“Қарапайым қызды “соска” ету үшін 2 миллион теңге керек” - Диана Қырықбай
Тележүргізуші Диана Қырықбай қарапайым қызды әдемі ету үшін 2 миллион теңге қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Tik Tok желісіндегі парақшасында жариялады.
"Ләйлә Сұлтанқызы сұхбатта маған мынадай сұрақ қойды: "Қарапайым қызды соска, әдемі жасау үшін қанша ақша қажет?" деді.
Мен шамамен есептедім, қазіргі кезде арзан нәрсе жоқ. Екі миллион теңге дедім. Неге? Мысалы, шаштарын бояп жүрген қыздар жақсы біледі. Оған жоқ дегенде 80 мың теңге керек. 80 мыңға әдемі баллая жасайды. Бірақ сен баллаямен тоқтап қалмайсың. Бет күтімдері бар, пласмасасы бар, терапиясы бар. Минимум 30,40 мың кетеді. Айына оны 4-5 рет жасау керек. Әрі қарай косметика сатып аламыз, лазерлік депиляция жасаймыз. Мен базалық күтімді ғана айтып тұрмын. Соның өзіне екі миллион теңге кетіп қалады. Бірақ мен ондай ақшаны құртпаймын. Мен жай, жай жасай бастаған адаммын. Қазір бәрін бартерге жасаймын. Сондықтан "Диана бет күтіміне 2 миллион теңге жұмсайды" дегенді тоқтатыңдар", - деді Диана Қырықбай.