Қазақ Адамынан айырылды

Қазақтың белгілі жазушысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Адам Мекебаев 74 жасында дүниеден озды, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы.
Адам Мекебаев 1940 жылы 19 сәуірде Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы «Ақжар» кеңшарында дүниеге келді.
1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 1987 жылы Мәскеудегі Дүниежүзілік әдебиет институтының жоғары әдеби курсын бітірді.
1965 жылы республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, 1966 жылдан Қызылорда облыстық мәдениет басқармасында жұмыс істеп, 1971-1974 жылдар аралығында Қызылорда облыстық Халық творчествосы үйінің директоры қызметін атқарды. 1974-1975 жылдары республикалық «Қайнар», 1975-1981 жылдары «Жазушы» баспаларында редактор болды. 1981-1982 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, 1983-1984 жылдары Қазақ КСР мемлекеттік сценаристер алқасының кеңесшісі, 1987-1992 жылдары «Жұлдыз» журналында түрлі қызметтер атқарды. 1992 жылдан бастап «Қазақ әдебиеті», «Ақиқат» секілді бірқатар басылымдарда қызмет етті.
«Ерен еңбегі үшін» (2001) және Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған медальдармен марапатталған, Халықаралық «Алаш» әдеби (2005) және С.Сәдуақасов атындағы ҚР Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты.
Адам Мекебаев - «Жадыра» (1970), «Жезтырнақ» (1973), «Аңызақ» (1978), «Құпия қойма» (1979), «Бойжеткен» (1982), «Айтылмай қалған аңыз» (1990) секілді оннан астам повестің басын құрған проза кітаптары мен «Періште келіншек» (1982), «Жер кіндігіндегі апат» (1992), «Дауылды жер» (1988), «Қазына сыры» (1994) романдарының авторы. 1985 жылы Мәскеудегі «Советский писатель» баспасынан «Лебединая печаль», 1987 жылы «Суховей» повестер жинағы орыс тілінде жарық көрген. «Құпия қойма» романы (2008), «Сырдария кітапханасы» сериясымен екі томдығы (2009) жарық көрді.
Адам Мекебаев артынан өшпес із қалдырды. «Алаш айнасы» басылымы марқұмның туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста