Қарақаттың аты да ерекше, бренд жасауға келіп тұр - Қыдырәлі Болман

Қарақаттың аты да ерекше, бренд жасауға келіп тұр - Қыдырәлі Болман

ҚР статистика комитетінің ресми мәліметінше, елімізде 2019 жылы АХАЖ органдары 139,5 мың некені тіркеген. Алайда сол жылы 59,8 мың отбасы ажырасып кеткен. 11 қыркүйек – Дүниежүзілік әкелер күнін ескере отырып, бірнеше өзекті мәселелерді алға тартып, Қамшы тілшісі алты баланың әкесі, продюсер Қыдырәлі Болмановпен аз-кем тілдескен болатын.

 

– Қазақ отанды сүю отбасынан басталады деп бекер айтпаған. Ойлап қарасам, біз де кішкентай ұл-қызымыздың кішігірім отанымыз. Олар Қарақат екеумізге қарап бой түзейді. Қандай тәрбие бердік, сол ізбенен өмір сүреді. Балаға кішкентайынан көп көңіл бөлу, тәрбиесіне аса мән беру, кішкентайынан әйелдің кім екенін, еркектің кім екенін ұғындырып, түсіндіру маңызды. Есейген баланы тәрбиелеу мүмкін емес өйткені.

 

Балаларыңызға ақыл айтасыз ба?

 

– Әрине. Бірақ ақылды тыңдау бір басқа да, ақылды болу бір бөлек. Үйде аналарына деген менің қарым-қатынасыма қарап, олар да солай болуы керек деп ойланады. “Жақсы сөйле немесе үндеме”. Осы қағиданы жақсы көрем. Ашулансаң шығып кету керек қой (күліп). Ашу – нәпсі. Ер адам өзінің нәпсісін тұздықтай білсе, айтқың келіп тұрған нәрсені айтпай, үндемей қойса, ашуды жеңгені, сабырлы болғаны, ақылды болғаны. Кейде ұлдарыма "Менің анам қайтыс болып кетті, әйтпесе алақанымда салып жүрер ем. Сендердің аналарың бар. Мен оның қорғанымын. Орманда келе жатып, алдымыздан арыстан шықса, артымда Қарақат тұрса, мен қашып кетпей, сол арыстанмен алысамын", – деймін. Балаға түсінікті тілмен түсіндіруге тырысамын.

 

Біз де сондай тәрбие көрдік. Әкеміз көбіне жұмыста, сыртта жүретін. Анамыз сол кісіні бізге үлкен тұлға етіп көрсететін. Осыдан шығатын бір ғана формуланы байқаймыз. Баланың көзқарасында ананың образын қалыптастыратын – әке, әкенің образын қалыптастыратын – ана.

 

- Ал неге біздің елде ажырасу көбейіп кетті деп ойлайсыз?

 

– Себебі бізде ұлттық және отандық отбасы құндылығын насихаттайтын идеология жоқ деуге болады. Бұрындары ұлы-қыздарын кішкентай кезінен атастыратын. Әке-шешесін, шыққан тегін білген соң, сенімсіздік болмайтын. Қазіргілер махаббат деп шырылдайды. Ол кезде де махаббат болған. Жалпы "махаббат" дегеннің өзі біржақты түсінік емес қой... Әжем марқұм "кіммен қарайсаң, сонымен ағар" дейтін. Әрине, қараюдан сақтасын Алла. Бірақ кіммен дос болдың, кіммен отау құрдың, бәрін ойлап, сол асылдарыңды жоғалтып алмау керек қой. Доссыз өмір жоқ, сол сияқты әйелсіз де өмір жоқ. Алған жарыңды бағалап, оның да біреудің мәпелеп өсірген қызы екенін ескере отырып, жан дүниесіне үңіліп, көңіліне кірбің түсірмеуге тырысып өмір сүру керек.

 

Ал біздің елдегі ажырасулар адам бойындағы эгоизмнің кесірінен бола ма дейсің?!. Кеше бір келіншек "негізінде үйленгенде ер адамдар емес, әйел адам таңдайды" деп әңгіме айтып отыр. Ол да бір жаңсақ әрі жақсылыққа апармайтын пікір. Отау құрған екі жас, екеуі – бір адам. Бір-бірін тапқан, бір-бірін түсінген, бір-бірін толықтыратын. Мінсіз ешкім жоқ. Сен таңдадың, мен таңдадым деп сөз таластыру – ақымақтық.

 

Сосын үйленген кейбір жігіттер түзде бір сұлуды көрсе қызығып, көзін сатып қояды. Ажыраспау үшін, өзіңнің жарыңа сондай жағдай жаса. Боянсын, киінсін, жарқырап жүрсін. Сөйт те, өзіңнің келіншегіңе қызығып қара. Қарапайым формула.

 

- Еркек пен әйелдің міндеті не?

 

– Бірін бірі құрметтеу, сыйлау, адал болу. Адалдық пен тазалық бар жерге бақыт ұя салады. Осының барлығын ескеріп, парасатты ғұмыр кешу – екеуінің де міндеті.

 

qamshy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста