Қазақ анасының символы

... Ол кісі атақтан кенде болған жоқ. Қазақстанның халық әртісі болды, Мемлекеттік сыйлықты иеленді, басқа да толып жатқан үлкенді-кішілі орден-медальдармен марапатталды. Бірақ соның ешқайсысы Әмина Өмірзақованың қазақ театрына, қазақ киносына сіңірген ұлан-ғайыр еңбегінің толық өтеуі бола алмасы анық. Осыдан екі жарым жыл бұрын актриса дүниеден өткенде, қазаға қайғырған жұрт «қазақ киносының тұтас бір дәуірі Әмина апамен бірге кетті...» деген-ді. Әмина Ерғожақызының 50-ден астам кинофильмге түсіп, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен балалар театрында табан аудармай, алпыс жыл еңбек еткенін ойға алсақ, осылай болуы заңды да...    
Көзі тірі болғанда, Әмина апа биыл 90-ға толар еді. Таңғажайып талант ие­­сінің ұрпаққа үлгі боларлықтай ұлан­ғайыр еңбегіне тәнті жұртшылық ал­дың­ғы күні Алматыда актриса тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш-тақта орна­тыл­ғанының куәсі болды. Сол күні Кино үйін­де еске алу кеші өтіп, театрда, кинода  Әми­на апамен әріптес болған өнер май­тал­мандары өз естеліктерімен бөлісті.
Әдетте көрермендердің көпшілігі Әми­­на Өмірзақованы ана бейнесінде елес­тетеді. Бұл ретте халық әртісі Асанәлі Әші­мов Әмина Ерқожақызының өнерде ға­на емес, өмірде де шынайы ана бола біл­генін баса айтты. Жарынан ерте айы­рыл­ғанына қарамастан, өмірдің қиындығына мо­йы­май, екі ұлы мен бір қызын азамат етіп өсіріп-жеткізген Әмина апаны «қазақ ана­сының символы» десе дегендей! Шә­кен Аймановтың «Тақиялы періште» филь­міндегі Тана апай рөлі Әмина Өмір­за­қованы мүлде жаңа қырынан көрсеткен рөл болды. Осы орайда «Шәкенге партнер бо­лу мен өнерде де, өмірде де ол кісімен қа­тар жүрудің өзі Әмина апайдың деңгейін көр­сетеді» деген Асанәлі Әшімов өзінің есін­де қалған мына бір жайтқа тоқталды: «Бір топ адам Тбилисиге барғанбыз. Шәкен аға сол жерден Мәскеуге кететін болды да, қал­ғанымыз Алматыға қайтатын болдық. Қош­тасып тұрып, Әмина апай екеуі: «күн­де бірге жүреміз, жұмыс істейміз. Бі­рақ құшақтаспайды екенбіз ғой. Келші, бір құшақтасайық», – деп қалжыңдасып қош­тасты. Шәкен ағаны содан кейін көрген жоқ­пыз. Мәскеуге барысымен қайтыс бол­ды. Кейін ойлап тұрсақ, сонда бір-бірімен мәң­гілікке қоштасқан екен ғой. Міне, ұлы адам­дардың кездесуі де, қоштасуы да осын­дай ерекше болады...».
«Талдықорғандық болғандықтан, ме­ні Әмина апа «қайным» дейтін еді...» де­п ­сол бір қимас сәттерді сағынышпен ес­­ке алған Нұржұман Ықтымбаевтың пі­кі­рінше, «бүгінгі актрисалар ерекше ба­қытты, өйткені олардың алдында Әми­на Өмірзақова сияқты шығармашылық шебер­лігі үлкен мектеп болуға лайық бірегей тұл­ға бар». Әсілі, киноның құдіреті тас­па тіліндегі тарихтың қай уақытта да өшпейтіндігінде болса керек. «Мысалы, ара­мыздан кетіп қалған Нұрмұхан Жан­тө­рин, Ыдырыс Ноғайбаев, Әнуарбек Мол­дабековтерді өзіміз әлі күнге дейін «іс­сапарда жүр» деп ойлаймыз. Сол сияқ­ты Әмина апамыз да әлдебір жақта ки­но­ға түсіп жатқандай болып көрінеді», – дей­ді Нұржұман аға. Еске алу кешінде сөз алған профессор Раушан Ғазизқызы Әми­на Өмірзақованың кинодағы мына бір сәтіне ерекше тоқталды. «Абайдың әні» фильмінде Ажардың Айдар өлімі ту­ралы еститін бір көрінісі бар, – дейді ки­но­­танушы. – Жаман хабар алғанда әдет­те кім болса да айғайлап жылайды. Тіпті ойбайлап, шашын жұлатындар да кез­де­се­ді. Ал Әминаның кейіптеуіндегі Ажар қа­та­ды да қалады. Сүйіктісі жөніндегі қа­ралы хабармен бірге тура жаны кетіп қалған адам сияқты... Үнсіз ғана құ­ла­ғындағы, қо­лындағы, мой­нындағы әшекейлерін ше­шеді. Өйткені оған бұл өмірде енді қы­зық жоқ...
Жиналған қауым сон­дай-ақ Роза Әшір­­бекова, Ли­­дия Кәде­нова, Зәмзәгүл Шә­­ріповалардың да ес­те­лік әң­гімелеріне куә бол­ды. Кеш барысында сөз ал­­ған өнер өкіл­дерінің қай-­ ­қай­сысы да Әмина Ер­­ғо­жақызының қай­та­лан­бас ше­бер, тарлан та­­лант екендігін айтудан еш танған жоқ. Осы тұста Зейнолла Қаб­до­­ловтың Ғабит Мү­сірепов жайлы айтқан «Мү­сіреповті мақ­таудың қажеті жоқ. Біз Мүсіреповпен мақтануымыз керек» деген аталы сөзін ауызға алған Ермек Аманшаев «осы сөзді Әмина апамызға қатысты да айтуға бо­лады» деген уәж айтты...

Р.S.
Тоқсан жылдығына орай, Әмина Ерқожақызы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш-тақта орнатылғанын сөзіміздің басында айттық. Актрисаның қырық жылға жуық өмірі сол шаңырақта өтіпті.  Мүмкін, үй ауыстыратындай мүмкіндіктер талай рет болған да шығар... Бірақ  бір сұхбатында өзінің «осы үй маған ерекше ыстық. Өйткені мұнда жолдасыммен бірге тұрдым, осы шаңырақта балаларымыз дүниеге келді...» дегені бар. Ойлап қарасаң, неткен адалдық! Осы бір асыл қасиетін жоғалтпай өткен мұндай адамдар бұл өмірде, әрине, некен-саяқ. Әмина апаның бойындағы мұндай адалдыққа, тұрақтылыққа, бір жағынан, таңғалуға болмайды. Өйткені ол, шын мәнісінде, экранда ғана емес, өмірде де нағыз Ана еді ғой!.. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста