Қанат Әмірханов: Өнердің теңізіне тамшыдай үлесімді қоссам деймін...

Әуелетіп ән салғанда, күмбірлетіп күй тартқанда тыңдарманын елітіп әкететін өнер иелері болады. Әсіресе қанымызға сіңген дәстүрлі өнерді, халықтық ән мен күйді нақышына келтіріп орындайтын өнерпаздарды ұлтын сүйетін әрбір қазақ ерекше құрметтейді. Халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, дәстүрлі ән өнерін дәріптеп жүрген осындай жас дарындардың бірі әнші, сазгер, күйші Қанат Әмірханов. Өнер теңізіне тамшыдай болса да үлесімді қоссам деп қанаты талмай самғап келе жатқан Қанаттың қарапайымдылығы, имандылығы жүзінде тұрады. Таяуда Қанат Әмірханов өзінің шығармашылық кешін өткізбек. Осы орайда «Алаш айнасы» Қанаттың өзімен тілдесіп, өнер иесінің шығармашылық кеші жөнінде кеңінен сұқбаттасқан еді.

– Қанат, біз сіздің қазақ өнеріндегі белгілі тұлға Қайрат Байбосыновтың шәкірті екеніңізді білеміз. Әнші, сазгер ретінде де өнерде өзіндік орныңыз бар. Дегенмен көпшіліке өзіңізді кеңінен таныстыра отырсаңыз.

– Мен Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жанама ауылының тумасымын. Бала кезден өнерге деген құштарлық, әнге, жырға деген құмарлық мені осы өнер әлеміне алып келді. Жанама орта мектебінде оқып, 9-сыныптан кейін 2001 жылы Алматыдағы Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжін дәстүрлі әнші, профессор Қайрат Байбосыновтың класы бойынша бітірдім.Колледж қабырғасында жүргенде алғашқы әндерім дүниеге келді. 2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясын Арқаның әншілік мектебі бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды Алматы қаласындағы №17 мектеп-интернатында музыка және өнер пәндері мұғалімі ретінде бастаған едім. Қазіргі уақытта Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Мәдениеттану» кафедрасында «Дәстүрлі ән» бөлімінің жетекшісі ретінде ұстаздық етіп келемін.
– Қанат, өзің секілді өнерлі жастардың кейбіреуі оқу орнын бітіргеннен кейін өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмай, тіпті өнерден шет қалып та жатады. Әсіресе дәстүрлі өнердің өкілдеріне қазіргі нарық заманында қиын соғып жүргені шындық. Осы тұрғыда не айтар едің?
– Әрине, бұл өте үлкен мәселе. Біздің елімізде музыкалық оқу орындарын, жоғары оқу орындарын бітірген балалардың барлығы бірдей жұмысқа орналасып кете алмайды. Бірен-сараны ғана таныс-тамырларының арқасында жұмыс тапса, кейбір еті тірілері пысықтықтарының арқасында өмірден де, өнерден де өз орындарын тауып жатады. Кейбір сахна үшін жаралған жас өнер иелері мектепте ұстаздық етіп жүріп сол жерде қалып қояды. Сол секілді колледждерде де небір талантты музыканттар сабақ береді. Олардың жалақсы да мәз емес. Өнер иелерінің көпшілігі тұрақты мамандығы бойынша жұмыс таппағаннан кейін жеңіл-желпі әндерді жазып алып, той-томалақ жағалап кетеді. Дегенмен үлкен байқауларда лауреат атанып, көзге түсіп, жұмысқа орналасып жатқан жастар да жоқ емес. Меніңше, өнер саласына бір келген адам қандай жағдайда да өнерден қашықтап кете алмайды.
– Өзің қаржы табу мақсатында тойға арнғалған әндер жазып, тойға шығып көрмедің бе?
– Өз басым осы уақытқа дейін арнайы тойға арналған әндер жазуға тапсырыс алып көрмеппін. Дегенмен тойға шығып жүрген өнер адамдарын түсінуге болады. Олардың арасында тойды да, халықтық өнерді де теңдей алып жүргендері бар. Ертеңін ойлаған, жүрегінде ұлтына деген сүйіспеншілігі бар азаматтар тойдан тапқан қаржысын халықтық, дәстүрлі әндер жазуға жұмсап жүргендерін де көріп жүрміз. Оның үстіне той әндерінің ғұмыры да қысқа келеді ғой. Сондықтан өнер жанашырлары бар жиған-тергенін ертеңі бар әндерге салады.
– Қанат өзің отызға жуық әннің авторы екенсің. Енді осы алдағы өтетін шығармашылық кешің туралы айта отырсаң.
– Мен о баста шығармашылық кешімді университет ішінде өткізуді жоспарлаған едім. Алайда менің алдыңғы буын ағаларым ақын Алмат Исәділ, Дархан Құдайберген сынды азаматтар маған: «Қанат сенің әндеріңді, халыққа танымал Нұрғали Нүсіпжанов, Рамазан Стамғазиев сынды өнер иелері орындайды, сенің әндеріңді сүйіп тыңдайтын тыңдармандарың да көп. Шығармашылық кештің ауқымын кеңейтіп, қара шаңырақ Жазушылар одағында өткізейік» деп қамшы салған соң, тәуекелге бел будық.
– Нұрғали ағамызға әніңізді өзіңіз ұсындыңыз ба?
– «Сағыныш» атты ән дүниеге келгенде құлағымнан Нұрғали ағамның үні кетпей қойды. Ән жазылғаннан кейін алғашында Нұрғали ағаның өзіне тікелей жолығып, әнімді ұсынуға батылым жетпеді, жүрексіндім. Кейіннен Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжінің басшысы Нұрғали ағамыздың қызы Бибігүл апайға жолығып, әнімді Нұрғали ағаға беруін өтіндім. Бибігүл апай жүзі жылы, өте мейірімді жан ғой. Бірнеше күн өткеннен кейін маған Нұрғали ағам өзі хабарласып: «Бауырым әнің тәп-тәуір екен, сен маған кел, екеуміз танысайық, ән туралы өзіңнен сұрайын» деді. Мен қуана-қуана ағама бардым. Сонымен Нұрғали аға менің «Сағыныш» деген әнімді орындап жүр.
– Белгілі әншілердің репертуарына енген әндерің туралы айта кетсең...
Бүгінде менің «Жаса, қазақ елі!», «Күрсінбеші», «Нар тұлға», «Жырым көп менің әлі жазылмаған», «Ата-анам», «Өмір жайлы», «Қыздар-ай!», «Ақ мамық еркем», «Алакөлім», «Сен де мені сағынарсың бір күні», «Сезім» атты тағы басқа әндерім және «Бүлдіршін» атты күйім елімізге белгілі өнер шеберлері мен танымал өнерпаздардың репертуарларына қосылған. «Бүлдіршін» атты күйді өзімнің кішкентай балаларым Нұралы, Рәбия, Мәдинаның тәтті қылықтарына қарап отырып, соларға арнап шығарған едім.
– Қанат, қазіргі таңда әншілер фонограммаға көп сеніп алған секілді. Осы фонограммаға тыйым салынғаны дұрыс па? Аранжировка туралы не айтар едің?
– Бүгінде кез келген жерге барғанда даусың жазылған дискіні сұрайды. Сондықтан фонограмма әншілер үшін өте ыңғайлы. Неге десеңіз кейде адамның көңіл-күйіне байланысты, концерт залдарының акустикасына орай түрлі жағдайлар себеп болып, әншінің бабы болмай қалуы мүмкін. Осындай кезде фонограмма қажет. Дегенмен әрбір әнші кез келген уақытта табиғи дауыста ән салуға дайын болуы керек. Өздеріңізге белгілі, қазіргі кезде аранжировка жасайтын мамандар тапшы бізде. Мықты өңдеушілер өздерінің еңбегі үшін аз ақы алмайды. Ал аз ақшаға олар әрине, ортаңқол өңдеу жасайды.

Сұқбатыңа көп рахмет! Сәттілік тілейміз!

Құрметті өнерсүйер қауым!

2015 жылдың 27 ақпан күні Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер Үйі залында Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, жас талант, дәстүрлі ән өнерінің өкілі, әнші-композитор Қанат ӘМІРХАНОВТЫҢ «Ақ Мамық еркем...»атты шығармашылық кеші өтеді.
Ұлттық нақыштағы сазды әуендер әуелейтін кеш барысында әншінің тұңғыш ән-жинағының тұсауы кесілмек.
Кеш қонақтары:
Нұрғали Нүсіпжанов, Рамазан Стамғазиев сынды қазақ ән өнерінің майталмандары, Талғат Әбуғазы, Нұрлан Албан, Сая Есенгелдинова, Бейбіт Мұсаев, Жігер Бертісов, «Аршын», «Жерұйық» тобы, «Қазақ ұлттық аграрлық университетінің» «Достық» достық би ансамблі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста