«Қарқаралы басында»...

«Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады» деп Мағжан ақын жырлағандай, қай заманда да әдебиетке жаңа лепті бір ғана жазушы емес, біртұтас буын алып келеді. Қазақ әдебие­тіне қай заманда, қандай буын, нендей жаңалық алып келгенін айтып жату артық болар, тек 90-жылдардың жөні бөлек. Басты себебі – Тәуелсіздіктің келуі. Алайда осы тұста «Тәуелсіздік келісі­мен тәуелсіз әдебиет тудыра алды ма, олай болса, оның өкіл­дері кімдер?» деген сұрақ туындайды. Күні кеше «Қазақ­фильм» киностудиясының «Кино алаңында» қазақ әдебие­тіне Тәуелсіздікпен бірге келген буын өкілі, бүгінде аты Алашқа әйгілі жазушы Дидар Амантай­дың «Қарқаралы басында» атты проза жинағының тұсауы кесілді.
Аталмыш кітапқа Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романы, «Мен сізді сағынып жүрмін» повесімен қатар 17 но­вел­­­ладан тұратын Post Scriptum әңгіме­лер жинағы және автор қаламынан туған мақа­лалар да еніпті. Айта кетерлігі, бұл жинақ – жалғыз емес, жалғасты, яғни бес томдық­тың ал­ғаш­қысы. Қалған томдарын автор әр жыл сайын біреуден шығарып тұрмақ ниетте.
Әлия БӨПЕЖАНОВА, сыншы:
– Дидарлардың буынын сонау 90-жылдары біздің әдебиетімізге жаңа үнмен келген Тәуелсіздігіміздің қарлы­ғаш­тары деуге болады. Әдетте әдебиет­те әр толқынға белгілі ат қойып алатын әдет бар, сол бойынша поэзиядағы осы Дидармен тұстас Маралтай, Әмірхан­дарды алтын көпір деп жүр. Дидарлар – осы прозадағы сондай қарқынмен келген адуынды буын. Бүгінгі жинағы – Дидардың әдебиетке келгелі көз майын тауыса ізденген еңбегінің нәти­же­сі және бұл оның жетістіктерінің ал­ғаш­қы да, соңғы да баспалдағы емес.
Сатыпалды НАРЫМБЕТОВ, кинорежиссер:
– Қазір оқырман да, жазушы да тірі, бірақ ол екеуі де бұрынғымен тіпті салыс­тыруға келмейтіндей мүлдем өзгеше сипат алған. Қауырт тірлік, жұрт­­тың бәрі асығыс, тіпті ойлануға да уақы­ты жоқ. Соған сай, жазушылар да оқыр­манның деңгейіне қарай бөлініп кетті. біріншісі – өзінің көрген-білгенін қалай бар, солай жаза салатындар, екін­шісі – оқырманмен сырласып отыратындар, ал үшінші бірі элиталық деңгейде жазады. Деңгейі биік, әдебиет жүрегінің түбіне ұялаған осы үшінші топқа мен осы Дидарды жатқы­зар едім. Дидарды оқу үшін үлкен дайындық керек, яғни алдымен жаңа проза деген не, соны білу керек.
Сондай-ақ тағы бір жақсы жетістік – ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов алдағы жылы Дидар Амантай­дың кітабын француз тілінде Париж­де шығармақ ойда екен. Сондай-ақ автордың туындылары бүгінде қытай, неміс, түрік, ағылшын тілдеріне аударылу­да.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста