Қарлығаш Ахметова: Берік анасы кетіп қалған соң мені де үйден қуып жіберді

Қарлығаш Ахметова: Берік анасы кетіп қалған соң мені де үйден қуып жіберді

Берік Тұрсынбековтің жары, актриса Қарлығаш Ахметов отбасы мен өмірі, өнеріндегі жаңалықтары туралы баяндады. Енесі мен жолдасының мінезі жайлы айтып, отбасылық мәселелерді айтып өтті.

 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жұлдыздың жары” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Көпшілікке Кәтәлок атымен танылған актриса Қарлығаш Ахметов бірнеше уақыттан соң шағын сұхбат берді. Өмірдегі жолдасы Берік Тұрсынбековпен қалай танысқаны, оның өмірдегі мінезі туралы сөз етті. Отбасылық кикілжіңдер туралы айта кетті.

 

“Берік екеуміз театрда таныстық. Бастапқыда дос едік. Сырлас едік. Ол маған сезімін білдіріп, үйлену туралы айта бастағанда мен ішек-сілем қатып күлетінмін. Екеуміз мүлде сәйкес келмейміз деп ойладым. Солай жұп болып кеттік. Берік мінезі тұйық адам. Өмірде көп сөйлемейді. Оны елдер ашық мінезді деп ойлайды. Өмірде мүлде басқа адам. Өнердегі Берік мүлде басқа. Бұрынғы Берік мүлде басқа. Мен де сондай шығармын. Бұрынғы Қарлығаш басқа. Келін болып түскен Қарлығаш басқа. Қазір басқамын. Адам уақыт өте келе есейе береді екен”, – дейді актриса.

 

Айтуынша, отбасындағы жанжалды ақылмен шешіп, ұрыстың алдын алуға тырысатын көрінеді. Ал жолдасының мінезі ашушаң болғанымен қайтымы тез дейді ол.

 

“Бірде енем үйден кетем деді. Ауылға барам деп көнбеді. Берік келсін, сосын барасыз деп едім, көнбей қойды. Бір кезде барлық сөмкесін жиып, есіктің алдында тұрып алды. Сол уақытта Берік келіп қалды. “Неге кетесің, үйде бол” десе де, енем көнбеді. Айтқанынан қайтпайтын адам еді. Солай ауылға кетіп қалды. Сосын Берік мені де есіктен шығарып жіберді. Мен сыртта отырдым. Бала-шағамыз өсіп қалған кез. Жаман болдым. Жылап отырдым да, кетем деп ойладым. Сол кезде бірінші рет және соңғы рет кетем деп шештім. Бір кезде періште ой салды ма, әйтеуір ашуымды бастым. Ол ер адам. Анасына деген ренішін менен алған шығар. Анасына ұрса алмаған соң маған ұрысқан шығар дедім. Маған айтпағанда кімге айтады деп өзімді бастым. Солай ішке кірдім. Түк болмағандай сөйлесіп кете бердім. Берік те сөйлеп кетті. Ол тез ашуланғыш болғанымен қайтымы жылдам. Әрі қарай сөйлесіп кеттік”, – деді актриса.

 

Ахметова отбасында ақша таппай қалатын кездер жиі болатынын жасырмайды. Алайда соған қарамастан көмек сұрағандарға қол үшын созудан тартынбаймыз дейді.

 

“Біреуге айтсақ сенбейтін шығар. Бірақ бізде де ақша жоқ кездер болады. Картамызда ақша қалмай қалған кездер болады. Сондай бір күні бір оқырман жағдайын айтып, ақша сұрапты. Картамды қарасам, 2000 теңгем ғана бар екен. Соны жібере салдым. Ол оқырман маған ұзын-сонар етіп жазба жазыпты. Менен үлкен ақша күткен екен. 300 мыңдай сұрапты. Менде ондай ақша болған жоқ. “2000 теңге ғана жіберіпсіз. Мен сізге жағдайымды айтып отырмын” деп ренжіпті. Содан кейін біреуге ақша жіберсем, басқа біреудің атынан жіберетін болдым. Жақсылықты айтпайын десең, ешкімге ештеңе бермейді дейді. Берсең тағы ренжиді”, – деді Қарлығаш ханым.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста