Қасымхан ақынмен кездесу

Қасымхан ақынмен кездесу

Жуырда Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінің Т.Қожакеев аудиториясында М.Сера­лин атындағы әдеби бір­­лес­тік мүшелерінің ұйым­дастыруымен көр­нек­­ті ақын, Халық­ара­лық «Алаш» сыйлы­ғы­ның лауреаты Қасым­хан Бегмановтың шығар­ма­шы­лық кездесу кеші болып өтті.
Өлең мен сазды әуен қатар өрілген әсер­лі кешке студент жастар мен универ­ситет оқытушылары, ақынның қаламдас аға-інілері мен баспасөз өкілдері қатысты. Әдеби кеш қонақтарының қатарында жазушы-публицист Зәкір Асабаев, тарих­шы ғалым Қамбар Атабаев, қоғам қай­раткері, ғалым Нұридин Балқияев, ақын­дар Сағатбек Медеубекұлы, Мұрат Шай­маран, Алмат Исәділ және талантты әнші Шәба Әденқұлқызы болып, кеш иесі жайында ой-пікірлерін ортаға салды.
Бұл кездесу университеттің әдебиетке жақын, өнерлі жастардың өз ұйғарымдары бойынша ұйымдастырылған. М. Сералин атындағы әйгілі әдеби бірлестіктің жанына топтасқан жастар бұл кешке үлкен дайындықпен келгені көрініп тұрды. Олар кеш иесі Қасымхан Бегмановтың шығар­машылығын арқау еткен арнайы фильм әзірлеп, өлеңдерін жатқа оқып, ақынның сөзіне жазылған әндерді де өздері нақышына келтіре орындады.
Кешті ҚазҰУ-дың журналистика фа­куль­тетінің деканы, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдиманұлы өзі ашып, ақын Қ.Бегмановтың шығармашы­лық еңбегі мен зерттеушілік қабілеттеріне ерекше тоқталды.
Өмірхан Әбдиманұлы, ҚазҰУ-дың жур­налистика факультетінің деканы, филология ғылымының докторы, профессор:
– Ақын болу, ол – ең алдымен аза­мат болу. Осы тұрғыдан алғанда Қасымханның ақындығы бір төбе де, азаматтығы бір бөлек. Әсіресе оның із­денім­паздығы мен еңбекқорлығы мені қатты таңғалдырады. Мысалы, қазақ қоғамы жоғары бағалаған Жағда Баба­лық­ұлы сынды танымы терең ғалым аға­ла­рымызбен өзге қаламдас әріптес­терім сияқты, өзге де журналистер сияқты мен де біраз пікірлесіп, сұхбат­тас­қанмын. Бірақ оны ары қарай дамытып, көпшілігіміздің үлкен дүние жасау ойымызға келмеген. Ал Қасым­хан бауырымыз, сол Жағда ақсақалмен басталған әңгімесін аяғына дейін жет­кі­зіп, осындай бір қазыналы қарттың рухани байлығына тереңдеп, халыққа өз керегін алып беруде орасан еңбек сіңірді. Мұстафа Шоқай өміріне де асқан зердемен үңіліп, осы бір Алаш қайраткерінің жүріп өткен жолымен арнайы сапарлап қайтып, тың дерек­тер­ге толы кітап пен арнайы фильм жасап шығарды. Белгілі бір ғалымдар тобы­ның жабылып атқаратын шаруа­сын бір өзі еңсерді. Осындай қарбалас­қан ізденіс жолында жүріп, өз жүрегін­дегі нәзік те сыршыл поэзиясын жо­ғалт­қан жоқ. Қасымхан, осындай ірі істер мен игі бастамалардың басы-қасын­да жүріп ақындық талантына қай­та шабыт бере түскендей. Бойында­ғы талантын нағыз еңбекпен ұштастыра білген Қасымхандай ақын азамат бүгінгі жастарымызға үлгі болуға тұ­рар­лық қасиетке ие десек артық айтқандығымыз емес.

Қамбар Атабаев, ҚазҰУ-дың әлем тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, тарих ғылымының докторы, деректанушы:
– Қазақтың тарихы ғылымында кенжелеп қалған бір сала болса – ол деректану. Қиындығы көп осы салаға кез келген ғалым мойын бұра бермейді. Ұзақ жылдардан бері деректану бағыттары бойынша азды-көпті еңбек етіп келе жатқандықтан, аталған салаға байланысты көптеген түйінді мәселелер менің жаныма жақын. Жуырда Қасымхан бауырымыздың «Мұстафа Шоқай жолымен» атты деректі фильмін тамашаладым. Мұның алдында ол Жағда Бабалықұлының бар әңгімесін қағазға түсіріп, «Этнографпен әңгіме» кітабын шығарған. Осы еңбектеріне қарап отырып, мен Қасымханның зерттеп, зерделеп жүрген еңбектерін қазақ деректану ғылымын дамытуға серпін беретін жаңаша дүниелер деп бағалаймын. Ақынның бір ғана Мұстафа тақырыбына батыл барып, нақты деректердің ізіне түсіп, архив­термен жұмыс істеуін және ол еңбек­терін ел игілігіне жарата білуін – жан­кештілік деп білемін. Мұндай қа­­дам­дарға тек ұлтын шексіз сүйетін патриот жандар мен елдің сөзін сөйлейтін шынайы ақындар ғана бара алады. Бұл ретте Қасымхан ізденістері­нің жемісін ұлт тарихына үлес болып қалатын сүбелі еңбектер қатарына жат­қызуға әбден болады.

Ақын Қасымхан Бегмановтың өлеңдері орыс, түрік, өзбек, қырғыз, якут, қытай тілдеріне аударылып, мектеп оқушылары­на арналған әдебиет хрестоматияларына, қазақ поэзиясының антологиясына енген. «Мұстафа Шоқай жолымен» атты ұлы тұлғаның жүріп өткен жолдарымен Наршоқы, Ташкент, Қоқан, Ферғана, Самарқан, СанкПетербург, Баку, Тбилиси, Кутаиси, Батуми, Стамбұл, Париж, Но­жансюр Марн, Шелль, Фонтенбло, Берлин тәрізді қалалардың түрлі архивтерінен алынған сирек құжаттар мен нақты фото деректерден тұратын тарихи зерттеу екі томдық кітабы жуырда «Дәстүр» баспасы­нын жарыққа шықты. «Мұстафа Шоқай жолымен» атты көп сериялы деректі фильм түсірген. Белгілі композитор жазу­шы Илья Жақановтың ақын өлеңдеріне жазылған әндерінің тарихы жайлы «Сырлы жүрек пернесі» атты лирикалық эссе кітабы мен шежірелі қарт Жағда Бабалықұлымен сұхбаттаса отырып жазған «Этнографпен әңгіме» атты жинағы да – оқырманнан өз бағасын алған дүниелер. Ақын сондай-ақ, ел ішіне кең тараған көптеген ән-термелер мәтіндерінің авторы. Республикалық Қасым Аманжоловтың 90 жылдығына арналған жыр мүшәйрасының бас жүлдегері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы,  Қазақстан Жастар Одағы, халық­аралық «Алаш» және Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтарының лауреаты Қасымхан Бегманов бүгінде «Дәстүр» танымдық-этнографиялық журналының бас редакторы қызметін атқаруда.
***
Шығармашылық ауанда, еркін диалог түрінде өткізілген әдеби кеш барысында, қазақ эстрадасының жұлдызы Шәба Әденқұлқызы Қасымхан ақынның сөзіне жазылған екі бірдей, «сиясы кеппеген» жаңа әннің тұсауын кесті. Жанды дауыста ән шырқаған әнші Шәбаға жиналған қауым ырзашылықтарын білдіріп, жаңа әндерінің ғұмыры ұзақ болсын деген тілек айтты. Кеш соңында ақын Қасымхан Бегманов оқырмандармен бірге естелік суретке түсіп, қолтаңбасы қойылған кітаптарын студент жастарға үлестіріп берді. Сондай-ақ кездесу барысында өнер көрсеткен дарынды жастарға кеш иесі еліміздің әр өңірінің жас ақындарын қамтыған антологиялық жинақ пен «Мұстафа Шоқай жолымен» деректі фильмінің таспасын және өзі басшылық жасайтын «Дәстүр» журналының жаңа сандарын тарту етті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста