фильмі) тамашалап отыр. Көрерменін баурап алғаны соншалық – менің көзіме Тапасия оларға қазақша үйретіп отырғандай әсер қалдырды. Қазақ киносы, тым құрыса, осы деңгейге қашан жетеді? Ендігі сауал осы... 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста