Қазақ әдебиетінің Досжаны дүниеден озды

Қазақ әдебиеті орны толмас ауыр қазаға ұшырады. 72 жасқа қараған шағында көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дүкенбай Досжан дүниеден озды.

Ол 1942 жылы 9 қыр­күйек­те Қызылор­да облысы Жаңақорған ауданы Құланшы ауылында туған. 1964 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды үздік аяқтаған. 1963-1966 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газетінің әдеби қыз­мет­кері, 1966-1975 жыл­дары Алма­ты­дағы мемлекеттік «Жазушы» бас­пасында аға редактор, бөлім мең­­­герушісі, 1976-1984 жыл­да­ры ҚР Бас­па комитетінде аға ре­дактор, бөлім мең­геру­шісі, 1984-1991 жылдары Қазақстан Жа­зу­­­шылар одағының әдеби ке­ңес­шісі, 1992-1994 жыл­дары «Жа­лын» журна­лын­да аға редак­тор, 1994-1996 жыл­дары ҚР Ав­торлық және аралас құқықтар жөніндегі агент­­тіктің бөлім бастығы, 1996-2002 жылдары ҚР Ұлт­тық банк мұражайының ди­рек­торы, 2002 жылдан «Мә­де­ни мұра» – «Культурное нас­ле­дие» журналының бас ре­дакторы бо­лып қызмет ет­кен.
Алғашқы өлеңі 15 жасында жарық көр­ген. Содан бері 11 роман, 22 хикаят, 100-дің үстінде әңгіме жазды. Ұлттық қауіп­сіз­дік комитетінің 60 жылдай жабулы мұ­ра­ғатына алғаш енген жазушы сот құ­жат­тары желісімен «Абақты» дерекнама кіта­бын және 1986 жылғы Желтоқсан қыр­ғы­нының қанды ізімен «Алаң» романын жазды.
«Жібек жолы», «Отырар», «Фараби», «Зауал», «Дария», «Табалдырығыңа та­бын», «Жолбарыстың сүрлеуі», «Кісі ақы­сы», «Мұхтар жолы», «Абай айнасы», «Алып­тың азабы», «Дала гладиаторлары», «Ақ Орда», «Үш тағдыр», «Бабалықпен тіл­десу», «Диалог с детством», «Жан тәтті», «Ас­та­наның бас архитекторы», «Жазмыш­тың формуласы», «Абайдың рухы», «Терезенің жарығы», «Когда я умирал» ат­ты кітаптары жарық көрген. Әлемнің 20 ті­лін­де жеке жинақтары шыққан. 1990 жы­лы екі томдық таңдамалы шығармалары, 2002-2003 жылдары 13 томдық шы­ғар­малар жинағы оқырмандар қолына тиді.
Қаламгер ҚР Мемлекеттік сыйлығының, М.Әуезов атындағы ұлттық сый­лықтың лауреаты. Түркістан қаласының, бірнеше аудандардың Құрметті азаматы. «Құр­мет», «Парасат» ордендерімен мара­пат­талған.
Қаламгер 1974 жылы «Зауал» кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қа­зіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын, 1988 жылы Украинаның «Днепро» баспа­с­ы­нан шыққан «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сый­лығын алған. Жазушының есімі АҚШ-тың «Әдебиет және өнер адамдары» энцик­ло­педиясының ІІ  томына, «Ұлттық энцик­ло­педияның» ІІІ томына, «Абай энцик­лопедиясына», Қазақстан Президенті жа­нын­дағы даму институтының «Элита Казахста­на» анықтамалығына енген.


Оның еңбекқорлығы – бәрімізге үлгі
– Мен Дүкенбайды әдебиетке алғаш келген күннен бастап білемін. Ол шамамен 1963-1964 жылдар болатын. Ол мектеп қабырғасында жүргенінде-ақ баспасөзде көрінген. Одан кейін Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түскен кезінде үздіксіз жариялана бастады. Оның қаламынан туған әңгімелері мен өлеңдері көпшіліктің назарын аудар­ды. Тіпті сол кездегі көрнекті жазушылар өзін­дік пікірлерін білдіріп, бағасын берді.
Әдебиетке өлеңнен келген Дүкенбай көп ұзамай проза жанрына біржола мойын бұрды. Қателеспесем, 1967 жылы оның по­вес­тер мен әңгімелер жинағы Мәскеудегі ең ірі баспалардың бірінен жарық көрді. Сол кезде Дүкенбайдың жасы небәрі 25-те еді. Біле-білген адамға бұл дегеніңіз үлкен жетістік еді. Міне, содан бері өмірінің соңына дейін талмай еңбек етті. Жазудан шаршаған да, жалыққан да жоқ. Біздің қазақ жазушыларының ішінде ең өнімді еңбек еткен жазушы осы Дүкенбай Дос­жан­ов болатын. Ол өзінің шығармашы­лығында кешегі тарих пен бүгінгі өмірді қатар алып жүрді. Дүкенбайдың жоғары бағаланған шығармаларының қатарында «Зауал» мен «Жібек жолы» атты шығармасы көш бастап тұрды. Оның «Зауалы» Ресейдің «Ең жақсы роман үшін» сыйлығын иеленді. Бұл да үлкен жетістік еді. Ол Мұхтар Әуезов туралы, Абай туралы сүйекті шығармалар жазды. Бүгінгі күннің де, осы заманның да қыр-сырын ашатын бірқатар жақсы шығармаларды жаратты. Осыдан бірер уақыт бұрын жарияланған суретші туралы шығармасы әріптестері мен оқырмандары арасында жоғары бағаланды. Ол туралы «Егемен Қазақстан» газетінде арнайы мақа­ла да жарық көрді.
Дүкеңнің арамыздан ертерек кеткені – өкінішті жағдай. Ол еңбек етудің ғажайып үлгісі еді. Әлі де біраз нәрсе беретін еді. Амал жоқ, тағдырдың дегеніне көнеміз. Алла артында қалған ұрпағына ғұмыр берсін. Аяулы досымыздың алды жарық болсын дегеннен басқа амал жоқ.
Ұзақбай ДОСПАНБЕТОВ, жазушы


Ол ғажайып туындылар жазып қалдырды
Замандастарым сиреп кетті. Жұлдыздар ағып түсіп жатыр. Бүгін Дүкенбайдың қазасын естіп, қабырғамыз қайысып отыр. Ол екеуміздің достығымыз өткен ғасырдың 60-жылдары басталған. Ол әдебиетке ақын болып келгенімен, өлең өлкесінде көп тұрақтамай, проза жанрында қалам тартатындардың қатарына қосылды. Оның ол таңдауы дұрыс болды деп ойлаймын. Өйткені оның қаламынан «Отырар», «Түркістан», «Жібек жолы» сынды ғажайып туындылар туды. Бұл шығармалардың барлығын да әдебиетімізге қосылған асыл қазыналар деп айта аламын. Осыдан бірер уақыт бұрын «Дала мен қалада» Дүкенбайдың бір мақаласы жарық көрді. Сол мақаласымен бірге бір сурет жариялапты. Ол суретке мен Әдебиет институтында оқып жүргенде, Дүкенбай Мәскеуге келгенде Тәкен Әлімқұлов үшеуміз түскен едік. Мен сол мақаланы оқып, риза болдым. «Дүкенбай дос, бәрін жазыпсың, бірақ Тәкен туралы кеңірек жазу керек еді ғой» деп жауап жазайын дедім де, мойным жар бермеді. Сөйтіп жүргенде мынадай қаралы хабар алып отырмыз.
Өкінішті өмір ғой. Сондықтан отбасына, жан жары мен балаларына қайғырып көңіл айтып, сабырға шақырғым келеді. Дүкенбайымыздың алды – пейіш, арты – кеніш, иманы жолдас болсын дейміз.
Аян НЫСАНАЛИН, ақын

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста