Қасқырдың «некелесу мезетін» көргіңіз келсе, Бурабайға барыңыз!

Қасқырдың «некелесу мезетін» көргіңіз келсе, Бурабайға барыңыз!

Ақмола облысы әкімінің назарына!
Бурабай ауданы әкімінің, сондай-ақ Бурабайдағы хайуанаттар бағы әкімшілігінің назарына!

О заманда бұ заман, қас­қыр­дың «некелесу» мезетін көр­ген жан бар ма? Әрине, құр­метті оқырмандарымыз мұн­дайды көрмеген шығар. Ал біз көрдік. Алда-жалда жол түссе немесе арнайы де­малу үшін Бурабайға ба­ра қалсаңыз, сондағы хай­уанаттар бағына бас сұға ке­тіңіз. Қасқырдың «некелесу ме­зетінен» басқа да небір шы­жықты ақпараттарға сонда «куә» болып, ұяттан кірерге те­с­ік таппай кетеріңіз анық.
Қала көшелеріндегі жарнамаларда кез­десетін қателерге ренжуіміз бекер екен. Бу­рабайдағы хайуанаттар бағының әр аң­ның тұсына ілген тақтайшаларындағы (аң­дардың қысқаша сипаттамасы жазылған – авт) сорақы қателердің жанында жар­намадағы жөнсіз сөздер жіп есе алмайды. Ол қателерді өрескел, сорақы десек, тым жақауратқанымыз болар. Ұлтты мазақ­тау­дың, ана тілімізді қорлаудың масқара мысалы деген әлдеқайда дәлірек.
Бурабайға отбасымен демалуға барған жұрт­тың бала-шағасына көрсететін көп қызығының бірі – хайуанаттар бағы. Өткен жұмада солай қарай біздің де жолымыз түсті. Хайуанаттар бағына кірмес бұрын, алдындағы музейге бас сұқтық. Онда осы өлкеде кездесетін аң мен құстардың ке­ре­мет шеберлікпен жасалған тұлыптарын кө­ріп тәнті боласыз. Айтары жоқ, ғажап ең­бек – келіп көрушілер үшін керемет та­ным­­дық дүние. Одан шыққан соң, сырт­тағы хай­уанаттар бағына аяңдадық. Бірін­ші қо­радағы жабайы ешкілер (тау еш­кісі) екен. Жұрттың қолынан жем жеп үй­реніп қал­ған-ау, жүгіріп келіп торға тұм­сық­тарын тық­палап, бірдеңе дәметіп жат­қа­нын көріп, ба­ла-шаға мәз. Одан әрі кер­бұғы, арқар, «Пржевальский жылқысы» ата­нып кеткен тарпаң, қодас, бір қорада тұр­ған ергежейлі жылқы (пони) мен қара есек, сосын түйеқұс – бәрін білгенімше ба­ла­ма та­ныс­ты­рып келемін. Жануарлардың жем сұрап тор­ға тақау келгенін, шыбындап тұрғанын кө­ріп, балалар риза. Олардың мәз-мейрам қуа­нышымен жүріп, бұл қа­тар­дағы жан­уар­лардың ақпараттық тақ­тай­шаларына мән бермеппін. Тек қыр­ға­уылдың тұсына кел­генде ғана қа­зақ­ша-орысша жазылған тақ­тайшаға кө­зім түсті. Ештеңе түсінбей, қай­та оқуға тура келді. Айна-қатесіз былай деп тұр:
Қырғауыл
Жылысүйгіш құс. Орман әрі бидай мә­дениетімен қоректенеді. Оңтүстікте ме­кендейді. 8-12 жұмыртқа салады, отыр­ғызу уақыты 15-18 күнге созылады.
Кім не түсінді? «Жылысүйгіш құс» де­ген­ді бірдеңе етіп түсінуге болар, ал «ор­ман және бидай мәдениетімен қо­ректенеді» деген ше? Егер бар болса, сон­­дай айрықша мәдениет – рухани азық­пен ғана қоректенетін әулие қырғауыл ма десем, кәдімгі қырғауылдар. Бірақ жұ­мырт­қаларын да 15-18 күн «отырғызады». Таң­данғаннан жағамды ұстап әрі қарай жүр­дім. Сөйтсем, біз кірген хайуанаттар ба­ғының барлық құстары «жұмыртқа отыр­ғызады» екен. Ол-ол ма, тауыстың біз білетін әдемі, көздің жауын алатын құй­рығы құрсақпен ауысып кетіпті. Тақ­тай­шасына былай деп жазып қойған:
Тауыс
Жылысүйгіш құс. Қандай да болсын қо­рекпен тамақтанады. Еркегінде өзіндік сұ­лу құрсағы болады. 8-10 жұмыртқа са­ла­ды. Оны отырғызу уақыты 15-20 күн.
Жылаймыз ба, күлеміз бе? Әрі қарай жүрейік. Ең шыжығы қасқырлар тұрған тордың тақтайшасында жазылыпты.
Қасқыр
Орман-дала аумағында мекендейді. Жас жануарлармен қоректенеді. Некелесу мезеті қаңтар-ақпан айларында болады. 3-6 күшік табады.
Ал керек болса, қасқырлар адам бола бастаған ба әлде хайуанаттар бағының әкім­шілігі қасқырларды «некелестіру» қызметін ашқан ба? Бұл не мазақ?
Оу, Бурабай деген шетелдік туристерді былай қойып, өз еліміздің азаматтары күн сайын ағылып келіп жатқан ең көрікті мекеніміз, мақтанышымыз ғой. Хай­уа­нат­тар бағының басшылығы сонда осында кел­ген әрбір қазақты мазақтап, ана ті­лі­міз­ді қаншалық сорақылықпен қорлап тұр­ғанын білмей ме? Сірә, әкімшіліктерінде сөздің мәнін, аң мен құсқа қатысты қазақтың сөз қолданысын ұғатын бір қазақтың істемейтін болғаны ғой. Егер солай болса, саусақпен санарлық қана аң-құстың сипаттамасын таза қазақша жазатын немесе жазылуын тексертіп алатын адам таппағаны ма? Бірақ бүтін Көкшетаудан сауатты адам таппау мүмкін емес қой.
«Жұлын шашты» тарпаң, «даратұяқты, лақтайтын» арқар
Мұндай қателер басқа аңдардың тақтайшаларында да толып тұр. Мысалға, «Пржевальский жылқысы» деп жазылған тар­паң жылқының тақтайшасында оның жа­лын «жұлын шашы» деп бөссе, шұбар бұ­ғының күйекке түсер мезгілін «қазан айында қу­дала басталады. Ұрғашылары бірінші төлін 2-3 жасында әкеледі» деп қуып кеткен. Ша­масы, қасқырды «некелестірген соң», бұғы­ларды «құдаластырмақ» болған шығар. Ал арқарды «тау қошқарының бір түрі» дегені былай тұрсын, даратұяқтыларға жатқызып қойыпты. Оған қоса, бұл арқарың «қошқардың бір түрі» бола тұра, ешкіге ұқсап «лақтайтын» көрінеді.
Бұл не? Баяғы сол өздері қазақ бола тұра, қа­зақтың тіліне келгенде орысшаның сөзбе-сөз аудармасын жаздырта салатын, еш­қандай ақтауға келмейтін арсыз салғырттық. Одан басқа ештеңе де емес. Әйтпесе хай­уа­нат­тар бағының басшысы да – қазақ. Билет са­татын дүңгіршектің жанында тұрған қыз-келіншектерден: «Хайуанаттар бағының ди­ректоры кім, қазақ па?» деп сұрағанымда қа­зақ бола тұра олар да орысша жауап берді. Атын әлемге әйгілемей-ақ қояйын, өкінішке қа­рай, директоры қазақ екен.

Редакциядан
Жоғарыда айтылған тақтайшалардағы масқара қателерді біз әр қазақтың азаматтық намысын, ұлттық ұжданын мазақтау деп қабылдаймыз. Сондықтан егер бір ай мерзім ішінде түзетілмесе және редакцияға Бурабайға келушілерден кешірім сұраған ресми жауабы берілмесе, тиісті органдарға шағымдану құқығымызды іске асыруға мәжбүрміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста